Жаңалықтар

Өсу, өрлеу жолы

  Ол  аңыз ойыншылардың қатарынан. Жанкүйердің жадында алаңда небір құйтырқылығымен, жылдам жүгіріп, ұтымды пас беріп, өткір шабуылдарға араласып кететін ойыншы ретінде қалды. Жұлдызды шақтары Испанияның «Барселона» клубында өтті. Кейінгі клубтарымен биікке көп шыға алмады. Таныс болыңыз: Әлемді шулатқан – қара маржан ойыншы Роналдиньо. РОНАЛДИНЬО. «Өсу, өрлеу жолы». Роналдиньо 1980 жылы 21 наурызда Сан-Лукас перезентханасында, Порту-Алегри қаласында, Риу-Гранди-ду-Сул шататында, отбасында үшінші бала болып дүние есігін ашады. Анасы  Дон Мигуэлина саудагер жәнеде медбикеліккеде қабілеті болған. Әкесі Жуан да Силва Морейра «Гремио» футобл клубының тұрағында қарауыл болып қызмет атқарған.Әкесі жергілікті жанкүйерлерден құрылған «Крузейро» командасының сапында ойнады. Яғни Роналдиньоның футболға деген қызығушылығын оятқан жәнеде алғашқы ұстазы есебінде көше футболына апарып, бағыт-бағдар беріп жүрген әкесі болған. Қара бала, футболдың айналасыдағылардың бәрін таңқалдырады. Үлкен футболға аяқ баспас бұрын, шағын футболдың добын теуіп жүрген Роналдиньо, 13  жасында «Белу-Оризонти» клубының сапында жергілікті командаға қарсы болған ойында 23 гол соғады. Көргендер осынау таллантты баланың шеберлігіне таңданыстарын жасырып қалмайды. 1995  жылы «Гремионың» жасөспірімдер клубына қабылданып, 1997 жылы клубпен алғашқы келсімшартқа отырады. 2001 жылдың 15 ақпанында Францияның, «Пари Сен-Жермен» клубымен қол алысып, бас изесіп келсімге келеді. Франциялық клубтың сапында өзінің өзге қырларын көрсеткен ойыншы, 2003 жылдың 19 шілдесінде әйгілі «Барселона» футбол клубының құрамына қабылданады. «Барселона» сапында жұлдызды ойыншы болады. Маңызды голдар соғады, ұтымды ұтықыр пастар шығарады, ешкімнің ойына кіріп шықпайтын алаңдағы әрекеттерімен ерекше есте қалады. Ронна 2008 жылдың 15 шілдесінде «Барселона» мен қоштасып, Италияндық «Миланның» жаңа ойыншысы болады. «Милан» сапында жарықыраған жұлдызды сәттері сөне бастайды. Көбінде қосалқы құрамнан шығып жүрді. 2011 жылдың 10 қаңтарында өз Отаны Бразилияға оралып, сол елдегі «Фламенго» клубымен келсім жасасып, қол қояды. Алайда көп уақыт өтпей Ронна клубтан кетеді. 2012 жылдың 4 маусымында «Атлетико Минейромен» жарты жылдық келсімшартқа отырады. Қазірде осы клубтың намысын қорғап жүр. Роналдиьоның қашан алаңды тастап кететіні өзіне ғана емес, өзгеге де жұмбақ. Дереккөзі: Серік Қантаев, «Аламан» ұлттық спорт порталы
15.04.2013 04:50 3223

 

Ол  аңыз ойыншылардың қатарынан. Жанкүйердің жадында алаңда небір құйтырқылығымен, жылдам жүгіріп, ұтымды пас беріп, өткір шабуылдарға араласып кететін ойыншы ретінде қалды. Жұлдызды шақтары Испанияның «Барселона» клубында өтті. Кейінгі клубтарымен биікке көп шыға алмады. Таныс болыңыз: Әлемді шулатқан – қара маржан ойыншы Роналдиньо.

РОНАЛДИНЬО. «Өсу, өрлеу жолы».
Роналдиньо 1980 жылы 21 наурызда Сан-Лукас перезентханасында, Порту-Алегри қаласында, Риу-Гранди-ду-Сул шататында, отбасында үшінші бала болып дүние есігін ашады. Анасы  Дон Мигуэлина саудагер жәнеде медбикеліккеде қабілеті болған. Әкесі Жуан да Силва Морейра «Гремио» футобл клубының тұрағында қарауыл болып қызмет атқарған.Әкесі жергілікті жанкүйерлерден құрылған «Крузейро» командасының сапында ойнады. Яғни Роналдиньоның футболға деген қызығушылығын оятқан жәнеде алғашқы ұстазы есебінде көше футболына апарып, бағыт-бағдар беріп жүрген әкесі болған.
Қара бала, футболдың айналасыдағылардың бәрін таңқалдырады.

Үлкен футболға аяқ баспас бұрын, шағын футболдың добын теуіп жүрген Роналдиньо, 13  жасында «Белу-Оризонти» клубының сапында жергілікті командаға қарсы болған ойында 23 гол соғады. Көргендер осынау таллантты баланың шеберлігіне таңданыстарын жасырып қалмайды.
1995  жылы «Гремионың» жасөспірімдер клубына қабылданып, 1997 жылы клубпен алғашқы келсімшартқа отырады. 2001 жылдың 15 ақпанында Францияның, «Пари Сен-Жермен» клубымен қол алысып, бас изесіп келсімге келеді. Франциялық клубтың сапында өзінің өзге қырларын көрсеткен ойыншы, 2003 жылдың 19 шілдесінде әйгілі «Барселона» футбол клубының құрамына қабылданады. «Барселона» сапында жұлдызды ойыншы болады. Маңызды голдар соғады, ұтымды ұтықыр пастар шығарады, ешкімнің ойына кіріп шықпайтын алаңдағы әрекеттерімен ерекше есте қалады. Ронна 2008 жылдың 15 шілдесінде «Барселона» мен қоштасып, Италияндық «Миланның» жаңа ойыншысы болады. «Милан» сапында жарықыраған жұлдызды сәттері сөне бастайды. Көбінде қосалқы құрамнан шығып жүрді. 2011 жылдың 10 қаңтарында өз Отаны Бразилияға оралып, сол елдегі «Фламенго» клубымен келсім жасасып, қол қояды. Алайда көп уақыт өтпей Ронна клубтан кетеді. 2012 жылдың 4 маусымында «Атлетико Минейромен» жарты жылдық келсімшартқа отырады. Қазірде осы клубтың намысын қорғап жүр. Роналдиьоның қашан алаңды тастап кететіні өзіне ғана емес, өзгеге де жұмбақ.

Дереккөзі: Серік Қантаев, «Аламан» ұлттық спорт порталы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға