Той үстінде атылған оқ жолаушылар ұшағына тиді
18.04.2013 04:44
2964
Абырой болғанда ұшақ аман-есен жерге қонды.
Әуежайдың өкілі хабарлағандай, ұшаққа әуежайдан алыс емес жерде өткен той барысында атылған дәстүрлі мерекелік оқтардың бірі тиген болуы ықтимал. Бұл туралы Утро.ру мәлімдеп отыр.
Барлық жолаушылар дін аман. Керосин құйылған бакқа оқ тимеген. Әуежай әдеттегі тәртіпте қызмет көрсетуде. Аталмыш жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында ұшаққа тиген оқтың кездейсоқ болғаны, не болмағаны анықталатын болады.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жоғары білім: "жиынтығында" және шын мәнінде