Жаңалықтар

70-90 жылдардағы халықтық өнер

Тың және тыңайған жерлерді игеру облысымыздың мәдени өміріндегі айрықша тарау болып табылады. 1955 жылы драма театрларының бірінші республикалық олимпиадасы өтіп, оның нәтижесі бойынша Пресновка және Благовещенка селоларындағы әуесқой ұжымдар грамоталармен марапатталды. 1956-1958 жылдары "Тимирязев" ауданындағы осы аттас кеңшардың әуесқой театры 10 қойылымды сахналады. Преснов ауданындағы Айымжан ауылының театры қазақ тілінде "Махаббат туралы жыр" спектаклін қойып, ол республикалық байқаудың арнайы дипломын иеленді. 1958 жылы Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. Республикалық делегацияның құрамына облыс хореографиясының "алтын қорының" әуесқой бишілері М.Ворожбитова, Г.Боровских, К.Седова, В.Хренов алынды. Өздерінің атақ-даңқын 50-ші жылдардың соңында жарқыратып танытқан қоюшы-балетмейстерлер мен ұстаздар Солтүстік Қазақстанның мақтанышына айналды. 60-90-шы жылдарда әуесқой би өнерінің өрлеуі ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері В.Хреновтің есімімен байланысты.  Ол 1958 жылы "Арай" би-ансамблін құрды. Ансамбль кейіндері "халықтық" атағын алып, көптеген айтулы байқауларда республика намысын қорғады. 70-90-шы жылдар халықтық би өнерін одан әрі дамытумен әйгіленді. Бұл кезеңде "Движение", "Қызылжар", "Тоника", "Өзен", "Полонез", "Карусель". "Экспромт" би театры, балалардың "Кировчаночка" және "Дружные ребята" үлгілі би-ансамбльдері сияқты көптеген ұжымдар құрметке бөленді. 70-ші жылдардың орта тұсы мен 80-ші жылдардың басында облыстағы мәдени құрылыстың жаңа кезеңі басталды. 1974 жылы Петропавлда қалалық кітапхана пайдалануға берілді, 1977 жылы көрме залы, 1979 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашылды. Осы жылдары В.И. Ленин және В.В. Куйбышев атындағы заводтардың Мәдениет сарайлары салынды, облыстық филармонияның үйі қайта жөнделді, "Қазақстан кинотеатры іске қосылды. Бір атап өтерлігі, мәдениет мекемелерінің материалдық базасының дамуы кең ауқымды сипат алды. 80-ші жылдарда облыста 518 Мәдениет үйлері мен клубтар, кітап қоры 4985 мың 497 кітапхана, 76 мұражай, 518 киноқондырғы, 35 мың адам қатысқан 2200 әуесқой көркем ұжым, 33 қазақ және 25 орыс халық аспаптары оркестрлері, 65 хор ұжымы жұмыс істеп, 35 ұжым "халық" атағын иеленді. "Ақ бидай", "Солтүстік мерекесі", "Есіл өңірі ән шырқайды", "Шухов оқулары", "Ойна, сырнай, күмбірле, домбыра" әдеби-сазды және спорт шаралары, балдық билердің "Көктемгі тамшылар" халықаралық конкурстары және басқалары кеңінен дамыды. 1995-1996 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы құрылуының 60 жылдығына арналған "Дала жұлдыздары" мәдени-ағарту акциясы болды. Аудандарда тойлар, жәрмеңкелер, су және спорттық-көркем мерекелер шоғырлары өткізілді. Облыстық филармонияның кәсіпқой артистері, қалалық Мәдениет сарайларының әуесқой артистері селолықтарға өнер көрсетті.
12.04.2013 09:15 6853

Тың және тыңайған жерлерді игеру облысымыздың мәдени өміріндегі айрықша тарау болып табылады. 1955 жылы драма театрларының бірінші республикалық олимпиадасы өтіп, оның нәтижесі бойынша Пресновка және Благовещенка селоларындағы әуесқой ұжымдар грамоталармен марапатталды. 1956-1958 жылдары "Тимирязев" ауданындағы осы аттас кеңшардың әуесқой театры 10 қойылымды сахналады. Преснов ауданындағы Айымжан ауылының театры қазақ тілінде "Махаббат туралы жыр" спектаклін қойып, ол республикалық байқаудың арнайы дипломын иеленді.

1958 жылы Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. Республикалық делегацияның құрамына облыс хореографиясының "алтын қорының" әуесқой бишілері М.Ворожбитова, Г.Боровских, К.Седова, В.Хренов алынды. Өздерінің атақ-даңқын 50-ші жылдардың соңында жарқыратып танытқан қоюшы-балетмейстерлер мен ұстаздар Солтүстік Қазақстанның мақтанышына айналды. 60-90-шы жылдарда әуесқой би өнерінің өрлеуі ҚазКСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері В.Хреновтің есімімен байланысты.  Ол 1958 жылы "Арай" би-ансамблін құрды. Ансамбль кейіндері "халықтық" атағын алып, көптеген айтулы байқауларда республика намысын қорғады.

70-90-шы жылдар халықтық би өнерін одан әрі дамытумен әйгіленді. Бұл кезеңде "Движение", "Қызылжар", "Тоника", "Өзен", "Полонез", "Карусель". "Экспромт" би театры, балалардың "Кировчаночка" және "Дружные ребята" үлгілі би-ансамбльдері сияқты көптеген ұжымдар құрметке бөленді.

70-ші жылдардың орта тұсы мен 80-ші жылдардың басында облыстағы мәдени құрылыстың жаңа кезеңі басталды. 1974 жылы Петропавлда қалалық кітапхана пайдалануға берілді, 1977 жылы көрме залы, 1979 жылы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ашылды. Осы жылдары В.И. Ленин және В.В. Куйбышев атындағы заводтардың Мәдениет сарайлары салынды, облыстық филармонияның үйі қайта жөнделді, "Қазақстан кинотеатры іске қосылды.

Бір атап өтерлігі, мәдениет мекемелерінің материалдық базасының дамуы кең ауқымды сипат алды. 80-ші жылдарда облыста 518 Мәдениет үйлері мен клубтар, кітап қоры 4985 мың 497 кітапхана, 76 мұражай, 518 киноқондырғы, 35 мың адам қатысқан 2200 әуесқой көркем ұжым, 33 қазақ және 25 орыс халық аспаптары оркестрлері, 65 хор ұжымы жұмыс істеп, 35 ұжым "халық" атағын иеленді. "Ақ бидай", "Солтүстік мерекесі", "Есіл өңірі ән шырқайды", "Шухов оқулары", "Ойна, сырнай, күмбірле, домбыра" әдеби-сазды және спорт шаралары, балдық билердің "Көктемгі тамшылар" халықаралық конкурстары және басқалары кеңінен дамыды.

1995-1996 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы құрылуының 60 жылдығына арналған "Дала жұлдыздары" мәдени-ағарту акциясы болды. Аудандарда тойлар, жәрмеңкелер, су және спорттық-көркем мерекелер шоғырлары өткізілді. Облыстық филармонияның кәсіпқой артистері, қалалық Мәдениет сарайларының әуесқой артистері селолықтарға өнер көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға