Жаңалықтар

Батпаққара көтерілісі

Соңғы редакциялау: 16 қазан 2012 Батпаққара көтерілісі — Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылық саясатына қарсы 1929 ж. 1—9 қарашада болған Қостанай округінің Батпаққара ауданын, ішінара Наурызым, Торғай аудандарының кейбір ауылдарын қамтыған халықтың наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына 1928 жылдың қыркүйек — қараша айларында жүргізілген кәмпескелеу науқаны себеп болды. Қазақ АКСР-і ОАК-нің шешімімен мұнда 16 бай қожалықтары тәркіленді. Осы науқан барысында байлардың отбасыларының, өлкеден шыққан Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Есболовтың, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі   Ә. Жанбосыновтың серіктері мен балаларының әділетсіз қуғындалып, абақтыға жабылуы жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды. Көтеріліс басталған кезде Батпаққараның өзінде ғана РКФСР “Қылмысты істер кодексінің” 58-бабы бойынша “контрреволюционерлер”, “ұлтшылдар”, “алашордашылар” деген айыптармен 50 адам тұтқында отырды. Көтерілісшілердің басты мақсаты — осы адамдарды қамаудан босату болды. Кеңес өкіметі органдарындағы басшы адамдардың озбырлығы, астық дайындау науқандарындағы жүгенсіздіктер, өкіметтің дінге теріс көзқарасы қалыптасқан ахуалды шиеленістіре түсті. Көтерілісшілер “Кеңес өкіметі жойылсын!”, “Алынып қойылған жерлер иелеріне қайтарылсын!”, “Байлардың кәмпескеленген малдары өздеріне қайтарылсын!”, “Хандық жасасын!” деген саяси ұрандар көтерді. 1929 ж. 2 қарашада наразылыққа қатысушылар Батпаққара ауд-ның орталығына басып кірді. Жасырынып үлгермеген аудан басшылары, жергілікті өкімет адамдары тұтқындалды. Жергілікті кеңес, партия, сот, милиция, кооператив, шаруашылық мекемелері орналасқан үйлер өртелді. Көтерілісті ұйымдастыру кезінде Абайділдә Бекжанов, Сейтбек Қалиев, Ахмедия Смағұлов, т.б. белсенділік танытты. Көтерілісшілер қатарында 5 ауылдық кеңес мүшесі, 3 коммунист, 12 комсомол, 2 “Қосшы” одағының төрағалары болды. Көтеріліс басшылары аудандағы барлық ауылдардың өкілдерімен жиналыс өткізіп, ауылдарда “ақсақалдар үштігін” құрды. Оларға әрбір ауылдан 50 жігіттен тұратын сарбаздар жасағын шығару жүктелді. Жалпы саны 1000 адамнан тұратын сарбаздар жасақтау (800-і Батпаққара ауд-ның ауылдарынан, 200-і Наурызым ауд-ның ауылдарынан) көзделді. 300 адамның қатысуымен жергілікті мешітте Омар Бармақовты көтерілісшілер хан көтерді. Батпаққарадан кейін Наурызым ауд-ндағы елді мекендерді, ауылдарды қосып алып, онан соң Торғайға, Қостанайға шабуыл жасау жоспарланды. Алайда жалпы сандары 530 адамға ғана жеткен, өздері “Аңшылар одағы” дүкенінен алынған 75-ке жуық мылтықтармен қаруланған көтерілісшілердің мұндай кең көлемде әскери қимылдар ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмады. Жазалаушы отрядтарға көтерілісшілер қарсылық көрсете алмады. Жазалаушы отряд 200-ге жуық көтерілісшілерді, оның ішінде Бармақовты да тұтқынға алды. ОГПУ “үштігі” Б. к-не байланысты 115 адамды ату жазасына, 170 адамды 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде еңбекпен түзету лагеріне, 28 адамды Қазақстаннан тыс жерлерге 3 жыл мерзімге айдауға кесті, 17 адамды шартты түрде соттады. Т. Омарбеков Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том    
09.11.2012 03:03 6845

Соңғы редакциялау:

16 қазан 2012

Батпаққара көтерілісі — Кеңес өкіметінің зорлық-зомбылық саясатына қарсы 1929 ж. 1—9 қарашада болған Қостанай округінің Батпаққара ауданын, ішінара Наурызым, Торғай аудандарының кейбір ауылдарын қамтыған халықтың наразылық қимылдары. Көтерілістің басталуына 1928 жылдың қыркүйек — қараша айларында жүргізілген кәмпескелеу науқаны себеп болды. Қазақ АКСР-і ОАК-нің шешімімен мұнда 16 бай қожалықтары тәркіленді. Осы науқан барысында байлардың отбасыларының, өлкеден шыққан Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, М. Есболовтың, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі   Ә. Жанбосыновтың серіктері мен балаларының әділетсіз қуғындалып, абақтыға жабылуы жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырды. Көтеріліс басталған кезде Батпаққараның өзінде ғана РКФСР “Қылмысты істер кодексінің” 58-бабы бойынша “контрреволюционерлер”, “ұлтшылдар”, “алашордашылар” деген айыптармен 50 адам тұтқында отырды. Көтерілісшілердің басты мақсаты — осы адамдарды қамаудан босату болды. Кеңес өкіметі органдарындағы басшы адамдардың озбырлығы, астық дайындау науқандарындағы жүгенсіздіктер, өкіметтің дінге теріс көзқарасы қалыптасқан ахуалды шиеленістіре түсті. Көтерілісшілер “Кеңес өкіметі жойылсын!”, “Алынып қойылған жерлер иелеріне қайтарылсын!”, “Байлардың кәмпескеленген малдары өздеріне қайтарылсын!”, “Хандық жасасын!” деген саяси ұрандар көтерді. 1929 ж. 2 қарашада наразылыққа қатысушылар Батпаққара ауд-ның орталығына басып кірді. Жасырынып үлгермеген аудан басшылары, жергілікті өкімет адамдары тұтқындалды. Жергілікті кеңес, партия, сот, милиция, кооператив, шаруашылық мекемелері орналасқан үйлер өртелді. Көтерілісті ұйымдастыру кезінде Абайділдә Бекжанов, Сейтбек Қалиев, Ахмедия Смағұлов, т.б. белсенділік танытты. Көтерілісшілер қатарында 5 ауылдық кеңес мүшесі, 3 коммунист, 12 комсомол, 2 “Қосшы” одағының төрағалары болды. Көтеріліс басшылары аудандағы барлық ауылдардың өкілдерімен жиналыс өткізіп, ауылдарда “ақсақалдар үштігін” құрды. Оларға әрбір ауылдан 50 жігіттен тұратын сарбаздар жасағын шығару жүктелді. Жалпы саны 1000 адамнан тұратын сарбаздар жасақтау (800-і Батпаққара ауд-ның ауылдарынан, 200-і Наурызым ауд-ның ауылдарынан) көзделді. 300 адамның қатысуымен жергілікті мешітте Омар Бармақовты көтерілісшілер хан көтерді. Батпаққарадан кейін Наурызым ауд-ндағы елді мекендерді, ауылдарды қосып алып, онан соң Торғайға, Қостанайға шабуыл жасау жоспарланды. Алайда жалпы сандары 530 адамға ғана жеткен, өздері “Аңшылар одағы” дүкенінен алынған 75-ке жуық мылтықтармен қаруланған көтерілісшілердің мұндай кең көлемде әскери қимылдар ұйымдастыруға мүмкіндіктері болмады. Жазалаушы отрядтарға көтерілісшілер қарсылық көрсете алмады. Жазалаушы отряд 200-ге жуық көтерілісшілерді, оның ішінде Бармақовты да тұтқынға алды. ОГПУ “үштігі” Б. к-не байланысты 115 адамды ату жазасына, 170 адамды 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде еңбекпен түзету лагеріне, 28 адамды Қазақстаннан тыс жерлерге 3 жыл мерзімге айдауға кесті, 17 адамды шартты түрде соттады.

Т. Омарбеков

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға