Жаңалықтар

1968-1990 ж.ж.

Солтүстік Қазақстан облысынан суперлигадағы командалар арасында футбол клубынан "Есіл-Богатырь", баскетболдан "Барыс" және волейболдан "Есіл-ПЗТМ" командалары еліміздің чемпионаттарына қатысуда. 1968 жылы В.В. Куйбышев атындағы машина жасау заводының дене тәрбиесі ұжымынан "Авангард" футбол командасы құрылған болатын. Олар өз өнерлерін көрсетуді КСРО чемпионатының "Б" тобында қазақстандық аймақтағы жарыстардан бастады. 1970 жылы клуб "Металлист" деген жаңа атауын алып, чемпионатқа қатысқан 16 команданың ішінде тоғызыншы орынды еншіледі. 1971 жылғы маусымда бұдан да жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға шықты. Келесі маусымда екінші лигаға жолдама алуды мақсат тұтты. Бірақ тап сол кезде футболда қайта ұйымдастыру басталды да "Б" сыныбы қысқартылды Сөйтіп, "Металлиске" дене тәрбиесі ұжымына қайта оралуға тура келді. Тек 1979 жылы ғана петропавлдық жанкүйерлер екінші лигадағы команда шеберлерінің жарысын қайта тамашалады. Бұл деңгейде "Авангард" барлығы 10 маусымды өткізіп, КСРО және лиганың өзі ыдырағанға дейін ойнады. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Қазақстан ұлттык чемпионатын өткізу басталды. Петропавлдық клуб 1992 жылғы маусымды ҚР чемпионатының жоғары лигасында өткізіп, тек 19-шы орынды еншіледі. Бұл сәтсіздік Петропавлды жеті жылға дейін үлкен футболсыз қалдырды. Қазақстанның жоғары футбол дивизионына қайтып оралудың сәті 1999 жылы түсті. Бұл маусым өте табысты болды — күміс медаль жеңіп алынды. Команда өз алаңында бірде-бір рет ұтылған жоқ. Чемпионат матчындағы ең көп келушілер оның өз алаңында павлодарлық "Ертіс" командасымен кездесуінде болды — трибунаға 12000 көрермен жиналды. Шабуылшы Игорь Авдеев еліміздің үздік футболшысы болып танылды, ал А.Фамильцев, Н.Мырзабаев мен С.Калабухин сынды ойыншылар чемпионаттағы таңдаулы 22 ойыншының тізіміне енді. 2000 жылғы маусымда петропавлдықтар астаналық "Жеңістен" қосымша "алтын матчта" ғана ұтылып, тағы да күміс жүлдені жеңіп алды. 2001 жыл есілдіктерге қола медаль әкелді. Бұл қазіргі белгілі жаттықтырушы Дмитрий Огаидың қалыптасу кезеңі болды. Ал футболшылар А.Кучерявых, С.Калабухин, В.Колода, С.Мазур, С.Тимофеев, В.Байрамов, И.Брикайло, Р.Гумар, Р.Балтиев, О.Чухлеба және басқа да былғары доп шеберлері жанкүйерлерді өз ойындарымен қуантты. Кейінгі жылдарда "есілдіктер" ұдайы Қазақстандағы таңдаулы командалардың бестігіне кірді. "Есіл-Богатырь" супер лигада барлығы 253 кездесу өткізді, соның 133-ін жеңіспен аяқтады. Өткізген және кіргізген доп айырмашылығы 129. Бұл Петропавл командасына барлық республика чемпионатының құрама кестесіне енген 37 клубтың ішінен қүрметті 12-ші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Солтүстік Қазақстанда баскетболға қүмарлар да көп. Бұл спорттың ойын түріне Петропавл педагогика институтының базасында құрылған команда қатысады. Алғашқы бетте ол "Буревестник" деп аталса, кейін "Университет" деп атын өзгертті, ал қазір "Барыс" деп аталады. Ұзақ жыл петропавлдык клуб қала чемпионаттарында және қалааралық турнирлерде ойнады, тек 1987 жылы екінші лигадағы командалар арасындағы Қазақстан чемпионатына катысты. Барлық қарсыласын нық сеніммен жеңген ол өз тарихында тұңғыш рет бірінші лигаға шықты. 1988-ден 1993 жылға дейін "Буревестник" республика чемпионаттарында бірінші лигада төртінші, үшінші және екінші орындарды еншілеп, осы топта өнер көрсетіп отырды. 1990 жылы команда Қазақстан халықтарынын спартакиадасында екінші орынды жеңіп алды. Сол жылы "Буревестник" өзінің халықаралық бірінші кездесуін өткізді. Оның қарсыласы Польшаның Гданьск қаласының "Полям Агравакс" клубындағы баскетболшылар болды. Командалар алаңға екі рет шықты және екеуінде де солтүстікқазақстандықтар жеңісті тойлады.
18.04.2013 04:21 3678

Солтүстік Қазақстан облысынан суперлигадағы командалар арасында футбол клубынан "Есіл-Богатырь", баскетболдан "Барыс" және волейболдан "Есіл-ПЗТМ" командалары еліміздің чемпионаттарына қатысуда.

1968 жылы В.В. Куйбышев атындағы машина жасау заводының дене тәрбиесі ұжымынан "Авангард" футбол командасы құрылған болатын. Олар өз өнерлерін көрсетуді КСРО чемпионатының "Б" тобында қазақстандық аймақтағы жарыстардан бастады. 1970 жылы клуб "Металлист" деген жаңа атауын алып, чемпионатқа қатысқан 16 команданың ішінде тоғызыншы орынды еншіледі. 1971 жылғы маусымда бұдан да жоғары нәтиже көрсетіп, екінші орынға шықты. Келесі маусымда екінші лигаға жолдама алуды мақсат тұтты. Бірақ тап сол кезде футболда қайта ұйымдастыру басталды да "Б" сыныбы қысқартылды Сөйтіп, "Металлиске" дене тәрбиесі ұжымына қайта оралуға тура келді.

Тек 1979 жылы ғана петропавлдық жанкүйерлер екінші лигадағы команда шеберлерінің жарысын қайта тамашалады. Бұл деңгейде "Авангард" барлығы 10 маусымды өткізіп, КСРО және лиганың өзі ыдырағанға дейін ойнады.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Қазақстан ұлттык чемпионатын өткізу басталды. Петропавлдық клуб 1992 жылғы маусымды ҚР чемпионатының жоғары лигасында өткізіп, тек 19-шы орынды еншіледі. Бұл сәтсіздік Петропавлды жеті жылға дейін үлкен футболсыз қалдырды. Қазақстанның жоғары футбол дивизионына қайтып оралудың сәті 1999 жылы түсті. Бұл маусым өте табысты болды — күміс медаль жеңіп алынды. Команда өз алаңында бірде-бір рет ұтылған жоқ. Чемпионат матчындағы ең көп келушілер оның өз алаңында павлодарлық "Ертіс" командасымен кездесуінде болды — трибунаға 12000 көрермен жиналды. Шабуылшы Игорь Авдеев еліміздің үздік футболшысы болып танылды, ал А.Фамильцев, Н.Мырзабаев мен С.Калабухин сынды ойыншылар чемпионаттағы таңдаулы 22 ойыншының тізіміне енді.

2000 жылғы маусымда петропавлдықтар астаналық "Жеңістен" қосымша "алтын матчта" ғана ұтылып, тағы да күміс жүлдені жеңіп алды. 2001 жыл есілдіктерге қола медаль әкелді. Бұл қазіргі белгілі жаттықтырушы Дмитрий Огаидың қалыптасу кезеңі болды. Ал футболшылар А.Кучерявых, С.Калабухин, В.Колода, С.Мазур, С.Тимофеев, В.Байрамов, И.Брикайло, Р.Гумар, Р.Балтиев, О.Чухлеба және басқа да былғары доп шеберлері жанкүйерлерді өз ойындарымен қуантты.

Кейінгі жылдарда "есілдіктер" ұдайы Қазақстандағы таңдаулы командалардың бестігіне кірді.

"Есіл-Богатырь" супер лигада барлығы 253 кездесу өткізді, соның 133-ін жеңіспен аяқтады. Өткізген және кіргізген доп айырмашылығы 129. Бұл Петропавл командасына барлық республика чемпионатының құрама кестесіне енген 37 клубтың ішінен қүрметті 12-ші орынды иеленуге мүмкіндік берді. Солтүстік Қазақстанда баскетболға қүмарлар да көп. Бұл спорттың ойын түріне Петропавл педагогика институтының базасында құрылған команда қатысады. Алғашқы бетте ол "Буревестник" деп аталса, кейін "Университет" деп атын өзгертті, ал қазір "Барыс" деп аталады.

Ұзақ жыл петропавлдык клуб қала чемпионаттарында және қалааралық турнирлерде ойнады, тек 1987 жылы екінші лигадағы командалар арасындағы Қазақстан чемпионатына катысты. Барлық қарсыласын нық сеніммен жеңген ол өз тарихында тұңғыш рет бірінші лигаға шықты. 1988-ден 1993 жылға дейін "Буревестник" республика чемпионаттарында бірінші лигада төртінші, үшінші және екінші орындарды еншілеп, осы топта өнер көрсетіп отырды. 1990 жылы команда Қазақстан халықтарынын спартакиадасында екінші орынды жеңіп алды. Сол жылы "Буревестник" өзінің халықаралық бірінші кездесуін өткізді. Оның қарсыласы Польшаның Гданьск қаласының "Полям Агравакс" клубындағы баскетболшылар болды. Командалар алаңға екі рет шықты және екеуінде де солтүстікқазақстандықтар жеңісті тойлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға