Қарулы Күштерде мемлекеттік тілдің қолданысы кеңеюде
16.04.2013 02:56
3881
Бас әскери прокуратура басқармасының әскери прокуроры әділет майоры Ә. Рүстембаев Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтіп, кейбір мәселелер бойынша өзінің ұсыныстарын айтты.
Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы іс қағаздарын жүргізуді қазақ тілінде жүзеге асырылуын қадағалаумен қатар, әскери қызметшілер үшін қазақ тілін оқыту курстарын жүргізеді.
Қазақ тілі кабинеттері заманауи құралдармен толықтай жабдықталған. Тіл үйренушілерге білікті мамандар сабақ береді.
Жиналысты қорытындылаған Қорғаныс министрінің орынбасары И. Ақпомбаев Қарулы Күштерде мемлекеттік тілді дамыту жұмыстарын одан әрі жалғастыру бойынша нақты тапсырмалар қойды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алла Пугачева празднует день рождения