Рекордшы
Майклдың келуімен өткен он үш маусымда «Чикаго Буллз» Ұлттық баскетбол лигасының алты дүркін жеңімпазы атанды. Майкл Джордан болса алты рет ҰБЛ фи налдарының ең пайдалы ойын шысы ретінде танылды. 1988 жылы ол ҰБЛ -дың үздік қорғаушысы деген құрметті атаққа ие болды. 1986 жылдың сәуір айында «Бостонмен» өткен кездесуде Майкл 63 ұпай жинап, үлкен сенсация жасады. Оның осы рекорды әлі күнге дейін жаңарған жоқ. Сондай-ақ Майкл он рет ҰБЛ-дың үздік сұрмергені болды.
Дегенмен спорттың көптеген түрінде Олимпиада ойында рының орны ерекше. Майкл Джордан 1992 жылғы Барселона Олимпиадасында да өзін жақсы қырынан көрсетті. Бұл жарыста АҚШ ұлттық құрамасы тағы да бас жүлдені жеңіп алды. Әрине, бұл ретте де АҚШ баскетбол шы ларының жеңісі тікелей Джор дан ның есімімен байла ныс тырылды. Ол командасына ең көп пайда әкелген баскетболшы болып танылды.
1993 жылы Майкл «Чикаго Бул лздың» сапында тағы да чем пион атанды. Бірақ дәл осы жыл ол үшін қаралы болды. Оның әкесі Солтүстік Каролинада қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. 6 қазан күні Майкл спортпен қоштасатынын мәлім деді. Майталманның өнеріне тәнті жанкүйерлер бұл хабарды жабырқай қабылдады. Өйткені алаңдағы арпалыс кезінде өзін үнемі еркін ұстайтын, қарсылас тарының қитығына тиетін және ойлы да көркем қимылымен, ең бастысы, өзіне ғана тән секіру ерекшелігімен көрермен көңіліне жол таба білген осынау бас кет болшымен қоштасуға ешкімнің құлқы жоқ еді. Оны баскетбол- сүйер қауым әлі де ойынның бел ортасынан көргісі келетін. Бірақ ол өз дегенінен қайтпады. Спорт тан кетті…
Дегенмен 1995 жылдың 19 наурызында, араға екі жыл салып, Джордан қайта баскетбол алаңына оралды. Бірден сүйікті ұжымы «Чикаго Буллздың» жейдесін киген ол бәсекеге бел сене араласты, өз командасының сапында тағы үш рет чемпиондық атақты жеңіп алды.
1999 жылдың қаңтарында Майкл Джордан үлкен спортпен екінші рет қоштасты. Алайда 2001 жылдың соңына таман ол алаңға қайта шығып, бұл жолы «Вашингтонның» жейдесін киеді. Плей-офф сериясына шығу міндеттемесін алған команда жаңа ойыншының арқасында чемпионатты тәп-тәуір бастады. Бірақ Майклдың жарақат алып қалуына байланысты «Вашинг тон» көп ұзамай сәтсіздікке ұшырады. Бұл Майклдың бас кетбол өнеріндегі алғашқы сәт сіздігі еді. Өмірдің қара жолағы мұнымен де таусылмады. 2003 жылы вашингтондықтар плей-оффтан тағы да тыс қалды. Бұл жағдайлар Майкл Джорданға әсер етпей қоймады. Ақыры ол қырық жасында баскетболмен біржолата қоштасты.
Авторы: Шалқар Естен.