Жаңалықтар

Тарихи-өлкетану мұражайы

1977 жылы Көркем көрмелер дирекциясының көрме залының ашылуы қала мен облыстың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Бір жыл ішінде залда жергілікті суретшілердің ғана емес, Алматының, Мәскеудің және басқа қалалардың қылқалам шеберлерінің 10 көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда Орта Азия мен Закавказье суретшілерінің туындылары, Франция мен Болгариядан шеберлердің көркем суреттері, Надя Рушеваның графикасы, "Түркімен кілемдері", "Прибалтика маржаны", "Қазақ күмісі", "Орыс кәсіппшиктері экспозициялары көрсетілді, "Балалар ойыншықтарының Бүкілодақтық көрмесі" өтті, Русьте христианствоның енгізілуінің 1000 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. 1985 жылы тарихи-өлкетану мұражайының жанында бейнелеу өнері бөлімі ашылды. Ол 1989 жылы дербес мұражайға айналды. Оның қызметкерлері бейнелеу және декоративтік қолданбалы өнердің шығармаларын жинайды, ғылыми-зерттеу және көрме жұмыстарын жүргізеді. Этнографиялық экспедициялар жаңа туындылардың арқасында кесте тігу өнерінің қорларын кеңейтуге мүмкіндік берді. Иконалардың, ашамайлардың, самаурындардың, төсбелгілердің, сағаттардың, үтіктердің жиынтық үлгілері қалыптасты. Бейнелеу өнері шығармаларының қоры негізінен Қазақстан Суретшілер одағының, республика Мәдениет министрлігі көрмелер дирекциясының, Мәскеу қаласындағы Вучетич атындағы ВХПО-ның, сондай-ақ жекелеген суретшілер мен олардың туыстарының тегін тартуларының арқасында толықтырылып отырды. Мұражайда графика шығармаларының үлкен шоғыры бар. Онда Херлуф Бидструптың, А.Остроумова-Лебедеваның, В.Фаворскийдің, Кукрыниксктердің, Е.Сидоркиннің және әлемге әйгілі басқа да суретшілердің шығармалары қойылған. Живопись шоғырына негізінен қазақстандық шеберлердің, соның ішінде қазақ суретшісі Ә.Қастеевтің туындылары енгізілген. Алайда онда Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Украинаның, Орта Азияның, Закавказьенің аса көрнекті суретшілерінің шығармалары да бар. Мүсін өнері туындылары алуан түрлі материалдардан — мәрмәрдан, шамоттан, қоладан, гипстен, ағаштан жасалған. Бұл шоғырда белгілі мүсіншілер О.Комовтың, Н.Никогосянның, Ц.Болданоның, М.Рапопорттың, Л.Ядринцевтің, Ю.Сегальдың шығармалары көрсетіледі. Бейнелеу өнері мұражайы облыс зиялыларының сүйсіне тамашалайтын орнына айналды. Мұнда облыстың, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің озық орындаушыларымен, актерлері мен кездесулер, поэзия, романс кештері, жас өнер ұжымдарының концерттері үнемі өткізіліп тұрады.
12.04.2013 09:29 4980

1977 жылы Көркем көрмелер дирекциясының көрме залының ашылуы қала мен облыстың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Бір жыл ішінде залда жергілікті суретшілердің ғана емес, Алматының, Мәскеудің және басқа қалалардың қылқалам шеберлерінің 10 көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда Орта Азия мен Закавказье суретшілерінің туындылары, Франция мен Болгариядан шеберлердің көркем суреттері, Надя Рушеваның графикасы, "Түркімен кілемдері", "Прибалтика маржаны", "Қазақ күмісі", "Орыс кәсіппшиктері экспозициялары көрсетілді, "Балалар ойыншықтарының Бүкілодақтық көрмесі" өтті, Русьте христианствоның енгізілуінің 1000 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

1985 жылы тарихи-өлкетану мұражайының жанында бейнелеу өнері бөлімі ашылды. Ол 1989 жылы дербес мұражайға айналды. Оның қызметкерлері бейнелеу және декоративтік қолданбалы өнердің шығармаларын жинайды, ғылыми-зерттеу және көрме жұмыстарын жүргізеді.

Этнографиялық экспедициялар жаңа туындылардың арқасында кесте тігу өнерінің қорларын кеңейтуге мүмкіндік берді. Иконалардың, ашамайлардың, самаурындардың, төсбелгілердің, сағаттардың, үтіктердің жиынтық үлгілері қалыптасты. Бейнелеу өнері шығармаларының қоры негізінен Қазақстан Суретшілер одағының, республика Мәдениет министрлігі көрмелер дирекциясының, Мәскеу қаласындағы Вучетич атындағы ВХПО-ның, сондай-ақ жекелеген суретшілер мен олардың туыстарының тегін тартуларының арқасында толықтырылып отырды.

Мұражайда графика шығармаларының үлкен шоғыры бар. Онда Херлуф Бидструптың, А.Остроумова-Лебедеваның, В.Фаворскийдің, Кукрыниксктердің, Е.Сидоркиннің және әлемге әйгілі басқа да суретшілердің шығармалары қойылған. Живопись шоғырына негізінен қазақстандық шеберлердің, соның ішінде қазақ суретшісі Ә.Қастеевтің туындылары енгізілген. Алайда онда Мәскеудің, Санкт-Петербургтің, Украинаның, Орта Азияның, Закавказьенің аса көрнекті суретшілерінің шығармалары да бар.

Мүсін өнері туындылары алуан түрлі материалдардан — мәрмәрдан, шамоттан, қоладан, гипстен, ағаштан жасалған. Бұл шоғырда белгілі мүсіншілер О.Комовтың, Н.Никогосянның, Ц.Болданоның, М.Рапопорттың, Л.Ядринцевтің, Ю.Сегальдың шығармалары көрсетіледі.

Бейнелеу өнері мұражайы облыс зиялыларының сүйсіне тамашалайтын орнына айналды. Мұнда облыстың, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің озық орындаушыларымен, актерлері мен кездесулер, поэзия, романс кештері, жас өнер ұжымдарының концерттері үнемі өткізіліп тұрады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға