Жаңалықтар

Өзге футболшылар туралы пікірі

  Бір кездері әлемнің теңдессіз үздік футболшысына айналған Роналдиньоның өз қабілет қарымынан бөлек басқа да футболшылардың дарынын жоғары бағалайтын қарапайымдылығы бар. РОНАЛДИНЬО. «Ешкімге ұқсамайтын, әдемі күлкі иесі…» Роналдиньоның алаңдағы әрбір ойыны жанкүйердің қызығушылығын арттырып, сүйспеншілігін оятатын. Ана голы қандай ә?-деп тамсанып жүретіндердің саны да күн санап артып жатты. Расымен-ақ Роналдиньоның пастары діттеген жеріне жетіп, тепкен добы қақпа торынан табылатын. Көздеген нысанасына тұра тигізетін Ронна фтболдың қаһарманына айналды. Футбол құйтырқылтарын жиі жасайтын Роналдиньоның әр финті көптің көз алдында. Допты жақсы меңгерген Ронна, әуеде де доппен әдіс жасап қарсыластарын қапыда қалдыратын. Осындай шебер, қаһарман ойыншы бүгінде аңыз. Роналдиньо сары қағаз алып, ойын тәртібін бұзып жатса да күліп жүретіні бар. Роналдоның қасқа тісіндей болмаса да, Роналдиньоның мәз болғанда алдыңғы азулары көрініп, әдемі күлкінің иесі етіп тұратын. РОНАЛДИНЬО: «Аллегримен келісе алмадым..» Роналдиньо әр ойнаған футбол клубының сапында, әр жағдаймен қоштасып кетеді. Мәселен осыған дейін жұмбақ болып келген «Миланнан» кету себебінің жауабын жақында сұхбат бергенде айтып қалды. «Мен үшін әр алаңға шыққан сәтім маңызды. Бірақ Аллегри мені негізгі құрамда алаңға сирек шығарды. –  Мен ренжідім және психологиялық тұрғыдан да төмендеп кеттім. Мен «Миланға» келгенде нағыз бабымда едім, бірақ Аллегри маған еш мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін клуб ауыстыруыма тұра келді»-депті Ронна. РОНАЛДИНЬО: «Месси мен Неймар – әлем футболының үздіктері» Журналистерге сұхбат беріп отырған Роналдиньоға бір журналист: «Қазіргі ойыншылардан кімдерді үздік дей аласыз? Кімнен үміт күтесіз?»-деген екен. -         Менің көзқарасым бойынша  Неймар футболдың барлық қыры мен сырын ұғынған ойыншы.Ол қазірдің өзінде-ақ Әлем жұртшылығының аузында жүр.  Неймарда мол мүмкіндік бар, дұрыс пайдалана білсе Әлемнің үздік футболшысы болады. Ал екініші ойыншы әлемді мойындатып қойған менің досым – Месси. Кез-келген команданың қорғанысын бұзып өте алатын ойыншы. Месси мен Неймар қос үздік, қазіргі планетамыздың талантты ойыншылары, -деп түйіндеген көрінеді. Роналдиньоның ондық нөмірлі жейдесін «Барселона» сапында киіп жүрген Месси жәнеде ұлттық құрамадағы жейдесіне ие болған Неймардың шеберлігін бүгінде әлем мойындап қойған. Дереккөзі: Серік Қантаев, «Аламан» ұлттық спорт порталы
15.04.2013 04:53 4015

 

Бір кездері әлемнің теңдессіз үздік футболшысына айналған Роналдиньоның өз қабілет қарымынан бөлек басқа да футболшылардың дарынын жоғары бағалайтын қарапайымдылығы бар.

РОНАЛДИНЬО. «Ешкімге ұқсамайтын, әдемі күлкі иесі…»
Роналдиньоның алаңдағы әрбір ойыны жанкүйердің қызығушылығын арттырып, сүйспеншілігін оятатын. Ана голы қандай ә?-деп тамсанып жүретіндердің саны да күн санап артып жатты.
Расымен-ақ Роналдиньоның пастары діттеген жеріне жетіп, тепкен добы қақпа торынан табылатын. Көздеген нысанасына тұра тигізетін Ронна фтболдың қаһарманына айналды. Футбол құйтырқылтарын жиі жасайтын Роналдиньоның әр финті көптің көз алдында. Допты жақсы меңгерген Ронна, әуеде де доппен әдіс жасап қарсыластарын қапыда қалдыратын. Осындай шебер, қаһарман ойыншы бүгінде аңыз. Роналдиньо сары қағаз алып, ойын тәртібін бұзып жатса да күліп жүретіні бар. Роналдоның қасқа тісіндей болмаса да, Роналдиньоның мәз болғанда алдыңғы азулары көрініп, әдемі күлкінің иесі етіп тұратын.

РОНАЛДИНЬО: «Аллегримен келісе алмадым..»
Роналдиньо әр ойнаған футбол клубының сапында, әр жағдаймен қоштасып кетеді. Мәселен осыған дейін жұмбақ болып келген «Миланнан» кету себебінің жауабын жақында сұхбат бергенде айтып қалды.
«Мен үшін әр алаңға шыққан сәтім маңызды. Бірақ Аллегри мені негізгі құрамда алаңға сирек шығарды.

 Мен ренжідім және психологиялық тұрғыдан да төмендеп кеттім. Мен «Миланға» келгенде нағыз бабымда едім, бірақ Аллегри маған еш мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін клуб ауыстыруыма тұра келді»-депті Ронна.

РОНАЛДИНЬО: «Месси мен Неймар – әлем футболының үздіктері»
Журналистерге сұхбат беріп отырған Роналдиньоға бір журналист: «Қазіргі ойыншылардан кімдерді үздік дей аласыз? Кімнен үміт күтесіз?»-деген екен.

-         Менің көзқарасым бойынша  Неймар футболдың барлық қыры мен сырын ұғынған ойыншы.Ол қазірдің өзінде-ақ Әлем жұртшылығының аузында жүр.  Неймарда мол мүмкіндік бар, дұрыс пайдалана білсе Әлемнің үздік футболшысы болады.
Ал екініші ойыншы әлемді мойындатып қойған менің досым – Месси. Кез-келген команданың қорғанысын бұзып өте алатын ойыншы. Месси мен Неймар қос үздік, қазіргі планетамыздың талантты ойыншылары, -деп түйіндеген көрінеді.

Роналдиньоның ондық нөмірлі жейдесін «Барселона» сапында киіп жүрген Месси жәнеде ұлттық құрамадағы жейдесіне ие болған Неймардың шеберлігін бүгінде әлем мойындап қойған.

Дереккөзі: Серік Қантаев, «Аламан» ұлттық спорт порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға