Жаңалықтар

Орыс хан

  Ақ Орданың ханы болған. П. Савельев, А. Ю. Якубовский, П. П. Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан - Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды. Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и гузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы - Тоқа Темір - Өз Темір - Қожа Бәдік - Орыс хан) болып саналады. Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі. Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған. Ақ Орданың саяси қауіпсіздігінен үрейленген Әмір-Темір Ақ Орда тағына өзіне етене жақын Тоқтамысты отырғызуға ұмтылған. Осыған байланысты, Ақ Орда мен Алтын Орда арасында қақтығыстар, соғыстар басталды. Орыс хан Ақ Орданың ішкі саясатын Орданы қорғауға бағыттады. Ал Темір өзіне көршілес мемлекеттердің шаруашылық және әскери-саяси жағынан тәуелсіз болғанын қаламады. Осыған орай, XIV ғасырдың екінші жартысында Шығыс Дешті-Қыпшақты, Жетісуды жаулап алу жорықтарын бастады, бұл соғыстар тұрғылықты халықты қатты дүрліктірді. 1374-1375 жылдары Темір Тоқтамысты әскерімен Ақ Ордаға жөнелтті. Қанды шайқас қырғын соғысқа ұласты. Соғыста Орыс ханның ұлы Құтлұқ-Бұқа қаза болды. Бұл соғыстың соңында Тоқтамыс әскері толығымен талқандалды. Тоқтамыс бас сауғалап, тірі қалды. Тағы да әскер жинап, қайта шабуыл жасады, бірақ бұл да сәтсіз болды. 1375-1376 жылдары Орыс хан соғысты түпкілікті аяқтауға бел байлады. Өз әскерін жинап, Алтын Ордаға бет алды. Екі әскер Сығанақ қаласының маңында кездесті. Алайда күннің күрт суытып кеткендігіне байланысты, шайқас болған жоқ. Қарама-қарсы екі жақ мұнымен тынбай, бір жылдан соң қайта кездесті. Соғыстың тура нәтижелері белгісіз. Низам ад-дин Шами мен Шааф ад-дин Әли Иезияның мәліметі бойынша, бұл шайқаста (1376-1377 жж.) Орыс хан қаза болған. Енді бір деректер бойынша, ол 1380-81 жылдары өлген. 1377 жылы Тоқтамыс Ақ Орданың астанасы Сығанақ пен Сауран қалаларын басып алды. Низам ад-дин Шамидің мәліметі бойынша, Сығанақты Тоқтамыс 1378-1379 жылдары жаулап алған екен. Ол мұнымен тынып қоймай, Сарай-Берке мен Еділ бойындағы қалаларды бағындырды. Алтын Орда мен Ақ Орданың көптеген қалалары Тоқтамыстың иелігінде болды. Орыс хан - қазақ хандығының іргетасын қалаушы. Өзара қырқысуларды тоқтатуға белсене ат салысқан. Мемлекет біртұтастығын нығайтуға да зор еңбек сіңірген. Дереккөзі: tarihi-tulgalar.kz  
19.04.2013 10:00 12653

 

Ақ Орданың ханы болған. П. Савельев, А. Ю. Якубовский, П. П. Иванов Натанзияның "Му ин-ад-дин" атты туындысына сүйене отырып, Орыс хан - Шымтай ханның ұлы, Жошы ханның немересі деп санайды. Басқа мәліметтер ("Бахр әл-Аскар", "Таурих-и гузилдайы Нусреатнама") бойынша, Жошы ханның 13-ұлы, Тоқа Темірдің ұрпағы (Жошы - Тоқа Темір - Өз Темір - Қожа Бәдік - Орыс хан) болып саналады.

Орыс хан өз әкесінен кейін, 1361-1362 жылдары Ақ Орда тағына отырды. 1368-1369 жылдары Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласында бақыр ақша шыға бастады. Ақ Орданы Орыс хан өз бетінше басқарды. Низам ад-дин Шамидің мәліметтері және басқа да деректер бойынша, Орыс хан 1376-1377 жылдары қайтыс болған, енді кейбір деректерде 1380 жылға дейін өмір сүрген делінеді. Соңғы деректерге сай, оның бұйрығы бойынша Сарай қаласында шығарылған бақыр ақшалар табылған екен. 1379 жылға қарай Ақ Орда мен Еділ бойындағы қалаларды Тоқтамыстың басқарғаны белгілі.

Орыс хан қашанда саяси жағынан Алтын Ордаға тәуелсіз Ақ Орданы басқаруға ұмтылған екен. Әбдіразақ Самарқанидің мәліметтері бойынша Орыс хан Сырдария өзенінің бойындағы қалалар мен егіншіліктің дамуына үлес қосқан, таққа отырған соң Ақ Ордадағы өзара қырқысуларды тоқтатқан. XIV ғасырдың 70-жылдарының орта шенінде Қажы-Тархан (Астрахан), 1374-1375 жылдары Сарай қаласын бағындырған.

Ақ Орданың саяси қауіпсіздігінен үрейленген Әмір-Темір Ақ Орда тағына өзіне етене жақын Тоқтамысты отырғызуға ұмтылған. Осыған байланысты, Ақ Орда мен Алтын Орда арасында қақтығыстар, соғыстар басталды. Орыс хан Ақ Орданың ішкі саясатын Орданы қорғауға бағыттады. Ал Темір өзіне көршілес мемлекеттердің шаруашылық және әскери-саяси жағынан тәуелсіз болғанын қаламады.

Осыған орай, XIV ғасырдың екінші жартысында Шығыс Дешті-Қыпшақты, Жетісуды жаулап алу жорықтарын бастады, бұл соғыстар тұрғылықты халықты қатты дүрліктірді. 1374-1375 жылдары Темір Тоқтамысты әскерімен Ақ Ордаға жөнелтті. Қанды шайқас қырғын соғысқа ұласты. Соғыста Орыс ханның ұлы Құтлұқ-Бұқа қаза болды. Бұл соғыстың соңында Тоқтамыс әскері толығымен талқандалды. Тоқтамыс бас сауғалап, тірі қалды. Тағы да әскер жинап, қайта шабуыл жасады, бірақ бұл да сәтсіз болды. 1375-1376 жылдары Орыс хан соғысты түпкілікті аяқтауға бел байлады. Өз әскерін жинап, Алтын Ордаға бет алды. Екі әскер Сығанақ қаласының маңында кездесті. Алайда күннің күрт суытып кеткендігіне байланысты, шайқас болған жоқ. Қарама-қарсы екі жақ мұнымен тынбай, бір жылдан соң қайта кездесті. Соғыстың тура нәтижелері белгісіз. Низам ад-дин Шами мен Шааф ад-дин Әли Иезияның мәліметі бойынша, бұл шайқаста (1376-1377 жж.) Орыс хан қаза болған. Енді бір деректер бойынша, ол 1380-81 жылдары өлген.

1377 жылы Тоқтамыс Ақ Орданың астанасы Сығанақ пен Сауран қалаларын басып алды. Низам ад-дин Шамидің мәліметі бойынша, Сығанақты Тоқтамыс 1378-1379 жылдары жаулап алған екен. Ол мұнымен тынып қоймай, Сарай-Берке мен Еділ бойындағы қалаларды бағындырды. Алтын Орда мен Ақ Орданың көптеген қалалары Тоқтамыстың иелігінде болды.

Орыс хан - қазақ хандығының іргетасын қалаушы. Өзара қырқысуларды тоқтатуға белсене ат салысқан. Мемлекет біртұтастығын нығайтуға да зор еңбек сіңірген.

Дереккөзі: tarihi-tulgalar.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға