Жаңалықтар

Елбасының 2006 жылғы СҚО-ға іс-сапары

2006 жылғы 5-6 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысында іс-сапарда болды. Мемлекет басшысы, ең алдымен, Тайынша қаласына келді, мұнда "Биохим" өндірістік кешені іске қосылды. Бұл зауыт ашылғанға дейін-ақ XXI ғасырдың кластері атауына ие болды. Жоба рекордтық қысқа мерзімде, бар жоғы он үш айда жүзеге асырылды. Жергілікті билік өкілдері кешен құрылысының барысын үнемі назарда үстап, туындаған мәселелерді жедел шешіп отырды. Мәселен, негізгі өнім — биоэтанол өндірісінің міндетті шарты — нысанды үздіксіз таза сумен жабдықтау болып табылады. Тайынша қаласына су құбыры 2006 жылдың басында тартылады деп болжанған еді, алайда зауытты салу қарқыны бұл жоспарға түзету енгізуді талап етті. Қаржылық жылдың орта тұсында солтүстікқазақстандықтар өздерінің талаптарының негізді екендіктерін дәлелдей алған соң Үкімет облысқа 46 шақырымдық су құбырын салуға қаржы бөлді. Сөйтіп жаңа жыл мерекесі қарсаңында кәсіпорынға су келді. Президент өндіріс цехтарымен ықыласпен танысты. Ол шынында да бірегей, мұндай кәсіпорын Қазақстанда да, ТМД-ның басқа елдерінде де жоқ. Осындай өндіріске қажеттілік жыл өткен сайын өткір бола түскен еді. Өйткені биоэтанол таза, іс жүзінде судан толық тазартылған этил спирті, ол отындық жоғары октанды қосымша ретінде бензинге пайдаланылады. Биоэтанол бензиннің октандық санын көтереді және бір мезгілде ауаға зиянды қалдықтарды шығаруды азайтады. Еуропаның көптеген елдеріндегі автомобильдердің 50 және одан көп пайызы осы биоэтанолды пайдаланады. Мамандар жобаның бес жыл ішінде өзін-өзі ақтайтынына сенімді. Өздеріңіз ойлап қараңыздар: егер 3,8 тонна сұрыпталған бидай үшін өндіруші ең көп дегенде 380 доллар алса, енді кез келген сападағы осындай мөлшердегі бидайды толық өңцеу нәтижесінде алынған өнімнен зауытқа төрт есе көп ақша түседі. Кәсіпорын биоэтанолдан басқа тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие ақуыз және терең өңделген көмірқышқыл газ шығарады. Ал ұн тарту қалдығынан тамаша құнарландырылған уыздық жемазық алынады, ол мал шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін маңызды. Зауыттың іске қосылу салтанатында халық алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: "Аграрлық өндірісті индустрияландыру жөніндегі осы тектес үздік жобаларды жүргізу, ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және өңдеу саласындағы кластерлік бастамаларды жүзеге асыру әлемдік рыноктағы бәсекеге кдбілетті өнімді жасауға мүмкіндік туғызатынына сенімдімін".
18.04.2013 04:48 3295

2006 жылғы 5-6 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысында іс-сапарда болды.

Мемлекет басшысы, ең алдымен, Тайынша қаласына келді, мұнда "Биохим" өндірістік кешені іске қосылды. Бұл зауыт ашылғанға дейін-ақ XXI ғасырдың кластері атауына ие болды. Жоба рекордтық қысқа мерзімде, бар жоғы он үш айда жүзеге асырылды.

Жергілікті билік өкілдері кешен құрылысының барысын үнемі назарда үстап, туындаған мәселелерді жедел шешіп отырды. Мәселен, негізгі өнім — биоэтанол өндірісінің міндетті шарты — нысанды үздіксіз таза сумен жабдықтау болып табылады. Тайынша қаласына су құбыры 2006 жылдың басында тартылады деп болжанған еді, алайда зауытты салу қарқыны бұл жоспарға түзету енгізуді талап етті. Қаржылық жылдың орта тұсында солтүстікқазақстандықтар өздерінің талаптарының негізді екендіктерін дәлелдей алған соң Үкімет облысқа 46 шақырымдық су құбырын салуға қаржы бөлді. Сөйтіп жаңа жыл мерекесі қарсаңында кәсіпорынға су келді.

Президент өндіріс цехтарымен ықыласпен танысты. Ол шынында да бірегей, мұндай кәсіпорын Қазақстанда да, ТМД-ның басқа елдерінде де жоқ. Осындай өндіріске қажеттілік жыл өткен сайын өткір бола түскен еді. Өйткені биоэтанол таза, іс жүзінде судан толық тазартылған этил спирті, ол отындық жоғары октанды қосымша ретінде бензинге пайдаланылады. Биоэтанол бензиннің октандық санын көтереді және бір мезгілде ауаға зиянды қалдықтарды шығаруды азайтады. Еуропаның көптеген елдеріндегі автомобильдердің 50 және одан көп пайызы осы биоэтанолды пайдаланады.

Мамандар жобаның бес жыл ішінде өзін-өзі ақтайтынына сенімді. Өздеріңіз ойлап қараңыздар: егер 3,8 тонна сұрыпталған бидай үшін өндіруші ең көп дегенде 380 доллар алса, енді кез келген сападағы осындай мөлшердегі бидайды толық өңцеу нәтижесінде алынған өнімнен зауытқа төрт есе көп ақша түседі.

Кәсіпорын биоэтанолдан басқа тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие ақуыз және терең өңделген көмірқышқыл газ шығарады. Ал ұн тарту қалдығынан тамаша құнарландырылған уыздық жемазық алынады, ол мал шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін маңызды.

Зауыттың іске қосылу салтанатында халық алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: "Аграрлық өндірісті индустрияландыру жөніндегі осы тектес үздік жобаларды жүргізу, ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және өңдеу саласындағы кластерлік бастамаларды жүзеге асыру әлемдік рыноктағы бәсекеге кдбілетті өнімді жасауға мүмкіндік туғызатынына сенімдімін".

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға