Жаңалықтар

Театр туралы әңгіме

Петропавлдағы театр туралы әңгімелер XIX ғасырдың 60-жылдарынан басталады. Алайда Петропавл сахнасының тарихы туралы 1886-1887 жылдардың қысқы маусымында сөз болыпты. Әйелдер гимназиясының жертөлесінде қойылымдар көрсетіліп келген. 1887 жылғы қаңтарда Томскінің "Сібір жаршысы" газетінде Петропавлда – қолөнер мен сауда қаласында - А.Г. Горбуновтың басқаруымен драма артистерінің бүтіндей серіктестігі пайда болғаны туралы хабар жарияланды. Маусымнан маусымға дейін сахна өнеріне құмартушылардың қатары көбейе түсті. Қалаға өзінің театры керек болды. 1906 жылы қалалықтардың қаржысына қалалық театрдың жаңа тас ғимараты салынды. Ол Приют, 1907 жылдан бастап Театр атауын алған көшеде бой көтерді. Төңкеріске дейінгі Петропавлда Н.Сарматовтың тобы айтарлықтай елеулі болды. Қойылымдарда жас артистер Е.Л. Ленина (кейін Өзбек КСР-інің халық артисі) және П.С. Некрасов (РКФСР-дің халық артисі) жарқырап өнер көрсетті. Ресейдің көрнекті актерлері М.И. Велизаций мен П.Н. Орленев Петропавлға келіп тұратын. 1913 жылдың көктемінде орыстың ақсүйектер театры өзінің шығармашылық қызметін бастады. Оны бұрынғы антрепренер, тәжірибелі ұйымдастырушы және дарынды актер Н.Сарматов басқарды. М.Горькийдің пьесалары қойылды, А.Островскийдщ шығармалары кеңінен танылды, "Еңбекті жырлаймыз", "Ұлы коммунар" сияқты спектакль-митингілер және басқалары көрсетіліп тұрды. 1920-1930 жылдар аралығында В.Билль-Белоцерковскийдің "Дауыл", "Ай солдан туды", В.Ромашевтің "Аспандағы күлшенан", К.Треневтің "Любовь Яровая", АЛуначарскийдің "У", В.Киршонның "Рельстер ызыңдайды" және "Тамаша қоспа" спектакльдері елеулі қойылымдар болды. 1934 жылы петропавлдықтар "Правданың" тұрақты тілшісі Н.Ф. Погодиннің драматургиясымен алғаш рет танысты, жас драматургтің әлеуметтік көрегендігі, оның пьесаларының мазмұнының өміршеңдігі және айрықша күш-қуаты, жаңа кеиштеп бейнелер ұжымды серпілтті. Отыз жылдан кейін, 1962 жылдың күзінен бері театр кеңес драматургының, Лениндік сыйлықтың иегерінің атымен аталып келеді. С.Мұқановтың орыс тілінде алғаш рет шығарылған "Шоқан Уәлиханов" тарихи драмасы бойынша спектакль 1957 жылы драма театрларының республикалық байқауында бірінші дәрежелі диплом иеленді. 1972 жылғы желтоқсанда бұл өнер ұжымы Театр көшесінен осы күнгі жаңа ғимаратына көшті. 1975 және 1982 жылдары ұжым Алматы қаласында сәтті гастрольдер өткізді. 1982 жылғы шілдеде театрдың кеңес өнерін дамытуға сіңірген еңбегі Қазак КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен атап өтілді. БКЛЖО-ның құрылуының 50 жылдығына А.Фадеевтің "Жас гвардия" спектаклін арнаған ұжым КСРО Мәдениет министрлігінің Естелік туымен марапатталды. 1978 жылы Э.Мановтың "Жас жұбайлар", 1980 жылы Ф.Шиллердің "Мария Стюарт", 1981 жылы Н.Думбадзенің "Мәңгілік заңы" қойылымдары үшін Бүкілодақтың фестивальдердің дипломдары берілді. 1982 жылы Ғ.Мүсіреповтің "Болашаққа аманат" спектаклін қоюшылар республика Мәдениет министрлігінің сыйлығын иеленді. Көптеген жылдар бойы қазақстандық сахнаның "алтын қорына" енген Қазақстан Республикасының халық артистері Тамара Кучина, Геннадий Шарнин, Иван Арчибасов труппаның бетке ұстарлары болып, олардың өнеріне риза көрермендердің жүрегінде өшпес із қалдырды.
12.04.2013 09:31 19042

Петропавлдағы театр туралы әңгімелер XIX ғасырдың 60-жылдарынан басталады. Алайда Петропавл сахнасының тарихы туралы 1886-1887 жылдардың қысқы маусымында сөз болыпты. Әйелдер гимназиясының жертөлесінде қойылымдар көрсетіліп келген.

1887 жылғы қаңтарда Томскінің "Сібір жаршысы" газетінде Петропавлда – қолөнер мен сауда қаласында - А.Г. Горбуновтың басқаруымен драма артистерінің бүтіндей серіктестігі пайда болғаны туралы хабар жарияланды.

Маусымнан маусымға дейін сахна өнеріне құмартушылардың қатары көбейе түсті. Қалаға өзінің театры керек болды. 1906 жылы қалалықтардың қаржысына қалалық театрдың жаңа тас ғимараты салынды. Ол Приют, 1907 жылдан бастап Театр атауын алған көшеде бой көтерді.

Төңкеріске дейінгі Петропавлда Н.Сарматовтың тобы айтарлықтай елеулі болды. Қойылымдарда жас артистер Е.Л. Ленина (кейін Өзбек КСР-інің халық артисі) және П.С. Некрасов (РКФСР-дің халық артисі) жарқырап өнер көрсетті.

Ресейдің көрнекті актерлері М.И. Велизаций мен П.Н. Орленев Петропавлға келіп тұратын.

1913 жылдың көктемінде орыстың ақсүйектер театры өзінің шығармашылық қызметін бастады. Оны бұрынғы антрепренер, тәжірибелі ұйымдастырушы және дарынды актер Н.Сарматов басқарды. М.Горькийдің пьесалары қойылды, А.Островскийдщ шығармалары кеңінен танылды, "Еңбекті жырлаймыз", "Ұлы коммунар" сияқты спектакль-митингілер және басқалары көрсетіліп тұрды.

1920-1930 жылдар аралығында В.Билль-Белоцерковскийдің "Дауыл", "Ай солдан туды", В.Ромашевтің "Аспандағы күлшенан", К.Треневтің "Любовь Яровая", АЛуначарскийдің "У", В.Киршонның "Рельстер ызыңдайды" және "Тамаша қоспа" спектакльдері елеулі қойылымдар болды.

1934 жылы петропавлдықтар "Правданың" тұрақты тілшісі Н.Ф. Погодиннің драматургиясымен алғаш рет танысты, жас драматургтің әлеуметтік көрегендігі, оның пьесаларының мазмұнының өміршеңдігі және айрықша күш-қуаты, жаңа кеиштеп бейнелер ұжымды серпілтті. Отыз жылдан кейін, 1962 жылдың күзінен бері театр кеңес драматургының, Лениндік сыйлықтың иегерінің атымен аталып келеді.

С.Мұқановтың орыс тілінде алғаш рет шығарылған "Шоқан Уәлиханов" тарихи драмасы бойынша спектакль 1957 жылы драма театрларының республикалық байқауында бірінші дәрежелі диплом иеленді.

1972 жылғы желтоқсанда бұл өнер ұжымы Театр көшесінен осы күнгі жаңа ғимаратына көшті. 1975 және 1982 жылдары ұжым Алматы қаласында сәтті гастрольдер өткізді. 1982 жылғы шілдеде театрдың кеңес өнерін дамытуға сіңірген еңбегі Қазак КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен атап өтілді. БКЛЖО-ның құрылуының 50 жылдығына А.Фадеевтің "Жас гвардия" спектаклін арнаған ұжым КСРО Мәдениет министрлігінің Естелік туымен марапатталды. 1978 жылы Э.Мановтың "Жас жұбайлар", 1980 жылы Ф.Шиллердің "Мария Стюарт", 1981 жылы Н.Думбадзенің "Мәңгілік заңы" қойылымдары үшін Бүкілодақтың фестивальдердің дипломдары берілді. 1982 жылы Ғ.Мүсіреповтің "Болашаққа аманат" спектаклін қоюшылар республика Мәдениет министрлігінің сыйлығын иеленді. Көптеген жылдар бойы қазақстандық сахнаның "алтын қорына" енген Қазақстан Республикасының халық артистері Тамара Кучина, Геннадий Шарнин, Иван Арчибасов труппаның бетке ұстарлары болып, олардың өнеріне риза көрермендердің жүрегінде өшпес із қалдырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға