Жетілдірілген зейнетақы жүйесі «құр шөппен ауыз сүртіп қалмаудың» қамы – депутат
17.04.2013 09:02
3700
Жетілдірілген зейнетақы жүйесі «құр шөппен ауыз сүртіп қалмаудың» қамы, деген пікір білдірді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Розақұл Халмурадов «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасына қатысты ойын білдіріп.
«Жалпы алғанда, өз басым Үкіметтің Ұлттық Қор қаржысын алдағы 20 жылға дейін қолданыстағы зейнетақы жүйесі бойынша пайдаланып, түгесіп тастап, одан кейін құр шөппен аузымызды сүртіп қалмайық,- деп алдын-ала қам жасап жатқанын жақсы түсінемін және қолдаймын», - дейді мәжілісмен.
Осындай ойын ортаға салған ол өз әріптестерін осы заң жобасына бірінші оқылымда қолдау білдіруге шақырды.
Bnews.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға