Жаңалықтар

Алматыда математик «EXPO -2017»-ге өзінің инновациялық жобасын ұсынады

Физика-математика факультетінің оқытушысы «жасыл экономика» бойынша инновациялық жоба ойлап тапты. Автор оны «EXPO-2017» көрмесіне ұсынбақшы, деп BNews.kz тілшісіне Қазақ мемлекеттік қыздар университетінен хабарлады. Физика-математика факультетінің оқытушысы техника ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орден иегері Әжімұқан Жамаловтың «Автономды тұтынушылар үшін микрогидроэлектрстанцияларын зерттеу және жасау» атты жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында жеңімпаз атанып, грант ұтып алды. Жоба қазіргі уақытта әлемді толғандырып отырған «жасыл экономика» тақырыбына арналған тың идеядан туындаған. Ғалымның айтуынша, жоба іске асса шағын кәсіпкерлікпен айналысып отырған жеке шаруақожалықтардың электр энергиясына деген мұқтаждықтарын толықтай өтемек. Сондай-ақ, көлемі өте үлкен емес микрогидроэлектрстанция көптеген қарапайым азаматтарға қолжетімді болмақ. www.bnews.kz
19.04.2013 03:08 3024

Алматыда математик «EXPO -2017»-ге өзінің инновациялық жобасын ұсынадыФизика-математика факультетінің оқытушысы «жасыл экономика» бойынша инновациялық жоба ойлап тапты. Автор оны «EXPO-2017» көрмесіне ұсынбақшы, деп BNews.kz тілшісіне Қазақ мемлекеттік қыздар университетінен хабарлады.
Физика-математика факультетінің оқытушысы техника ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орден иегері Әжімұқан Жамаловтың «Автономды тұтынушылар үшін микрогидроэлектрстанцияларын зерттеу және жасау» атты жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2013-2015 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында жеңімпаз атанып, грант ұтып алды.
Жоба қазіргі уақытта әлемді толғандырып отырған «жасыл экономика» тақырыбына арналған тың идеядан туындаған.
Ғалымның айтуынша, жоба іске асса шағын кәсіпкерлікпен айналысып отырған жеке шаруақожалықтардың электр энергиясына деген мұқтаждықтарын толықтай өтемек. Сондай-ақ, көлемі өте үлкен емес микрогидроэлектрстанция көптеген қарапайым азаматтарға қолжетімді болмақ.

www.bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға