Жаңалықтар

Досмұхамедов Халел

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012 Досмұхамедов Халел (24.04.1883, Атырау обл. Қызылқоға ауд. Тайсойған құмы — 19.08.1939, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 ж. Орал әскери-реалдық уч-щесінің даярлық класына қабылданып, оны 1902 ж. үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. 1903 ж. Санкт-Петербург императорлық әскери-мед. академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Д-тің студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті “Фикр” (Пікір), “Уральский листок” газеттеріне мақалалар жазып, болып жатқан саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 ж. Орал қ-нда бес облыстың делегаттары жиналған съезде Ресей кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі есепті құрылған Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орт. к-тіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 ж. академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. Осы жылдары Орал қалалық ауруханасында бір жылдық мамандану курсынан өтеді. 1912, 1913 және 1915 ж. оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913 ж. Орал обл-ның вице-губернаторы берген ғ6618 куәлікпен әскери борышын өтеуден босап, Орал обл. Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасты. 1913 — 18 ж. “Қазақ” газетінде “Тамыр дәрі хақында”, “Сары кезік — сүзек”, “Жұқпалы ауру хақында” сынды кәсіби, әлеум.-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. “Как бороться с чумой среди киргизского народа” (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. 1917 ж. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында обл., жалпықазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге ат салысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал обл. қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге “Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері” атты жергілікті және обл. деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бір ауыздан дауыс берді. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысты. 1-жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 ж. желтоқсанда 2-жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт Кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық, қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, 1918 ж. наурыз айында Ж.Досмұхамедовпен бірге Кеңеc үкіметінің басшысы В.И. Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В. Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді. 1918 ж. 18 — 21 мамырда Жымпиты қ-нда өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — “Ойыл уәләяты уақытша үкіметін” жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған “Алашорданың батыс бөлімшесі” деген ат берді. Осы кезеңде Д. Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, “Еркін қазақ” газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. 1919 ж. Кеңес өкіметін амалсыз мойындаған соң, Қазақ өлкесін басқару жөніндегі рев. к-ттің 1920 ж. 5 наурыздағы қаулысына сәйкес халықтан оқшауландыру мақсатында, Алаш қозғалысының белсенді мүшелерінің бір тобымен бірге Д. Ресейдің орт. губернияларына жіберілді. Осы жылдың жазынан бастап Ташкентке келіп жұмыс істеді. 1920 ж. 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени ҝәм ғыл. мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. 1920 — 21 ж. Ташкенттегі Физикалық әдіспен емдеу ин-тының ординаторы, Қазақ пед. ин-тында мектеп дәрігері, Орта Азия (Түркістан) ун-ті мед. ф-тінің хирургиялық емханасында ординатор, 1922 — 24 ж. Түркістан Денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. 1923 ж. Орта Азия мемл. баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемл. баспасы Шығыс бөлімінің мүшесі, 1925 жылдан Шығыс бөлімінің меңгерушісі, 1926 ж. Қазақ мемл. баспасы басқармасының мүшесі және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Жауапты қызметтер атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты, “Табиғаттану”, “Жануарлар” (екеуі де 1922), “Адамның тән тірлігі”, “Оқушылардың саулығын сақтау” (екеуі де 1925), “Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер”, т.б. оқулықтар мен ғыл. еңбектер жазды. 1922 — 25 ж. мәдениетті көркейту мақсатында құрылып, жұмыс жасаған “Талап” қауымының басқармасына төрағалық етті. Қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі сингармонизм заңын зерттеді, “Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы” (1924), “Шернияз шешен” (1925), “Алаш не сөз”, “Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана” (1927), “Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі” (1928), “Диуани лұғат ат-түрік”, “Кенесарының соңғы күндері”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” сияқты, т.б. ғыл.-теориялық еңбектер жазып қалдырды. “Мұрат ақын сөзі” (1924), “Исатай — Махамбет” (1925), “Аламан” (1926) жинақтарын шығарды. 1924 ж. Ресей ұА-ның Орт. өлкетану бюросының корр. мүшесі болып сайланды (1924), осы жылы Түркістан Халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеуде өткен Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты. 1927 ж. Қазақ пед. ин-тының доценті болып бекітілді, Қазақ мемл. ун-тін (қазіргі АлМУ) ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалды. 1928 ж. Қазақ мемл. ун-тінің әкімш.-шаруашылық бөлімін басқарды. 1929 ж. осы ун-ттің проф-ы болып бекітілді және Қазақ пед. ин-тының проректорлығына тағайындалды. Алайда келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып (15 қыркүйек, 1930), 1932 ж. 20 сәуірде ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қ-на 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена ин-тында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары, Оңт.-Шығыс темір жол санитарлық бөлімшесінің дәрігер-эпидемиологі болып қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 ж. 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып, Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 ж. 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. 1939 ж. 19 тамызда түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болды. 1958 ж. 11 ақпанда ақталды. Қазір туған жері Атырау обл. Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау ун-тіне, Алматы және Атырау қ-ларындағы бір-бір көшеге Д. есімі берілген. Ш. Тілеубаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
09.11.2012 02:57 5836

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

Досмұхамедов Халел (24.04.1883, Атырау обл. Қызылқоға ауд. Тайсойған құмы — 19.08.1939, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. 1894 ж. Орал әскери-реалдық уч-щесінің даярлық класына қабылданып, оны 1902 ж. үздік бітіреді де, тағы бір жылға қосымша класта оқуға қалдырылады. 1903 ж. Санкт-Петербург императорлық әскери-мед. академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен. Д-тің студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті “Фикр” (Пікір), “Уральский листок” газеттеріне мақалалар жазып, болып жатқан саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды. 1905 ж. Орал қ-нда бес облыстың делегаттары жиналған съезде Ресей кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі есепті құрылған Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орт. к-тіне Б.Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды. 1909 ж. академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал казак-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды. Осы жылдары Орал қалалық ауруханасында бір жылдық мамандану курсынан өтеді. 1912, 1913 және 1915 ж. оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды. 1913 ж. Орал обл-ның вице-губернаторы берген ғ6618 куәлікпен әскери борышын өтеуден босап, Орал обл. Темір уезіне бөлімшелік дәрігер болып орналасты. 1913 — 18 ж. “Қазақ” газетінде “Тамыр дәрі хақында”, “Сары кезік — сүзек”, “Жұқпалы ауру хақында” сынды кәсіби, әлеум.-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. “Как бороться с чумой среди киргизского народа” (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды. 1917 ж. Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында обл., жалпықазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге ат салысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал обл. қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге “Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері” атты жергілікті және обл. деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бір ауыздан дауыс берді. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысты. 1-жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 ж. желтоқсанда 2-жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт Кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық, қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, 1918 ж. наурыз айында Ж.Досмұхамедовпен бірге Кеңеc үкіметінің басшысы В.И. Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В. Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді. 1918 ж. 18 — 21 мамырда Жымпиты қ-нда өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — “Ойыл уәләяты уақытша үкіметін” жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған “Алашорданың батыс бөлімшесі” деген ат берді. Осы кезеңде Д. Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, “Еркін қазақ” газетін шығаруға көп еңбек сіңірді. 1919 ж. Кеңес өкіметін амалсыз мойындаған соң, Қазақ өлкесін басқару жөніндегі рев. к-ттің 1920 ж. 5 наурыздағы қаулысына сәйкес халықтан оқшауландыру мақсатында, Алаш қозғалысының белсенді мүшелерінің бір тобымен бірге Д. Ресейдің орт. губернияларына жіберілді. Осы жылдың жазынан бастап Ташкентке келіп жұмыс істеді. 1920 ж. 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени ҝәм ғыл. мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. 1920 — 21 ж. Ташкенттегі Физикалық әдіспен емдеу ин-тының ординаторы, Қазақ пед. ин-тында мектеп дәрігері, Орта Азия (Түркістан) ун-ті мед. ф-тінің хирургиялық емханасында ординатор, 1922 — 24 ж. Түркістан Денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды. 1923 ж. Орта Азия мемл. баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемл. баспасы Шығыс бөлімінің мүшесі, 1925 жылдан Шығыс бөлімінің меңгерушісі, 1926 ж. Қазақ мемл. баспасы басқармасының мүшесі және меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Жауапты қызметтер атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты, “Табиғаттану”, “Жануарлар” (екеуі де 1922), “Адамның тән тірлігі”, “Оқушылардың саулығын сақтау” (екеуі де 1925), “Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер”, т.б. оқулықтар мен ғыл. еңбектер жазды. 1922 — 25 ж. мәдениетті көркейту мақсатында құрылып, жұмыс жасаған “Талап” қауымының басқармасына төрағалық етті. Қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі сингармонизм заңын зерттеді, “Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы” (1924), “Шернияз шешен” (1925), “Алаш не сөз”, “Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана” (1927), “Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі” (1928), “Диуани лұғат ат-түрік”, “Кенесарының соңғы күндері”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” сияқты, т.б. ғыл.-теориялық еңбектер жазып қалдырды. “Мұрат ақын сөзі” (1924), “Исатай — Махамбет” (1925), “Аламан” (1926) жинақтарын шығарды. 1924 ж. Ресей ұА-ның Орт. өлкетану бюросының корр. мүшесі болып сайланды (1924), осы жылы Түркістан Халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеуде өткен Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты. 1927 ж. Қазақ пед. ин-тының доценті болып бекітілді, Қазақ мемл. ун-тін (қазіргі АлМУ) ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалды. 1928 ж. Қазақ мемл. ун-тінің әкімш.-шаруашылық бөлімін басқарды. 1929 ж. осы ун-ттің проф-ы болып бекітілді және Қазақ пед. ин-тының проректорлығына тағайындалды. Алайда келесі жылы Кеңес өкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып (15 қыркүйек, 1930), 1932 ж. 20 сәуірде ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қ-на 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена ин-тында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары, Оңт.-Шығыс темір жол санитарлық бөлімшесінің дәрігер-эпидемиологі болып қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады. 1938 ж. 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып, Мәскеуге, кейін Алматыға әкелінді. 1939 ж. 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді. 1939 ж. 19 тамызда түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болды. 1958 ж. 11 ақпанда ақталды. Қазір туған жері Атырау обл. Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау ун-тіне, Алматы және Атырау қ-ларындағы бір-бір көшеге Д. есімі берілген.

Ш. Тілеубаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға