Жаңалықтар

Қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев $10 млн қаражатын роботтарға жұмсамақшы

Бейсенбі, 18 сәуірде, қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Тель-Авивте өткен баспасөз мәжілісінде Genesis Angels деп аталатын жаһандық венчурлік қор құрғандығы туралы жария етті. Қордың мақсаты – робот құрастыру индустриясы саласындағы әлеуетті технологияларды іздестіріп, қаржыландыру, деп жазады «Форбс» журналы.  «Қордың бастапқы капиталы $10 млн, осы көрсеткіш бойынша ол робототехника индустриясына инвестиция салуға негізделген ірі венчурлік қорлардың алғашқы ондығына кіреді. Қордың орталық кеңсесі Сингапурда тіркелген, оның өкілдігі Қазақстанда, АҚШ-та, Ресей мен Израильде ашылған», - деп мәлім етті Рақышев. Жаңа қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып Израильдің бұрынғы премьері Эхуд Ольмерт сайланған. Израиль тарапынан Рақышевтің бизнес-серіктесі Mobli әлеуметтік фото-видео желісінің негізін қалаушы әрі басшысы Моше Хогег болып отыр. Қор серіктестері аурадып үлгерген бастапқы салым көлеміне қарағанда, олар үшін стратегиялық басымдық мехатроника емес, «жасанды интеллект» саласындағы және роботтардың «миын қалыптастыруға» жарамды ғылыми жетістіктер болып табылатыны анық. Робототехника саласындағы венчурлік қорлардың Топ-10 тізімі: 1. RedZOne Robotics ($25 mln) 2. Grishin Robotics ($25 mln) 3. Aldebaran ($13 mln) 4. Medrobotics ($11.7 mln) 5. Tibion ($10.2 mln) 6. MakerBot Industries ($10 mln) 7. Genesis Angels ($10 mln) 8. Harvest Automation ($7.8 mln) 9. Orbotix ($5 mln) Естеріңізге сала кетейік, Кеңес Рақышев – қазақстандық кәсіпкер, венчурлік инвестор, SAT & Company өнеркәсіптік холдингі директорлар кеңесінің төрағасы, тұңғыш рет NASDAQ жоғары технологиялы биржасына шыққан қазақстандық компания – Net Element директорлар кеңесінің төрағасы, Ресейдегі Fastlane Ventures ірі венчурлік қорының директорлар кеңесінің мүшесі. «Forbes» журналының нұсқауы бойынша Қазақстанның ең бай 50 азаматының тізімінде 225000000$-ға тең дәулетімен 22-орынға орналасқан. Және осы басылымның нұсқауына сәйкес, Қазақстан бойынша ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімінде 12-орында тұр. BNews.kz Фото: Кеңес Рақышев және Эхуд Ольмерт (forbes.kz)
19.04.2013 05:19 5060

Қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев $10 млн қаражатын роботтарға жұмсамақшыБейсенбі, 18 сәуірде, қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Тель-Авивте өткен баспасөз мәжілісінде Genesis Angels деп аталатын жаһандық венчурлік қор құрғандығы туралы жария етті. Қордың мақсаты – робот құрастыру индустриясы саласындағы әлеуетті технологияларды іздестіріп, қаржыландыру, деп жазады «Форбс» журналы. 
«Қордың бастапқы капиталы $10 млн, осы көрсеткіш бойынша ол робототехника индустриясына инвестиция салуға негізделген ірі венчурлік қорлардың алғашқы ондығына кіреді. Қордың орталық кеңсесі Сингапурда тіркелген, оның өкілдігі Қазақстанда, АҚШ-та, Ресей мен Израильде ашылған», - деп мәлім етті Рақышев.
Жаңа қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып Израильдің бұрынғы премьері Эхуд Ольмерт сайланған.
Израиль тарапынан Рақышевтің бизнес-серіктесі Mobli әлеуметтік фото-видео желісінің негізін қалаушы әрі басшысы Моше Хогег болып отыр.
Қор серіктестері аурадып үлгерген бастапқы салым көлеміне қарағанда, олар үшін стратегиялық басымдық мехатроника емес, «жасанды интеллект» саласындағы және роботтардың «миын қалыптастыруға» жарамды ғылыми жетістіктер болып табылатыны анық.

Робототехника саласындағы венчурлік қорлардың Топ-10 тізімі:
1. RedZOne Robotics ($25 mln)
2. Grishin Robotics ($25 mln)
3. Aldebaran ($13 mln)
4. Medrobotics ($11.7 mln)
5. Tibion ($10.2 mln)
6. MakerBot Industries ($10 mln)
7. Genesis Angels ($10 mln)
8. Harvest Automation ($7.8 mln)
9. Orbotix ($5 mln)

Естеріңізге сала кетейік, Кеңес Рақышев – қазақстандық кәсіпкер, венчурлік инвестор, SAT & Company өнеркәсіптік холдингі директорлар кеңесінің төрағасы, тұңғыш рет NASDAQ жоғары технологиялы биржасына шыққан қазақстандық компания – Net Element директорлар кеңесінің төрағасы, Ресейдегі Fastlane Ventures ірі венчурлік қорының директорлар кеңесінің мүшесі. «Forbes» журналының нұсқауы бойынша Қазақстанның ең бай 50 азаматының тізімінде 225000000$-ға тең дәулетімен 22-орынға орналасқан. Және осы басылымның нұсқауына сәйкес, Қазақстан бойынша ең ықпалды 50 бизнесменнің тізімінде 12-орында тұр.

BNews.kz
Фото:
Кеңес Рақышев және Эхуд Ольмерт (forbes.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға