Жаңалықтар

Мемлекет басшысы облыс әкімінің жұмысына жоғары баға берді

Президент отандық аграрлық сектор біздің еліміздің ең перспективалы салаларының бірі екендігін атап көрсетті. Мемлекеттің ауыл шаруашылығына әрқашан ерекше назар аударатындығы кездейсоқ емес. Фермерлер жанар-жағармай материалдары, тыңайтқыштар мен тұқымдар түрінде көмек көрсетудің куатты қолдауьша ие болуда. Солтүстік Қазақстанның мысалынан мұның бәрі бос сөз емес екендігін айқын сезінуге болады. Мемлекет басшысы облыс әкімінің жұмысына жоғары баға беріп, өңірде агроазық-түліктік бағдарлама және ауылдық аумақтық даму стратегиясы табысты жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. Егін бітік өсірілді. Егіншілікті жаңа жағдайға көшіру жүзеге асырылуда, астық өндірісі жетілдірілуде, малдың гендік қоры жақсаруда. Агроазық-түліктік бағдарламаны жүзеге асырудың үш жылы ішінде облыс үшін республикалық бюджеттен 14,4 миллиард теңге бөлінді. Өңірге ірі әлемдік фирмалардың сомасы 33 миллиард теңгеден асатын үш мыңнан астам осы заманғы жоғары өнімді техникалары сатып әкелінді. Елбасы одан кейін Қызылжар орталық мешітіне барды. Оның салыну тарихы қызық. Президенпің бұл өңірге бұрынғы сапарлары барысында халық осында өмір сүріп жатқан мұсылмандар санына сәйкес облыс орталығында мешіт салуға көмектесуін сұраған болаттын. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Сұлтан бен Абдел-Азизге өтініш білдірді. Соның нәтижесінде біздің республиканың басшысы мен король мұрагерінің бірлескен сыйлығы ретінде салынған, бір мезгілде 750 дінге сенушілер сиятын ғибадатхана нысаны бой көтерді. Діндарларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы біздің зайырлы мемлекет адамдарға өздерінің рухани қайнарларына оралуға көмектесетінін атап айтты. Соңғы жылдары Қазақстанда екі мыңнан астам мешіт салынды. Президенттің сөзі бойынша ислам лаңкестікті мойындамайды, керісінше Құранда барлық діни сенімдердің өкілдеріне төзімдік туралы айтылған. Бұл мағынада Қызылжар орталық мешіті Қазақстан халықгарының бірлігін насихаттайды. Президент содан кейін православиелік шіркеуте барды. Петропавлдағы шіркеу оны салтанатты ән айтуымен және қоңырау үнімен қарсы алды. Ғимаратты аралаған және жиналған халықпен сәлемдескен соң Нұрсұлтан Әбішұлы 2005 жылы мұсылман мешіті мен православиелік шіркеудің бір күнде айналғанын еске алды. Мұның терең мағынасы бар. Қазақстанда әлемдегі барлық діндердің өкілдері өмір сүргенмен, діни негізде жаулық жоқ. Республиканың көпұлтты, көпконфессиялы халқына әрқашан ерекше төзімділік, өзара құрмет пен өзара қолдаудың жоғары рухы тән. Осының нәтижесінде еліміз экономикада, саясатта және әлеуметтік салада үлкен жетістіктерге қол жеткізді.
18.04.2013 04:50 2686

Президент отандық аграрлық сектор біздің еліміздің ең перспективалы салаларының бірі екендігін атап көрсетті. Мемлекеттің ауыл шаруашылығына әрқашан ерекше назар аударатындығы кездейсоқ емес. Фермерлер жанар-жағармай материалдары, тыңайтқыштар мен тұқымдар түрінде көмек көрсетудің куатты қолдауьша ие болуда. Солтүстік Қазақстанның мысалынан мұның бәрі бос сөз емес екендігін айқын сезінуге болады.

Мемлекет басшысы облыс әкімінің жұмысына жоғары баға беріп, өңірде агроазық-түліктік бағдарлама және ауылдық аумақтық даму стратегиясы табысты жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті. Егін бітік өсірілді. Егіншілікті жаңа жағдайға көшіру жүзеге асырылуда, астық өндірісі жетілдірілуде, малдың гендік қоры жақсаруда. Агроазық-түліктік бағдарламаны жүзеге асырудың үш жылы ішінде облыс үшін республикалық бюджеттен 14,4 миллиард теңге бөлінді. Өңірге ірі әлемдік фирмалардың сомасы 33 миллиард теңгеден асатын үш мыңнан астам осы заманғы жоғары өнімді техникалары сатып әкелінді.

Елбасы одан кейін Қызылжар орталық мешітіне барды. Оның салыну тарихы қызық. Президенпің бұл өңірге бұрынғы сапарлары барысында халық осында өмір сүріп жатқан мұсылмандар санына сәйкес облыс орталығында мешіт салуға көмектесуін сұраған болаттын. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Сұлтан бен Абдел-Азизге өтініш білдірді. Соның нәтижесінде біздің республиканың басшысы мен король мұрагерінің бірлескен сыйлығы ретінде салынған, бір мезгілде 750 дінге сенушілер сиятын ғибадатхана нысаны бой көтерді.

Діндарларға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы біздің зайырлы мемлекет адамдарға өздерінің рухани қайнарларына оралуға көмектесетінін атап айтты. Соңғы жылдары Қазақстанда екі мыңнан астам мешіт салынды. Президенттің сөзі бойынша ислам лаңкестікті мойындамайды, керісінше Құранда барлық діни сенімдердің өкілдеріне төзімдік туралы айтылған. Бұл мағынада Қызылжар орталық мешіті Қазақстан халықгарының бірлігін насихаттайды.

Президент содан кейін православиелік шіркеуте барды. Петропавлдағы шіркеу оны салтанатты ән айтуымен және қоңырау үнімен қарсы алды. Ғимаратты аралаған және жиналған халықпен сәлемдескен соң Нұрсұлтан Әбішұлы 2005 жылы мұсылман мешіті мен православиелік шіркеудің бір күнде айналғанын еске алды. Мұның терең мағынасы бар. Қазақстанда әлемдегі барлық діндердің өкілдері өмір сүргенмен, діни негізде жаулық жоқ. Республиканың көпұлтты, көпконфессиялы халқына әрқашан ерекше төзімділік, өзара құрмет пен өзара қолдаудың жоғары рухы тән. Осының нәтижесінде еліміз экономикада, саясатта және әлеуметтік салада үлкен жетістіктерге қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға