Жаңалықтар

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

Соңғы редакциялау: 27 қазан 2012 Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ҰҒТАО) — республикалық мемлекеттік кәсіпорын. 1957 ж. Ғыл.-тех. ақпараттардың орт. ин-ты болып құрылған. 2005 ж. Қазақ мемл. ғыл.-тех. ақпараттың ғыл.-зерт. ин-тының негізінде Респ. ғыл.-тех. кітапханасымен бірігіп, қазіргі атауымен қайта құрылды. Орт. Қазақстанның ғыл.-тех. саласында ғыл.-тех. ақпараттың мемл. қорын құру мәселелерімен айналысады, сондай-ақ ғыл.-зерт. және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, ғыл.-тех. бағдарламалар жасау, қазақстандық ғалымдардың жыл сайынғы жарияланымдары (жалпы саны 10 мыңнан астам) туралы есеп беру, республикада қорғалған докторлық және кандидаттық диссертацияларды талдап, жинап, өңдеуді жүзеге асырады, ұжымдық және жеке абоненттердің, соның ішінде ҚР мемл. басқару органдарының отандық және әлемдік ақпараттық қорларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді және осының негізінде ақпараттық қызметтер көрсетуді ұсынады. ҰҒТАО — “ҚР-ның ғылыми-техникалық ақпараты мемлекеттік жүйесінің дамуы” атты респ. мақсатты ғыл.-тех. бағдарламасының бас ұйымы, сонымен бірге Найроби қ-ндағы UNER/ҚNFOTERA қоршаған орта жөніндегі халықар. ақпараттық жүйенің ұлттық белгіленген орт., AGRҚS/CARҚS-FAO халықар. ақпараттық жүйесінің  мүшесі (Рим қ.), ҚNҚS  ядролық энергетика жөніндегі халықар. жүйенің Қазақстандағы ақпараттық орт-ның мүшесі (Вена қ.) және Мәскеу қ-ндағы ғыл.-тех. ақпараттың халықар. орт-ның бірлескен мүшесі болып табылады. Орталықтан 4 серия бойынша реферативтік журналдар, 5 сериялы электрондық реферативтік журналдар, “Қазақстан ғылымы цифрларда” анықтамалығы, “Қазақстан ғылымының жаңалықтары” атты мерзімді журналы, сондай-ақ “Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі” газеті шығады. Кеңестік дәуірдегі ғыл.-тех. ақпараттың респ. жүйесінің негізгі элементтерін сақтап қалу ҰҒТАО бағдарламасының барысында атқарылған жұмыстардың басты жетістіктерінің бірі болып табылады. Қазіргі кездегі орт-тың негізгі міндеттері: қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялардың, ғыл.-зерт. және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың мемл. қорын қалыптастыру; қазақстандық ғалымдар мен мамандардың жарияланымдарын ғыл. тұрғыда өңдеу; республиканың ғыл.-тех. дамуының басым бағыттары бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жинақтау; ғылым мен техника бойынша талдамалы-шолу, анықтамалық және басқа да ғыл.-ақпараттық деректердің, реферативтік және библиогр. мерзімді журналдардың басылған және электронды түрлерін дайындап, жарыққа шығару; қашықтағы телекоммуникац. режим бойынша республиканың ақпараттық қорына кіруді қамтамасыз ету және ғыл.-тех. ақпарат тарату; ақпараттанудың теориясы мен тәжірибесі бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; республикадағы ғыл.-ақпараттық қызметті үйлестіру. М. Ержанова Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том
09.11.2012 03:01 7476

Соңғы редакциялау:

27 қазан 2012

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы (ҰҒТАО) — республикалық мемлекеттік кәсіпорын. 1957 ж. Ғыл.-тех. ақпараттардың орт. ин-ты болып құрылған. 2005 ж. Қазақ мемл. ғыл.-тех. ақпараттың ғыл.-зерт. ин-тының негізінде Респ. ғыл.-тех. кітапханасымен бірігіп, қазіргі атауымен қайта құрылды. Орт. Қазақстанның ғыл.-тех. саласында ғыл.-тех. ақпараттың мемл. қорын құру мәселелерімен айналысады, сондай-ақ ғыл.-зерт. және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу, ғыл.-тех. бағдарламалар жасау, қазақстандық ғалымдардың жыл сайынғы жарияланымдары (жалпы саны 10 мыңнан астам) туралы есеп беру, республикада қорғалған докторлық және кандидаттық диссертацияларды талдап, жинап, өңдеуді жүзеге асырады, ұжымдық және жеке абоненттердің, соның ішінде ҚР мемл. басқару органдарының отандық және әлемдік ақпараттық қорларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді және осының негізінде ақпараттық қызметтер көрсетуді ұсынады. ҰҒТАО — “ҚР-ның ғылыми-техникалық ақпараты мемлекеттік жүйесінің дамуы” атты респ. мақсатты ғыл.-тех. бағдарламасының бас ұйымы, сонымен бірге Найроби қ-ндағы UNER/ҚNFOTERA қоршаған орта жөніндегі халықар. ақпараттық жүйенің ұлттық белгіленген орт., AGRҚS/CARҚS-FAO халықар. ақпараттық жүйесінің  мүшесі (Рим қ.), ҚNҚS  ядролық энергетика жөніндегі халықар. жүйенің Қазақстандағы ақпараттық орт-ның мүшесі (Вена қ.) және Мәскеу қ-ндағы ғыл.-тех. ақпараттың халықар. орт-ның бірлескен мүшесі болып табылады. Орталықтан 4 серия бойынша реферативтік журналдар, 5 сериялы электрондық реферативтік журналдар, “Қазақстан ғылымы цифрларда” анықтамалығы, “Қазақстан ғылымының жаңалықтары” атты мерзімді журналы, сондай-ақ “Қазақстанның ғылымы мен жоғары мектебі” газеті шығады. Кеңестік дәуірдегі ғыл.-тех. ақпараттың респ. жүйесінің негізгі элементтерін сақтап қалу ҰҒТАО бағдарламасының барысында атқарылған жұмыстардың басты жетістіктерінің бірі болып табылады. Қазіргі кездегі орт-тың негізгі міндеттері: қорғалған докторлық және кандидаттық диссертациялардың, ғыл.-зерт. және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың мемл. қорын қалыптастыру; қазақстандық ғалымдар мен мамандардың жарияланымдарын ғыл. тұрғыда өңдеу; республиканың ғыл.-тех. дамуының басым бағыттары бойынша автоматтандырылған мәліметтер базасын жинақтау; ғылым мен техника бойынша талдамалы-шолу, анықтамалық және басқа да ғыл.-ақпараттық деректердің, реферативтік және библиогр. мерзімді журналдардың басылған және электронды түрлерін дайындап, жарыққа шығару; қашықтағы телекоммуникац. режим бойынша республиканың ақпараттық қорына кіруді қамтамасыз ету және ғыл.-тех. ақпарат тарату; ақпараттанудың теориясы мен тәжірибесі бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; республикадағы ғыл.-ақпараттық қызметті үйлестіру.

М. Ержанова

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 9-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға