Жаңалықтар

Зейнет жасының ұлғайтылуына байланысты әйелдерге қосымша жұмыс орындарын құру қажет – Әбденов

Зейнет жасының ұлғайтылуына байланысты әйелдерге қосымша жұмыс орындарын құру қажет – Әбденов   Әйелдерді жұмыс орындарымен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» мембағдарламасы бойынша жол картасын қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заң жобасының бірінші оқылымы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қороғау министрі Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Зейнет жасының ұлғайтылуын ескере отырып, 2020 жылға дейін 508 мың жұмыс орнын құру қажет. Бұл мәселе үкіметте қаралды. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын құру жоспарланып отыр», - деді С.Әбденов.  Жол картасы аясында бүгінгі күні 136 мың адамға көрсетіліп отырған атаулы әлеуметтік көмектің бюджеттен бөлінуі бойынша шараларды жүргізу қарастырылған.   Bnews.kz
17.04.2013 06:33 2714

Зейнет жасының ұлғайтылуына байланысты әйелдерге қосымша жұмыс орындарын құру қажет – Әбденов

 

Әйелдерді жұмыс орындарымен қамту мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» мембағдарламасы бойынша жол картасын қабылдау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заң жобасының бірінші оқылымы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қороғау министрі Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Зейнет жасының ұлғайтылуын ескере отырып, 2020 жылға дейін 508 мың жұмыс орнын құру қажет. Бұл мәселе үкіметте қаралды. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасын құру жоспарланып отыр», - деді С.Әбденов. 

Жол картасы аясында бүгінгі күні 136 мың адамға көрсетіліп отырған атаулы әлеуметтік көмектің бюджеттен бөлінуі бойынша шараларды жүргізу қарастырылған.


 

Bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға