Жаңалықтар

Кака

  Бүкіл әлем мойындаған футболшылар Бразилия елінен талай шықты,шыға береді де… Мысалы, жасы жиырмаға да толмаған Неймардың алаңдағы әр қимылына әлем көз тігіп отыр. Бірақта менің айтайын деп отырғаным Неймар емес – атақты футболшы Рикардо Кака. Оның өзі қалыптастырған ойын өрнегі бар, қарсыластың айып алаңына қиып берген пастарымен, керемет соққысымен танымал, қысқасы «Аламан» порталының оқырмандарының сүйікті ойыншысы –  Кака жайлы бір үзік сыр. Жас қыран Кака (толық аты-жөні Рика́рдо Изе́ксон дос Са́нтос Ле́йте) 1982 жылдың 22 сәуірінде Бразилияда дүние есігін ашады.Жастайынан әр бір бразилиялық құрмет тұтатын футболмен достасады. Сөйтіп жүріп футбол мамандары көзіне бірден түседі. 1994-2000 жылдары «Сан Паулу» клубының жастар командасында доп тебеді. Өзін тек жақсы қырынан көрсете білген Кака атақты бразилиялық клубтардың қызығушылығын оятады. Тіпті Түркияның «Газиантеспор» командасы Каканы сатып алғысы келетіні туралы ұсыныс білдіреді.. 17 жастағы бозбаланы «Сан Паулу» 1,5 миллион долларға бағалайды, бұл сомадан олар Каканы сатып алу шешімінен бас тартады. Бірақ та Кака өзінің туған командасы «Сан Паулу » командасында қалуға бекем буады.18 жасында-ақ «Сан Паулудың » негізгі құрамадағы ойыншысы атанады. Кака өзінің Бразилия чемпионатындағы алғашқы ойынынан ақ көпшіліктің көзайымына айналып, құрметіне бөленеді. «Сан Паулу» сапындағы алғашқы маусымында-ақ өзі қатысқан 27 ойында 12 доп соғып,әріптестеріне талай голдық пастар сыйлайды. Сөйтіп Еуропа футбол клубтарының қызығушылығын артырады. «Миландағы» маңызды маусымдар 2003 жылы Кака атақты итальялық клуб «Милан » сапына ауысады. Трансфер құны 8,5 млн евро болады. Ол «Миланмен» алғашқы жылы-ақ биік белестерге жетеді. Еуропа суперкубогы мен Итальяның «А » сериясын жеңеді. Алаңда көрегенділігімен,ойлы пастарымен, «Миланның» негізгі ойыншысына айналады, 30 ойында 10 гол соғады. 2004-2005 жылдары «Миланды» Какасыз елестету мүмкін емес еді. Бұл жылы Кака командасымен талай турнирлерде жақсы қырынан танылады. «А» сериясында 7 доп соғады, Италья суперкубогына ие болады, және де ішкі біріншілікте күміс жүлдегер атанады. Кака сол жылы Чемпиондар лигасында алғаш доп тебеді, және де сол жылы –ақ осы лиганың үздік жартылай қорғаушысы атағын алады. «Милан» осы жылы чемпиондар лигасының финалына дейін жетеді. Финалда олар «Ливерпульдан» жеңіліс табады. Осы жылы Кака әлемнің үздік ойыншысы атағына берілетін «Алтын допты» алатындардың арасында 19 ұпайға ие болып 9-орынға ие болады. 2006-2007 жылдары Бразилияның Алтын баласы «Милан » сапында жасындай жарқылдады. Команда «А» сериясында 3 орын алады, және де Чемпиондар лигасын бағындырады. Кака осы лигада 10 доп соғып, ең үздік сұрмерген атанады! Және де Чемпиондар лигасының 2006-2007 жылдағы ең үздік ойыншысы атанады.2007 жылы Кака Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын допқа» ие болады,көп ұзамай ол Фифа тағайындаған әлемнің үздік ойыншысы атағына ие болады!. 2009 жылы Какаға талай клуб құда түседі,100 млн фунт стерлингк төлеуге дайын екендігін «Манчестр сити » байқатады. Бірақта Кака одан бас тартады. Корольдік клубта 2009 жылдың 8 маусымында Кака Испанияның атақты «Реал » 6 жылға келісім-шартқа отырды. Трансфер 70 млн еуро болды. «Ла Лигада» Кака 2009 жылдың 29 тамызында алғашқы матчын өткізді. Ал алғашқы голын 5-тур аясында «Вильяреалмен » ойында соқты. 2010 жылы 10 тамызында кезекті ойындардың бірінде ол ауыр жарақат алды, және ол алаңға келесі жылы ғана шығатынын жасырмады. Арада 8 айдан кейін ғана Кака алаңға оралады… Ал бүгінде бұл ойыншы «Реалдың» қосалқы құрамында отыр. Дереккөзі: «Аламан.кз» ұлттық спорт порталы  
15.04.2013 04:44 3455

 

Бүкіл әлем мойындаған футболшылар Бразилия елінен талай шықты,шыға береді де… Мысалы, жасы жиырмаға да толмаған Неймардың алаңдағы әр қимылына әлем көз тігіп отыр. Бірақта менің айтайын деп отырғаным Неймар емес – атақты футболшы Рикардо Кака. Оның өзі қалыптастырған ойын өрнегі бар, қарсыластың айып алаңына қиып берген пастарымен, керемет соққысымен танымал, қысқасы «Аламан» порталының оқырмандарының сүйікті ойыншысы –  Кака жайлы бір үзік сыр.

Жас қыран

Кака (толық аты-жөні Рика́рдо Изе́ксон дос Са́нтос Ле́йте) 1982 жылдың 22 сәуірінде Бразилияда дүние есігін ашады.Жастайынан әр бір бразилиялық құрмет тұтатын футболмен достасады. Сөйтіп жүріп футбол мамандары көзіне бірден түседі. 1994-2000 жылдары «Сан Паулу» клубының жастар командасында доп тебеді. Өзін тек жақсы қырынан көрсете білген Кака атақты бразилиялық клубтардың қызығушылығын оятады. Тіпті Түркияның «Газиантеспор» командасы Каканы сатып алғысы келетіні туралы ұсыныс білдіреді.. 17 жастағы бозбаланы «Сан Паулу» 1,5 миллион долларға бағалайды, бұл сомадан олар Каканы сатып алу шешімінен бас тартады. Бірақ та Кака өзінің туған командасы «Сан Паулу » командасында қалуға бекем буады.18 жасында-ақ «Сан Паулудың » негізгі құрамадағы ойыншысы атанады.
Кака өзінің Бразилия чемпионатындағы алғашқы ойынынан ақ көпшіліктің көзайымына айналып, құрметіне бөленеді. «Сан Паулу» сапындағы алғашқы маусымында-ақ өзі қатысқан 27 ойында 12 доп соғып,әріптестеріне талай голдық пастар сыйлайды. Сөйтіп Еуропа футбол клубтарының қызығушылығын артырады.

«Миландағы» маңызды маусымдар

2003 жылы Кака атақты итальялық клуб «Милан » сапына ауысады. Трансфер құны 8,5 млн евро болады. Ол «Миланмен» алғашқы жылы-ақ биік белестерге жетеді. Еуропа суперкубогы мен Итальяның «А » сериясын жеңеді. Алаңда көрегенділігімен,ойлы пастарымен, «Миланның» негізгі ойыншысына айналады, 30 ойында 10 гол соғады.
2004-2005 жылдары «Миланды» Какасыз елестету мүмкін емес еді. Бұл жылы Кака командасымен талай турнирлерде жақсы қырынан танылады. «А» сериясында 7 доп соғады, Италья суперкубогына ие болады, және де ішкі біріншілікте күміс жүлдегер атанады. Кака сол жылы Чемпиондар лигасында алғаш доп тебеді, және де сол жылы –ақ осы лиганың үздік жартылай қорғаушысы атағын алады. «Милан» осы жылы чемпиондар лигасының финалына дейін жетеді. Финалда олар «Ливерпульдан» жеңіліс табады.
Осы жылы Кака әлемнің үздік ойыншысы атағына берілетін «Алтын допты» алатындардың арасында 19 ұпайға ие болып 9-орынға ие болады.
2006-2007 жылдары Бразилияның Алтын баласы «Милан » сапында жасындай жарқылдады. Команда «А» сериясында 3 орын алады, және де Чемпиондар лигасын бағындырады. Кака осы лигада 10 доп соғып, ең үздік сұрмерген атанады! Және де Чемпиондар лигасының 2006-2007 жылдағы ең үздік ойыншысы атанады.2007 жылы Кака Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын допқа» ие болады,көп ұзамай ол Фифа тағайындаған әлемнің үздік ойыншысы атағына ие болады!. 2009 жылы Какаға талай клуб құда түседі,100 млн фунт стерлингк төлеуге дайын екендігін «Манчестр сити » байқатады. Бірақта Кака одан бас тартады.

Корольдік клубта

2009 жылдың 8 маусымында Кака Испанияның атақты «Реал » 6 жылға келісім-шартқа отырды. Трансфер 70 млн еуро болды. «Ла Лигада» Кака 2009 жылдың 29 тамызында алғашқы матчын өткізді. Ал алғашқы голын 5-тур аясында «Вильяреалмен » ойында соқты. 2010 жылы 10 тамызында кезекті ойындардың бірінде ол ауыр жарақат алды, және ол алаңға келесі жылы ғана шығатынын жасырмады. Арада 8 айдан кейін ғана Кака алаңға оралады… Ал бүгінде бұл ойыншы «Реалдың» қосалқы құрамында отыр.

Дереккөзі: «Аламан.кз» ұлттық спорт порталы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға