Жаңалықтар

Денсаулық — басты байлық. Шекаралық ынтымақтастықтың көкжиектері

Денсаулық — басты байлық Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында көрсетілгендей, біздің елде адамдардың денсаулығын сақтау маңызды мемлекеттік қамқорлыққа алынған. Нақ сондықтан Солтүстік Қазақстанда осы заманғы әлеуметтік саланы реформалау және дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру екпінді жүргізілуде. Мәселен, 2006 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 9,3 миллиард теңге болды, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп. Бұл қаржының ауқымды бөлігі осы заманғы қондырғылар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жұмсалды. Медициналық мекемелер барлық қажетті, оның ішінде өте қымбат препараттармен толық қамтамасыз етілген. 2005 жылы облыстық онкологиялық диспансер үшін кең қосымша құрылыстары бар бес қабатты корпус салынды, сөйтіп оның мамандарына тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін жағдай жасалды. Пайдалануға берілген облыстық тубдиспансердің жаңа корпусы ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Оны жоспарлау мен әрлеу жұмыстарын сәулетшілер мен құрылысшылар емделушілерге қолайлы жағдайды қалай қамтамасыз етуді жақсы білетін дәрігерлердің ұсыныстарын ескере  отырып жүргізді. Диспансердегі палаталар барынша қолайлы, бір және екі орынды. Табиғаты әсем аққайыңды орман маңына салынған Бескөл аудандық ауруханасы жанында оңалту орталығы іске қосылды. Қазір республикалық бюджет қаржысы есебінен Ақжар ауданының Талшық селосында емханасы бар 100 орындық аудандық орталық аурухана салынуда, Булаево қаласында туберкулезге қарсы диспансердің ғимараты пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен 2006 жылы 44 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл мақсатқа 391,3 миллион теңге бөлінді. Айыртау, Ақжар, Аққайың және Тимирязев аудандарында төрт фельдшерлік-акушерлік пункттер іске қосылды. Ақжар ауданының Ленинград селосында туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы және Жамбыл ауданының Благовещенка селосындағы бұрынғы аудандық орталық аурухананы қалпына келтіру жалғасуда. Денсаулық сақтауды дамыту және реформалау бағдарламаларын табысты жүзеге асыру саланы дамыту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді, тұрғындардың денсаулығын қорғау саласындағы жұмыстардың дұрыстығын және тиімділігін дәлелдейді. Шекаралық ынтымақтастықтың көкжиектері Солтүстік Қазақстан тұрғындары үшін Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен жан-жақты қатынастарды дамыту ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып табылады. Ресейдің шекаралас аумақтарымен берік және сенімді серіктестік байланыстардың болуы олардың мүдделеріне сәйкес келетінін бәрі жақсы түсінеді. Мұны көп жылдар бойы Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып істеген және өзінің тәжірибесінде Қазақстан-Ресей жан-жақты ынтымақтастығын дамыту қажеттігіне көзі жеткен өңір басшысы Тайыр Мансұров айқын біледі. Қазақстан мен Ресей арасында әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстар сақталуда және нығайтылуда. Қазақстан Президенті 2005 жылғы 25 ақпанда Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің барельефін ашуға арналған митингіде сөйлеген сөзінде екі мәдениеттің әйгілі қайраткерлерінің достығы Қазақстан мен Ресей халықгарына тән достық қатынастың үлгісі болып табылатынын атап көрсетті. 2005 жылғы мамыр айында Челябі қаласындағы кездесуі барысында екі елдің көшбастаушылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ынтымақтастықты, оның ішінде шекаралық қарым-қатынасты одан әрі ұлғайту қажеттігі туралы ұзақ және егжей-тегжейлі айтты. Облыс басшылығы Ресейдің көршілес өңірлерінің жетекшілерімен белсенді қатынас орнатқан. Бүгіндері Солтүстік Қазақстан Ресейдің шекаралас үш – Омбы, Түмен және Қорған облыстарының барлығымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салаларда ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған. Бұл келісімдер негізінде шаруашылық, мәдени және гуманитарлық байланыстар дамуда және нығаюда. Шекаралық өзара іс-әрекет мәселелерін тез және тиімді шешуге Тайыр Мансұровтың өзінің әріптес-губернаторларымен белсенді байланыстары мен жүйелі кездесулері ықпал етуде. Мәселен, көп жылдар бойы Петропавл мен Омбы арасында тура темір жол қатынасы болмай келген еді. Жолаушылар шекарадағы Есілкөл станциясында басқа поезға отырып, әуре-сарсаңға түсетін. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаевпен келісімі бойынша бұл мәселе шешілді, енді Омбы-Петропавл-Омбы бағыты бойынша аптасына төрт рет жаңа электр поезы қатынайды. Түмен облыстық клиникалық ауруханасымен тұрақты ынтымақтастық орнатылған, 2004 жылдан бастап ресейлік кардиологтар туа біткен жүрек ақауы бар 214 солтүстікқазақстандық сәбилерге ота жасады. Солтүстік Қазақстанның театр труппалары Ресейдің көршілес облыстарына жиі гастрольге барып тұрады. Өз кезегінде біздің облысқа "шығармашылық" есептерімен Омбының, Қорған мен Түменнің театрлары келеді. Бұл екі ел азаматтарының рухани сұранымдарына сәйкес келетін өңірдегі мәдени құндылықтардың өзара байыту процесін жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша Тайыр Мансұров Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужковпен сауда-экономикалық ынтымақгастық туралы келісімге қол қойды. Солтүстік Қазақстанның аграрлық кәсіпорындары жыл сайын 350 мың тонна жоғары сапалы бидай жеткізеді. Мәскеудің машина жасау кәсіпорындары Солтүстік Қазақстанда өздерінің өндірісін өрістетуге мүдделілік танытуда. Қазір "ПЗТМ" АҚ-ында ресейлік "ЗИЛ-5301" ("Бычок") автомобилін құрастыру мәселесі қарастырылу үстінде. Әлеуметтік-мәдени саладағы серіктестік туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл солтүстік-қазақстандық мамандарға әлемдегі ең ірі ғылым, денсаулық сақтау және мәдениет орталығы болып табылатын Ресей астанасының әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді. 2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, ал Ресейде Абай жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығы күні Петропавл қаласында "Абай мен Пушкин" мүсіндік композициясы ашылды. Бұл монумент екі ұлы халықтың мызғымас достығының символына айналды.
18.04.2013 04:46 3571

Денсаулық — басты байлық

Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында көрсетілгендей, біздің елде адамдардың денсаулығын сақтау маңызды мемлекеттік қамқорлыққа алынған. Нақ сондықтан Солтүстік Қазақстанда осы заманғы әлеуметтік саланы реформалау және дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру екпінді жүргізілуде. Мәселен, 2006 жылы денсаулық сақтау саласының бюджеті 9,3 миллиард теңге болды, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 22 пайызға көп. Бұл қаржының ауқымды бөлігі осы заманғы қондырғылар мен дәрі-дәрмектер сатып алуға жұмсалды. Медициналық мекемелер барлық қажетті, оның ішінде өте қымбат препараттармен толық қамтамасыз етілген.

2005 жылы облыстық онкологиялық диспансер үшін кең қосымша құрылыстары бар бес қабатты корпус салынды, сөйтіп оның мамандарына тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін жағдай жасалды. Пайдалануға берілген облыстық тубдиспансердің жаңа корпусы ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Оны жоспарлау мен әрлеу жұмыстарын сәулетшілер мен құрылысшылар емделушілерге қолайлы жағдайды қалай қамтамасыз етуді жақсы білетін дәрігерлердің ұсыныстарын ескере  отырып жүргізді. Диспансердегі палаталар барынша қолайлы, бір және екі орынды. Табиғаты әсем аққайыңды орман маңына салынған Бескөл аудандық ауруханасы жанында оңалту орталығы іске қосылды.

Қазір республикалық бюджет қаржысы есебінен Ақжар ауданының Талшық селосында емханасы бар 100 орындық аудандық орталық аурухана салынуда, Булаево қаласында туберкулезге қарсы диспансердің ғимараты пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен 2006 жылы 44 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өткізілді. Бұл мақсатқа 391,3 миллион теңге бөлінді. Айыртау, Ақжар, Аққайың және Тимирязев аудандарында төрт фельдшерлік-акушерлік пункттер іске қосылды. Ақжар ауданының Ленинград селосында туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы және Жамбыл ауданының Благовещенка селосындағы бұрынғы аудандық орталық аурухананы қалпына келтіру жалғасуда.

Денсаулық сақтауды дамыту және реформалау бағдарламаларын табысты жүзеге асыру саланы дамыту қарқынын жеделдетуге мүмкіндік берді, тұрғындардың денсаулығын қорғау саласындағы жұмыстардың дұрыстығын және тиімділігін дәлелдейді.

Шекаралық ынтымақтастықтың көкжиектері

Солтүстік Қазақстан тұрғындары үшін Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен жан-жақты қатынастарды дамыту ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі болып табылады. Ресейдің шекаралас аумақтарымен берік және сенімді серіктестік байланыстардың болуы олардың мүдделеріне сәйкес келетінін бәрі жақсы түсінеді. Мұны көп жылдар бойы Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып істеген және өзінің тәжірибесінде Қазақстан-Ресей жан-жақты ынтымақтастығын дамыту қажеттігіне көзі жеткен өңір басшысы Тайыр Мансұров айқын біледі.

Қазақстан мен Ресей арасында әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстар сақталуда және нығайтылуда. Қазақстан Президенті 2005 жылғы 25 ақпанда Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің барельефін ашуға арналған митингіде сөйлеген сөзінде екі мәдениеттің әйгілі қайраткерлерінің достығы Қазақстан мен Ресей халықгарына тән достық қатынастың үлгісі болып табылатынын атап көрсетті. 2005 жылғы мамыр айында Челябі қаласындағы кездесуі барысында екі елдің көшбастаушылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ынтымақтастықты, оның ішінде шекаралық қарым-қатынасты одан әрі ұлғайту қажеттігі туралы ұзақ және егжей-тегжейлі айтты.

Облыс басшылығы Ресейдің көршілес өңірлерінің жетекшілерімен белсенді қатынас орнатқан. Бүгіндері Солтүстік Қазақстан Ресейдің шекаралас үш – Омбы, Түмен және Қорған облыстарының барлығымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, мәдени және басқа да салаларда ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған. Бұл келісімдер негізінде шаруашылық, мәдени және гуманитарлық байланыстар дамуда және нығаюда.

Шекаралық өзара іс-әрекет мәселелерін тез және тиімді шешуге Тайыр Мансұровтың өзінің әріптес-губернаторларымен белсенді байланыстары мен жүйелі кездесулері ықпал етуде. Мәселен, көп жылдар бойы Петропавл мен Омбы арасында тура темір жол қатынасы болмай келген еді. Жолаушылар шекарадағы Есілкөл станциясында басқа поезға отырып, әуре-сарсаңға түсетін. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Омбы облысының губернаторы Леонид Полежаевпен келісімі бойынша бұл мәселе шешілді, енді Омбы-Петропавл-Омбы бағыты бойынша аптасына төрт рет жаңа электр поезы қатынайды.

Түмен облыстық клиникалық ауруханасымен тұрақты ынтымақтастық орнатылған, 2004 жылдан бастап ресейлік кардиологтар туа біткен жүрек ақауы бар 214 солтүстікқазақстандық сәбилерге ота жасады.

Солтүстік Қазақстанның театр труппалары Ресейдің көршілес облыстарына жиі гастрольге барып тұрады. Өз кезегінде біздің облысқа "шығармашылық" есептерімен Омбының, Қорған мен Түменнің театрлары келеді. Бұл екі ел азаматтарының рухани сұранымдарына сәйкес келетін өңірдегі мәдени құндылықтардың өзара байыту процесін жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсыруы бойынша Тайыр Мансұров Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужковпен сауда-экономикалық ынтымақгастық туралы келісімге қол қойды. Солтүстік Қазақстанның аграрлық кәсіпорындары жыл сайын 350 мың тонна жоғары сапалы бидай жеткізеді. Мәскеудің машина жасау кәсіпорындары Солтүстік Қазақстанда өздерінің өндірісін өрістетуге мүдделілік танытуда. Қазір "ПЗТМ" АҚ-ында ресейлік "ЗИЛ-5301" ("Бычок") автомобилін құрастыру мәселесі қарастырылу үстінде. Әлеуметтік-мәдени саладағы серіктестік туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл солтүстік-қазақстандық мамандарға әлемдегі ең ірі ғылым, денсаулық сақтау және мәдениет орталығы болып табылатын Ресей астанасының әлеуетін пайдалануға мүмкіндік береді.

2006 жыл Қазақстанда Пушкин жылы, ал Ресейде Абай жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығы күні Петропавл қаласында "Абай мен Пушкин" мүсіндік композициясы ашылды. Бұл монумент екі ұлы халықтың мызғымас достығының символына айналды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға