Жаңалықтар

«Әйелдердің зейнет жаcын ұлғайту – болашақ ұрпақ үшін тиімді» – З.Балиева

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң жобасы қаралып жатқан Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Зағипа Балиева әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесіне өз ойын айтты.  «Үкімет өзінің үкіметтік нұсқасында ұсынып отырған әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесінен айналып кете алмайтындығымыз барлығымызға белгілі болды. Бұл жай ғана, қарапайым шара емес. Бұл қадамды заманның талабынан, мәжбүрліктен жасап отырмыз, алайда, болашақ ұрпақ үшін тиімді екенін атап өткен жөн. Сондықтан мен мұны қолдаймын. Дегенмен, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда Үкіметтің жауапкершілігі артатынын есте ұстайық» деді З.Балиева жиын барысында. Baq.kz
17.04.2013 06:20 3037

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заң жобасы қаралып жатқан Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат Зағипа Балиева әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесіне өз ойын айтты. 

«Үкімет өзінің үкіметтік нұсқасында ұсынып отырған әйелдердің зейнет жасын ұлғайту мәселесінен айналып кете алмайтындығымыз барлығымызға белгілі болды. Бұл жай ғана, қарапайым шара емес. Бұл қадамды заманның талабынан, мәжбүрліктен жасап отырмыз, алайда, болашақ ұрпақ үшін тиімді екенін атап өткен жөн. Сондықтан мен мұны қолдаймын. Дегенмен, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда Үкіметтің жауапкершілігі артатынын есте ұстайық» деді З.Балиева жиын барысында.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға