Жаңалықтар

Пассионарлық

Лев Николаевич Гумилев еңбектерінің бәрін дерлік көктей өтіп жататын идеялардың бірі – пассионарлық. Әйгілі ғалымның ой-тұжырымы бойынша, адам әрекеті планеталық күш-қуат болып табылады. Сол күш-қуат жердің геологиялық жаңғыруына пара-пар. Яғни, адам (ұлт, халық) қозғалысы­ның күші тектоникалық қозғалыстармен теңдес келеді. Бұл ретте адамның планеталық ауқымдағы әрекеті жанды биосфераның биохимиялық қуатынан бастау алады. Мұнан әрі адамның планеталық ақыл-ойы биосферадан ноосфераға ұласады. Былайша айтқанда, өсімдігі бар, жан-жануарлары бар, адамзаты бар – тіршілік атаулының болмысы планетаның жоғары қабатына айналады. Мұның өзін биология деуге де, социология деуге де болмай­ды. Сірә, географиялық-геологиялық құбылыс десе жобасы келіп қалар. Биосферадағы жанды заттардың биохимиялық қуаты болып табылатын осы құбылысқа космос кеңістігінен құйылатын тегеурінді қуат (сверхэнергия) әсер еткенде Жер бетінде айрықша жаңғыру үрдісі басталады. Адамдарды қозғалысқа келтіріп, олардың ішінен қайрат-жігері тасыған тұлғаларды тарих сахнасына шығартып, одан әрі этникалық жаралымға ұйытқы болатын себеп осы. Яғни, пассионарлық дегеніміз – адамдарды шабыт тұғырына қондыратын биохимиялық қуат. Пассионарлық сөзінің латын тіліндегі “пассио” түбірі “шабыт”, “құлшыныс” (страсть) деген мағына береді. Этногенез мәселесінде пассионарлық идея бойынша, отырықшы – көшпелі, еуропалық – азиялық, орыс-қазақ, француз-американ деп келетін салғастыруларда мән-мағына болмайды. Лев Николаевичтің тұжырымы бойынша, этнологиядағы жалғыз ғана өлшем – пассионарлық қуаттың деңгейі. Демек, озық немесе тозық, мәдениетті немесе жабайы деп келетін кез келген салғастырулар дәстүрлі тарихнамада қателікке ұрындырады. Себебі, этностар ғұмырының әр деңгейде болуы, оған қоса әр түрлі өмір  салт пен әр түрлі шаруашы­лық мәдени типін бастан кешуі әлгіндей салғастырулардың мәнсіздігін зерделетеді. Лев Николаевичтің пайымдауы бойынша, этногенез дегеніміз – этносфера аясындағы этникалық ұжымның жаңарып-жаңғыруы. Ондай жаңарып-жаңғыруларға пассионарлық құбылыс тұғыр болып отырады. Лев Николаевич өзінің пассионарлық идеясы арқылы адам феноменінде әлеуметтік себептен гөрі биосфералық әсердің бел алып жататынын дәлелдеуге күш салды. Сөйтіп, этногенездің пассионарлық теориясын дүниеге келтірді. Бір атап өтетін жағдай, Лев Николаевич пассионарлық идеяны орнықтыру үшін адамзат тарихынан мейлінше мол айғақ-деректерді көлденең тартып отырады. Осы ретте, олар қаншалықты мол болғанымен, мұның өзі адамзат тарихындағы айғақ-деректердің бәрі емес екенінде күмән болмаса керек. Сондай-ақ, Лев Николаевич көлденең тартып отырған айғақ-дәйектер, негізінен пассионарлық идеяға қызмет ететін деректер ғана екені де дау тудырмауға тиіс. Ақселеу Сейдімбек, "Гумилев"
18.04.2013 05:12 8609

Лев Николаевич Гумилев еңбектерінің бәрін дерлік көктей өтіп жататын идеялардың бірі – пассионарлық. Әйгілі ғалымның ой-тұжырымы бойынша, адам әрекеті планеталық күш-қуат болып табылады. Сол күш-қуат жердің геологиялық жаңғыруына пара-пар. Яғни, адам (ұлт, халық) қозғалысы­ның күші тектоникалық қозғалыстармен теңдес келеді. Бұл ретте адамның планеталық ауқымдағы әрекеті жанды биосфераның биохимиялық қуатынан бастау алады. Мұнан әрі адамның планеталық ақыл-ойы биосферадан ноосфераға ұласады. Былайша айтқанда, өсімдігі бар, жан-жануарлары бар, адамзаты бар – тіршілік атаулының болмысы планетаның жоғары қабатына айналады. Мұның өзін биология деуге де, социология деуге де болмай­ды. Сірә, географиялық-геологиялық құбылыс десе жобасы келіп қалар. Биосферадағы жанды заттардың биохимиялық қуаты болып табылатын осы құбылысқа космос кеңістігінен құйылатын тегеурінді қуат (сверхэнергия) әсер еткенде Жер бетінде айрықша жаңғыру үрдісі басталады. Адамдарды қозғалысқа келтіріп, олардың ішінен қайрат-жігері тасыған тұлғаларды тарих сахнасына шығартып, одан әрі этникалық жаралымға ұйытқы болатын себеп осы. Яғни, пассионарлық дегеніміз – адамдарды шабыт тұғырына қондыратын биохимиялық қуат. Пассионарлық сөзінің латын тіліндегі “пассио” түбірі “шабыт”, “құлшыныс” (страсть) деген мағына береді.

Этногенез мәселесінде пассионарлық идея бойынша, отырықшы – көшпелі, еуропалық – азиялық, орыс-қазақ, француз-американ деп келетін салғастыруларда мән-мағына болмайды. Лев Николаевичтің тұжырымы бойынша, этнологиядағы жалғыз ғана өлшем – пассионарлық қуаттың деңгейі. Демек, озық немесе тозық, мәдениетті немесе жабайы деп келетін кез келген салғастырулар дәстүрлі тарихнамада қателікке ұрындырады. Себебі, этностар ғұмырының әр деңгейде болуы, оған қоса әр түрлі өмір  салт пен әр түрлі шаруашы­лық мәдени типін бастан кешуі әлгіндей салғастырулардың мәнсіздігін зерделетеді.

Лев Николаевичтің пайымдауы бойынша, этногенез дегеніміз – этносфера аясындағы этникалық ұжымның жаңарып-жаңғыруы. Ондай жаңарып-жаңғыруларға пассионарлық құбылыс тұғыр болып отырады.

Лев Николаевич өзінің пассионарлық идеясы арқылы адам феноменінде әлеуметтік себептен гөрі биосфералық әсердің бел алып жататынын дәлелдеуге күш салды. Сөйтіп, этногенездің пассионарлық теориясын дүниеге келтірді.

Бір атап өтетін жағдай, Лев Николаевич пассионарлық идеяны орнықтыру үшін адамзат тарихынан мейлінше мол айғақ-деректерді көлденең тартып отырады. Осы ретте, олар қаншалықты мол болғанымен, мұның өзі адамзат тарихындағы айғақ-деректердің бәрі емес екенінде күмән болмаса керек. Сондай-ақ, Лев Николаевич көлденең тартып отырған айғақ-дәйектер, негізінен пассионарлық идеяға қызмет ететін деректер ғана екені де дау тудырмауға тиіс.

Ақселеу Сейдімбек, "Гумилев"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға