Жаңалықтар

О.Асанғазы: Үкімет әйелдердің жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепіл беруі керек

Үкімет әйелдердің жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепіл беруі керек. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы қарастыратын әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғайтылуына қатысты мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы осындай пікір білдірді.  «Мен бұл заң жобасын қолдаймын. Өйткені, 15-20 жылдан кейін біздің зейнеткерлеріміз, қарттық өмірдің қамтамасыз етілгеніне сенімді болуы үшін, біз болашақта кездеседі-ау деген қиындықтың бәрін бүгін шешуіміз керек», - дейді мәжілісмен.  Алайда, оның айтуынша, аталмыш заң жобасы Үкіметке де бірқатар жауапкершілік артып отыр. «Бірақ, ол үшін Үкімет бүгін, осы Заң жобасын қабылдағанда біздің азаматтарымыздың, әсіресе әйелдеріміздің әлеуметтік жағынан қорғалатынына, яғни жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепілдік беруге тиіс», - деп қорытты өз ойын Оразкүл Асанғазы.    Bnews.kz
17.04.2013 08:12 3715

Үкімет әйелдердің жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепіл беруі керек. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасы қарастыратын әйелдердің зейнеткерлік жасының ұлғайтылуына қатысты мәжіліс депутаты Оразкүл Асанғазы осындай пікір білдірді. 

«Мен бұл заң жобасын қолдаймын. Өйткені, 15-20 жылдан кейін біздің зейнеткерлеріміз, қарттық өмірдің қамтамасыз етілгеніне сенімді болуы үшін, біз болашақта кездеседі-ау деген қиындықтың бәрін бүгін шешуіміз керек», - дейді мәжілісмен. 
Алайда, оның айтуынша, аталмыш заң жобасы Үкіметке де бірқатар жауапкершілік артып отыр.
«Бірақ, ол үшін Үкімет бүгін, осы Заң жобасын қабылдағанда біздің азаматтарымыздың, әсіресе әйелдеріміздің әлеуметтік жағынан қорғалатынына, яғни жұмыспен де, зейнетақымен де қамтылатынына кепілдік беруге тиіс», - деп қорытты өз ойын Оразкүл Асанғазы. 

 

Bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға