Өңір тұрғындарының ептілік және күш бәсекесі өз тамырын тереңнен алады
Солтүстік Қазақстан облысында дене тәрбиесі мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Өйткені өмірдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени құрылыс көп ретте тұрғындардың жан сергектігіне қатысты екенін өмір көрсетіп отыр. Ал егер кеңінен пайымдасақ, белсенді өмір салтын жургізген, өз денсаулығын ұдайы қадағалап және нығайтып отыратын үйлесімді дамыған адамдар ғана туған елдің игілігі үшін жемісті еңбек етуге және оның шептерін сенімді қорғауға қабілетті.
Өңір тұрғындарының ептілік және күш бәсекесі өз тамырын тереңнен алады. Бәйге күрес, жүгіру, садақпен ату, жігіт ойындары сияқты жарыстарға жанкүйерлер қатысушылар әркез көп жиналады. Бәйге, қыз қуу, көк пар, қазақша күрес, теңге алу сияқты ұлттық спорт ойындары бүгінгі күндері де жалғасын табуда.
Солтүстік Қазақстанда әскери бекіністердің пайда болуына және казактардың қоныстануына байланысты: қол сайысы, мылтықпен нысана көздеп ату, гір көтеру, ұзындыққа және биіктікке секіру, жеңіл және ауыр атлетиканың басқа да жергілікті спорт түрлері жаңа жаттығулармен толықты.
Петропавлда "Балалардың дене бітімінің дамуына әрекет ету қоғамы құрылған 1897 жылы бұқаралық дене тәрбиесі қозғалысын дамытуда сапалық өзгерістер байқалды. Осы уақыттан бастап қалалықтар ойын алаңдарында футбол мен волейбол ойнайтын, шаңғы және конькимен жүгіру спортымен, гимнастикамен, күреспен айналысатын болды. Әуесқой спортшылардың командалары мен үйірмелерінің клубтары пайда болды. Тұрғындар арасында шахмат кең тарай бастады.
Қызыл Армия қызметі үшін жастарды даярлаудың бір жолына айналған, мектептерде міндетті оқу пәні болып енген, ал кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде спортшылардың ұжымы құрыла бастаған өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарының басында жергілікті спорт тағы бір ілгері ірі қадам басты. Спорт клубтары жергілікті жерлерде спорт жұмыстарының орталығына айналды. Спорттың білікті ұйымдастырушыларын тәрбиелеу үшін Петропавлда спорт жұмыстарының нұсқаушыларын даярлау курстары ашылды. Кешікпей қалада бірінші спартакиада өткізілді. "Локомотив", "Динамо" және "Спартак" командаларынан жүздеген спортшы қатысты. 1925 жылдың өзінде Петропавлда футбол, волейбол, классикалық күрес, шаңғы және конькимен жүгіру, городки, парашют мұнарасынан секіру, оқ ату, ат және велосипед спорттары бойынша ұйымшыл және күшті командалар өнер көрсетті. Губерния әйелдері спортқа белсене қатысты.