Жаңалықтар

Қазақстанда ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар үшін "Жастар үйі" жобасы қолға алынуда

Қазақстанда 35 мыңға жуық жетім бала бар. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлімдеді. Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте бірқатар маңызды заң жобасы депутаттар талқылауына ұсынылуда. Соның бірі «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы. Халық қалаулалары алдында баяндама жасаған М.Әбенов елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдап, қорғау бағытында жоспарланған шараларға тоқталды.  Оның мәлімдеуінше елімізде жыл сайын  2 мыңнан астам ата-анасыз бала мектеп бітіреді екен. Жақын-жуығы, сенері жоқ ол жеткіншектердің бұдан кейін бірден өмірден өз орнын тауып кетуі қиындау. Сондықтан олар 29 жасқа толып пәтерге қол жеткізіп азамат болып қалыптасқанша демеп жіберетін "Жастар үйі" жобасы қолға алынуда. Бұл қазірде Қарағанды облысында жүзеге асырыла бастаған. Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, заң жобасында жетім балаларды салықтан босатудың жолдары ұсынылып отыр. Еске сала кетейік, Мәжіліс отырысында бүгін жоғарыда аталған заң жобасымен бірге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым) талқыланады. BAQ.KZ
17.04.2013 04:34 2655

Қазақстанда 35 мыңға жуық жетім бала бар. Бұл жөнінде бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілісте бірқатар маңызды заң жобасы депутаттар талқылауына ұсынылуда. Соның бірі «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы. Халық қалаулалары алдында баяндама жасаған М.Әбенов елімізде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдап, қорғау бағытында жоспарланған шараларға тоқталды.  Оның мәлімдеуінше елімізде жыл сайын  2 мыңнан астам ата-анасыз бала мектеп бітіреді екен. Жақын-жуығы, сенері жоқ ол жеткіншектердің бұдан кейін бірден өмірден өз орнын тауып кетуі қиындау. Сондықтан олар 29 жасқа толып пәтерге қол жеткізіп азамат болып қалыптасқанша демеп жіберетін "Жастар үйі" жобасы қолға алынуда. Бұл қазірде Қарағанды облысында жүзеге асырыла бастаған. Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, заң жобасында жетім балаларды салықтан босатудың жолдары ұсынылып отыр.

Еске сала кетейік, Мәжіліс отырысында бүгін жоғарыда аталған заң жобасымен бірге «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бірінші оқылым) талқыланады.

BAQ.KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға