Жеңіске жету — дағдымыз
Солтүстік Қазақстан облысында ұлттық және халықаралық деңгейде ұдайы таңқаларлық жетістіктер көрсетіп жүрген саңлақ спортшылар тәрбиеленіп шығуда. Солардың кейбіреулері өздері таңдаған спорт түрлерінен жетекші орындарды еншілеп отыр. Олардың есімдерін әлемдік рейтингтік тізімдердің бірінші жолдарынан көруге болады.
Александр Винокуров — велоспорт бойынша ҚР еңбек сіңірген спорт шебері "Т-Мобайл" кәсіпқой вело-клубы үшін өнер көрсетті. 2006 жылдан "Астана" клубының намысын қорғайды. 1994 жылы Хиросимадағы жазғы Азия ойындарында командалық жарыста чемпион, топталып жарысуда күміс жүлдегер атанды. 1996 жылы Атлантадағы (АҚШ) жазғы Олимпиадалық ойынға қатысты. 1998 жылы "Тур Веленсии" және "Дофин Либери" жарыстарының жеңімпазы, 1999 жылы тас жолда әлем Кубогының үш дүркін жеңімпазы. 2000 жылы Сиднейдегі (Австралия) жазғы Олимпиадалық ойында топталып жарысудан күміс жүлдені жеңіп алды. "Тур Германия" жеңімпазы. 2002 жылы "Париж-Ницца" жарысында топ жарса, Пусанда өткен жазғы Азия ойындарында топталып жарысудан екінші орынды еншіледі. 2003 жылы "Амстел Голд" жарысында әлем кубогын қанжығасына байласа, "Тур Швейцарий" және "Париж-Ницца" жарыстарында бірінші орындарды, сондай-ақ "Тур де Франсте" үшінші орынды иеленді. 2004 жылы жекелеген мәредегі жеке жарыста әлем чемпионы атанса, Афинада (Греция) жазғы Олимпиадалық ойында жекелей жарыстан мәреге алтыншы болып жетті. 2005 жылы "Льеж-Бастон-Льеж" жарысында жеңімпаз, "Дофин Либери" және "Тур де Франста" бесінші орында, "Тур де Франс" жарысының екі кезеңінде жеңіске ие болды. Астанада "Винокуров достарын шақырады" халықаралық ҚР критериум-жарысында жеңіске жетті. 2006 жылы "Вуэльта-Кастилия" және "Вуэльта" (Испания) жарыстарында тағы да жеңісті уысынан шығарған жоқ. Осы жолы "Вуэльтада" үш кезеңде мәреге бірінші жетті. 2006 жылдың қыркүйек айында "Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы" атағына ие болса, қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаев оған жоғары награда - "Барыс" орденін тапсырды. Қазіргі сәтте Қазақстанның "Астана кәсіпқой командасының жетекші велошабандозы.
Дмитрий Бабенко – коньки спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2002 жылдан бастап коньки спорты бойынша олимпиадалық ұлттық құрама команданың мүшесі және Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. 2003-2004 жылдары әлем чемпионаттарына қатысқан, Италияда өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері. 2005 жылы жасөспірімдер арасында 5000 және 10000 метрлік қашықтықтарла Азия чемпионатының (Жапония) қола жүлдегеры Қытайда өткен Азия чемпионатының абсолютті чемпионы. Азия, биік таулы Медеу мүз айдынының рекордшысы. 2006 жылы 5000 метрлік қашықтықтан Турин (Италия) қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан. 2006 жылы 5000 және 10000 метрлік қашықтықтардан және көпсайыс қорытындысынан Азия рекордын жаңартты. Калгари қаласындағы (Канада) халықаралық жарыстың жеңімпазы — конькимен сырғанау марафонында (100 айналым) бірінші орынды жеңіп алды. 2007 жылы Азия ойындарының 5000 метр қашықтықтан қола жүлдегері атанды.
Наталья Рыбакова — коньки спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құрама команданың мүшесі, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Турин (Италия) қысқы Олимпиада ойындарына, 2007 жылы Қытайда қысқы Азия ойындарына қатысқан.
Сергей Яковлев — велоспорт бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Александр Винокуровпен бірге "Астана" кәсіпқой клубы үшін өнер көрсетуде. 2000 жылы Азия чемпионы, 2000 жылы (Австралия) және 2004 жылы (Греция) Олимпиада ойындарына қатысқан.
Владислав Поляков — жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Афинадағы Олимпиадалық ойындарда жүзудің брасс түрінен 100 және 200 метрлік қашықтықтарда бесінші орынды еншіледі. 2005 жылы брасс әдісінен 100 және 200 метрлік қашықтықтарда әлем чемпионатының қола жүлдегері, ұзақ суда жүзуде (50 метрлік бассейн) АҚШ-тың екі дүркін чемпионы, суда жүзуде (25 метрлік бассейн) әлем чемпионы. 2005 жылы жабық ғимараттарда өткен жарыстарда алты дүркін чемпион. 2006 жылы әлем чемпионы. 2006 жылы 50 метрлік қашықтықта брасспен жүзуде Азия ойындарының чемпионы.
Дмитртий Обатуров — коньки спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, штаттық ұлттық команданың мүшесі, Қазақстан Республикасының чемпионы, 2007 жылы Қытайдағы Азия ойындарына қатысқан.
Елена Парфенова — жеңіл атлетика бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2000 жылы Олимпиада (Австралия) ойындарына қатысқан. 2000 жылы Азия чемпионы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының чемпионы, үш мәрте секіруде әлем рекордшысы. Жабық ғимаратта Азия чемпионы.
Елена Обатурова — коньки спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы, Қазақстан жастар құрама командасының мүшесі, 2007 жылы Қытайда өткен қысқы Азия ойындарына қатысқан.
Ильдар Гаптелмаликов – жүзуден спорт шебері, 2005 жылы Ислам ойындарында баттерфляй әдісімен 100 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған. 2005 жылы баттер-фляй әдісімен 50 метрлік қашықтықта және ерлердің 4x100 метрлік эстафетасында Азия чемпионы, 100 метрлік қашықтықта қола жүлдегер атанған.
Роман Мелешин — грек-рим күресі бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2003 жылы Азия кубогының иегері, 2004 жылы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2004 жылы Гран-при Францияның қола жүлдегері, 2005 және 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысқан, 2006 жылы Азия ойындарының чемпионы.
Виталий Диденко — гір спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 — 2006 жылдары гір спорты бойынша 90 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының чемпионы, еліміздің рекордшысы. 2005 жылы және 2006 жылы Ресейде жасөспірімдер арасында өткен гір спортынан әлем чемпионы.
Қазақстанның бүкіл жанкүйерлері осы атлетшілер мен жаттықтырушыларды мақтаныш етеді, олардың өнерлерін зейін сала қадағалап отырады. Дегенмен мамандар жұлдыздар шоғырында Солтүстік Қазақстан спортшыларының бұдан да көбейе түсеріне үміт артады. Өйткені облыстың жас спортшылары бүгіндері тамаша жетістіктер көрсетуде.