Жаңалықтар

Бойы 198 см.

  Майклдың ата-анасы туралы сөз қозғағанда, оның анасына тартқандығын айта кеткен абзал. Өйткені Джордандар тұқымында бойшаң адамдар әсте болған емес. Олардың ең ұзын дегенінің өзі 183 сантиметрден аспаған көрінеді. Сондай-ақ Майклдың өзі де бойының ұзын болуы үшін аянбай тер төгіп, осы мақсатқа арналған жаттығуларды үзбей жасап отырған. Кім біледі, соның арқасы болар 18-ден 19-ға қараған жылы оның бойы 12,5 сантиметрге бір-ақ секіріп, 198-ге жетеді. Оның мектеп қабырғасындағы жаттықтырушысы Фред Линч өткенді былайша еске алады: «Майкл 9-сыныпта оқып жүргенінде бойының ұзындығы 183 см. болды. Сол кездің өзінде ол алаңға мектептің негізгі құрамында шыққысы келетін. Бірақ ол сол тұста жоғары сынып оқушылары әкелетіндей нәтижеге қол жеткізе алмайтын-ды. Әйтсе де Майкл өзінің табан дылығының арқасында бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде негізгі құрамнан команданың белді ойыншысы ретінде орын алды. Ал 11-12- сыныптарда оқып жүрген шағында ол тек мек тебіміздің емес, сондай-ақ бүкіл Солтүстік Каро лина штатының үздік ойыншысы болып табылды. Ал кейінірек АҚШ оқушы лары арасындағы үздік он баскетболшының қатарында Майклдың да есімі аталды». Мектепті бітірісімен Майкл баскетбол бағдарламасына жете көңіл бөлінген Солтүстік Каро лина университетінде оқуға ше шім қабылдайды. Оның мықты баскетболшы ретінде қа лыптасып, үлкен же тіс тіктерге жетуіне осы білім ор дасының көп көмегі тиді деуге толық негіз бар. Бұл жерде де Майкл үшін оқудан гөрі өзінің сүйікті ойыны баскетбол маңыздырақ болғаны жасырын емес. Дегенмен ол университеттің негізгі құрамына бірден алына қоймады.Мұндағы бапкерлер назарын өзіне аударту үшін тағы да біраз тер төгуіне тура келді. Ақыры 1982 жылы жоғары оқу орындары арасындағы турнирде ол көпшілікті мойындатты. Джорджтаун университетімен финалдық кездесуде бәсекеге түскен Солтүстік Каролина университеті жиырма жасар, бірінші курстың студенті Майкл Джордан салған шешуші голдың көмегімен жеңіске жетті. Осы оқу ордасының қабырғасында-ақ Майкл ұшатын, әуе Джорданы деген лақап аттарға ие болды. Солтүстік Каролина универ­ситетінің баскетболы Майкл Джордан мен Сэм Перкенсонның арқасында АҚШ ЖОО-лары-ның арасында үш жыл бойы үлкен нәтижелерге иек артты. Майкл Джордан өмірінің жарқын беттері әйгілі «Чикаго буллз» командасымен тікелей байланысты екені даусыз. Осы команданың капитаны бола жүріп ол үлкен биіктерді бағын дырды, талайды тамсандырды.  Авторы: Шалқар Естен.
16.04.2013 05:17 3058

 

Майклдың ата-анасы туралы сөз қозғағанда, оның анасына тартқандығын айта кеткен абзал. Өйткені Джордандар тұқымында бойшаң адамдар әсте болған емес. Олардың ең ұзын дегенінің өзі 183 сантиметрден аспаған көрінеді. Сондай-ақ Майклдың өзі де бойының ұзын болуы үшін аянбай тер төгіп, осы мақсатқа арналған жаттығуларды үзбей жасап отырған. Кім біледі, соның арқасы болар 18-ден 19-ға қараған жылы оның бойы 12,5 сантиметрге бір-ақ секіріп, 198-ге жетеді.
Оның мектеп қабырғасындағы жаттықтырушысы Фред Линч өткенді былайша еске алады: «Майкл 9-сыныпта оқып жүргенінде бойының ұзындығы 183 см. болды. Сол кездің өзінде ол алаңға мектептің негізгі құрамында шыққысы келетін. Бірақ ол сол тұста жоғары сынып оқушылары әкелетіндей нәтижеге қол жеткізе алмайтын-ды. Әйтсе де Майкл өзінің табан дылығының арқасында бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде негізгі құрамнан команданың белді ойыншысы ретінде орын алды. Ал 11-12- сыныптарда оқып жүрген шағында ол тек мек тебіміздің емес, сондай-ақ бүкіл Солтүстік Каро лина штатының үздік ойыншысы болып табылды. Ал кейінірек АҚШ оқушы лары арасындағы үздік он баскетболшының қатарында Майклдың да есімі аталды».
Мектепті бітірісімен Майкл баскетбол бағдарламасына жете көңіл бөлінген Солтүстік Каро лина университетінде оқуға ше шім қабылдайды. Оның мықты баскетболшы ретінде қа лыптасып, үлкен же тіс тіктерге жетуіне осы білім ор дасының көп көмегі тиді деуге толық негіз бар. Бұл жерде де Майкл үшін оқудан гөрі өзінің сүйікті ойыны баскетбол маңыздырақ болғаны жасырын емес. Дегенмен ол университеттің негізгі құрамына бірден алына қоймады.Мұндағы бапкерлер назарын өзіне аударту үшін тағы да біраз тер төгуіне тура келді. Ақыры 1982 жылы жоғары оқу орындары арасындағы турнирде ол көпшілікті мойындатты. Джорджтаун университетімен финалдық кездесуде бәсекеге түскен Солтүстік Каролина университеті жиырма жасар, бірінші курстың студенті Майкл Джордан салған шешуші голдың көмегімен жеңіске жетті. Осы оқу ордасының қабырғасында-ақ Майкл ұшатын, әуе Джорданы деген лақап аттарға ие болды. Солтүстік Каролина универ­ситетінің баскетболы Майкл Джордан мен Сэм Перкенсонның арқасында АҚШ ЖОО-лары-ның арасында үш жыл бойы үлкен нәтижелерге иек артты.
Майкл Джордан өмірінің жарқын беттері әйгілі «Чикаго буллз» командасымен тікелей байланысты екені даусыз. Осы команданың капитаны бола жүріп ол үлкен биіктерді бағын дырды, талайды тамсандырды. 

Авторы: Шалқар Естен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға