Жаңалықтар

Өңірдің саз-ағарту қызметіндегі бәсеңдік

20-жылдары қаланың саз өмірінде саз-ағарту қызметіндегі айтарлықтай бәсеңдік байқалады. Зиялы қауымның белгілі бір бөлігінің көші-қон үдерісі аспапты топтардың, әуесқой оркестрлердің тарап кетуіне әкеліп соқтырды. 30-жылдардың соңында билік тарапынан өнер қайраткерлерін кудалау Мәскеуден, Ленинградтан. Харьковтан, Минскіден және басқа қалалардан жоғары білімді зиялылардын өңірімізге ағылып келуіне мұрындық болды. Репрессияға ұшырағандардың арасында дарынды сазгерлер бар еді. Олар кейінде облыстың саз-педагогикалық кадрларының бетке үұстарлары болды, тұтастай өңірімізде саз мәдениетін дамытуда елеулі рөл атқарды. Петропавлдың 30 жылдардағы саз мәдениетінің қазынасына жергілікті радиостудияның саз редакторы болып жұмыс істеген Б.Ерзаковичтің іскерлік қызметі айтарлықтай үлес қосты. Кейінде ол Қазақстандағы сазтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі болып, осы заманғы кәсіби қазақ өнерінің дамуына жағдай жасады. Қаланың 40-50 жылдардағы мәдени өмірінде балалар саз мектебінің дарынды оқытушыларының саз-ағарту қызметі көрнекті орын алады. Олардың арасында А.Осипов, Н.Бродский, А.Корсаков, С.Одынец, С.Коншин және басқалар ерекше болды. Соғыстан кейінгі жылдары саз өнерін сүюшілер, жас зиялылар Мұғалімдер үйінде тоғысты. Оның аудиториялары хор, камералық-вокальдық, хореографиялық өнердің бейне бір тұғырына айналды. Байланысшылардың, темір жолшылардың, ет комбинатының, былғары зауытының клубтарындағы кештер қалалықтардың жадында сақталып қалды. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында солтүстікқазақстандықтардың елдің іргелі шығармашылық ұжымдарымен достығы қалыптасты. Солардың ішінде Кубань, Омбы, Воронеж, Урал, Волга және Закарпатье халық хорлары, Грузияның мемлекеттік халық ән-би ансамблі, Красноярскінің Сібір билері мемлекеттік ансамблі, кеңес армиясы мен Тынық мұхит флотының ән-би ансамблі, сондай-ақ Мәскеудің көркем академиялық театры мен Кіші театрының театр-концерт бригадалары бар. 60-жылдардың орта тұсынан бастап өңірдің саз өміріне 1965 жылдың көктемінде ашылған облыстық филармония елеулі түрде ықпал ете бастады. Алғашқы уақыттарда оның жұмысы облыстың аудандарына концерт бригадаларының қызметін көрсетумен шектелді. Бірақ концерт залы пайдалануға берілгеннен кейін оның қызметі айтарлықтай кеңейтілді. 1965-1966 жылдардағы жалғыз ғана маусымның өзінде қаламызға 20-дан астам түрлі концерт бригадалары келді. Мұнда М.Александрович, П.Бунчиков, Г.Гинзбург сияқты танымал орындаушылар, киноактерлері П.Олейников, Н.Крюч ков, Е.Козырева, сазгер Д.Покрасс, мәдениеттің өзге де қайраткерлері болды. Филармонияның өзінің ұжымы да өсіп-жетілді. Бұл уақытта Ш.Жиенқұлованың дарынды шәкірті, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артисі, саз және хореография өнерін насихаттаушы, биші М.Иманқұлованың жетекшілігімен концерт бригадасы жемісті жұмыс істеді.
12.04.2013 10:03 2481

20-жылдары қаланың саз өмірінде саз-ағарту қызметіндегі айтарлықтай бәсеңдік байқалады. Зиялы қауымның белгілі бір бөлігінің көші-қон үдерісі аспапты топтардың, әуесқой оркестрлердің тарап кетуіне әкеліп соқтырды.

30-жылдардың соңында билік тарапынан өнер қайраткерлерін кудалау Мәскеуден, Ленинградтан. Харьковтан, Минскіден және басқа қалалардан жоғары білімді зиялылардын өңірімізге ағылып келуіне мұрындық болды. Репрессияға ұшырағандардың арасында дарынды сазгерлер бар еді. Олар кейінде облыстың саз-педагогикалық кадрларының бетке үұстарлары болды, тұтастай өңірімізде саз мәдениетін дамытуда елеулі рөл атқарды.

Петропавлдың 30 жылдардағы саз мәдениетінің қазынасына жергілікті радиостудияның саз редакторы болып жұмыс істеген Б.Ерзаковичтің іскерлік қызметі айтарлықтай үлес қосты. Кейінде ол Қазақстандағы сазтану ғылымының негізін қалаушылардың бірі болып, осы заманғы кәсіби қазақ өнерінің дамуына жағдай жасады.

Қаланың 40-50 жылдардағы мәдени өмірінде балалар саз мектебінің дарынды оқытушыларының саз-ағарту қызметі көрнекті орын алады. Олардың арасында А.Осипов, Н.Бродский, А.Корсаков, С.Одынец, С.Коншин және басқалар ерекше болды. Соғыстан кейінгі жылдары саз өнерін сүюшілер, жас зиялылар Мұғалімдер үйінде тоғысты. Оның аудиториялары хор, камералық-вокальдық, хореографиялық өнердің бейне бір тұғырына айналды. Байланысшылардың, темір жолшылардың, ет комбинатының, былғары зауытының клубтарындағы кештер қалалықтардың жадында сақталып қалды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында солтүстікқазақстандықтардың елдің іргелі шығармашылық ұжымдарымен достығы қалыптасты. Солардың ішінде Кубань, Омбы, Воронеж, Урал, Волга және Закарпатье халық хорлары, Грузияның мемлекеттік халық ән-би ансамблі, Красноярскінің Сібір билері мемлекеттік ансамблі, кеңес армиясы мен Тынық мұхит флотының ән-би ансамблі, сондай-ақ Мәскеудің көркем академиялық театры мен Кіші театрының театр-концерт бригадалары бар.

60-жылдардың орта тұсынан бастап өңірдің саз өміріне 1965 жылдың көктемінде ашылған облыстық филармония елеулі түрде ықпал ете бастады. Алғашқы уақыттарда оның жұмысы облыстың аудандарына концерт бригадаларының қызметін көрсетумен шектелді. Бірақ концерт залы пайдалануға берілгеннен кейін оның қызметі айтарлықтай кеңейтілді. 1965-1966 жылдардағы жалғыз ғана маусымның өзінде қаламызға 20-дан астам түрлі концерт бригадалары келді. Мұнда М.Александрович, П.Бунчиков, Г.Гинзбург сияқты танымал орындаушылар, киноактерлері П.Олейников, Н.Крюч ков, Е.Козырева, сазгер Д.Покрасс, мәдениеттің өзге де қайраткерлері болды. Филармонияның өзінің ұжымы да өсіп-жетілді. Бұл уақытта Ш.Жиенқұлованың дарынды шәкірті, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген артисі, саз және хореография өнерін насихаттаушы, биші М.Иманқұлованың жетекшілігімен концерт бригадасы жемісті жұмыс істеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға