Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына көшу – зейнетке ерте шығуға мүмкіндік береді – Ә
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына көшу – зейнет демалысына ерте шығуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының бірінші оқылымы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қороғау министрі Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Зиянды және ауыр еңбек шарттарында жұмыс істейтіндерге арналған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын енгізу. Зейнетақы жүйесінің бұл сегментінде аталған шараны енгізу қажеттігі қолданыстағы жүйенің зиянды және ауыр еңбек жағдайларында туындайтын қауіп-қатерлердің орнын толығымен толтыра алмау себебінде. Қолданысқа енгізілген ерікті кәсіптік схема ерікті кәсіптік зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинақтарының көлемін арттырып, зейнет демалысына еретерек 53/55 жаста шығуға мүмкіндік береді деп қарастырылған болатын. Бірақ, бүгінгі жүйеге 4 мыңнан астам адам ғана қатысып отыр, ал олардың жинақтары 100 млн теңгеден астам көлемде ғана. Ал мұндай шарттарда жұмыс істейтіндер саны 346 мың адамды құрайды. Бұған қоса, №1,№2 тізімдері бойынша мемлекеттік арнайы төлемдерді алушы тұлғалар саны жыл сайын қысқарып келеді», - деді С.Әбденов өз баяндамасында.
Оның айтуынша, зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында міндетті зейнетақы жарналарына қоса 5% мөлшерде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын енгізіп отыр. Зиянды өндірістер мен мамандықтар Зиянды өндірістер мен мамандықтар тізімін үкімет бекітетін болады.
«Зиянды және ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15% зейнетақы жарналары түсетін болады. Оның 10%-ы қызметкерлердің Еңбек төлемдері қорынан міндетті кәсіптік жарна түрінде, ал 5%-ы жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Бұл олардың жүйеге үздіксіз қатысқаны (кем дегенде 30 жыл) және жүйелі түрде аударып отырған (жылына 12 рет) жағдайда зейнеткерлікке ерте шығуы үшін зейнетақы жинақтарын жеткілікті деңгейде жинауларына мүмкіндік береді», - деп түсіндіріп өтті министр.
Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА