Әлемдегі ең қарт адам өзінің 116-шы туған күнін атап өтуде
Әлемдегі ең қарт адам - жапониялық Дзироэмон Кимур өзінің 116-шы туған күнін атап өтуде. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері жазуда.
Отбасында туылған күнін атап өтіп жатқан көнекөз қарияны Кетанго қаласының мэрі келіп құттықтаған.
Дзироэмон Кимурдың басты ұстанымы - көп тамақтанбай, ұзақ өмір сүру. Сондай-ақ, ол өзінің ұзақ жасауының сырын салауатты өмір салтын ұстануымен байланыстырады.
Кетанго қаласының 60 мыңға жуық тұрғыны болса, оның ішінде 95 азаматтың жасы 100-ден асқан екен.
Қала билігі шаһар тұрғындарының ұзақ жасаудағы сырын зерттеу мақсатында арнайы жобаны қолға алған көрінеді.
Өткен жылы Жапонияда 50 мың адамның жасы 100 жастан асып жығылғаны туралы ресми ақпарат таратылған еді.
Baq.kz