Жаңалықтар

Исатай Тайманұлы

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012 ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ (1791 – 12.7.1838) – Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған азаттық көтерілістің (1836 – 37) басшысы. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасының беріш руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Бөкей хан И. Т-на ықыласты болып, оны 21 жасында Жайықтағы беріш руына старшын етіп тағайындайды. 1814 ж. 25 қарашада Орынбор губернаторы Р.С. Волконский осы ұсынысты және Бөкей қағазға түсірген қонысын (Кокарев пен Кулпин қорғандарының аралығы) бекітіп береді. Бөкей қайтыс болып, ел билігі оның інісі Сығай Нұралыұлына тигенде И. Т-мен жеке бас араздығы туып, екі арада барымта, ауылды шауып кету оқиғалары орын алады. 1817 ж. Орынбор шекара комиссиясы, старшын Өтеміс Құлманизұлын шаптың деп И. Т-н Сарайшық қамалының түрмесіне жапты. Ел-жұрты 20 мың сом ақша жинап беріп, И. Т-н босатып алды. 1823 ж. Сығай сұлтан тама руының 2 адамын өлтірдің деген желеумен екінші рет түрмеге қаматтырды. Бірақ бұл істе айғақ-дәлелдері жоқ болып, И. Т-н босатуға мәжбүр болады. Жәңгір хан таққа отырған соң И. Т-ның жағдайы жақсарды. 1826 ж. Жәңгір хан И. Т-ның бұрынғы қонысында қала беретінін мақұлдап, қуаттау қағазын береді. Жәңгір ханның тапсыруымен 1826 ж. 29 қарашасында Санкт-Петербургтен қайтып келе жатқан Бұхар елшісін Сарайшық бекінісінде қарсы алып, Астраханға жеткізіп салады. 1927 – 29 жылдар аралығында И. Т. Бөкей ордасы өмірінде айрықша белсенділік көрсетеді. Ол Жәңгір ханның беделін асырып, билігін нығайтуға көп күш салды. Жәңгір ханға қарсы Қайыпқали Есімов сұлтан көтерілісті бастап, Бөкей ордасын дүрліктіргенде, И. Т. хан жасағында жүреді. Көтерілісті басу үшін қырға шыққан Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генстің қауіпсіздігін сақтап, жолбасшы болды. Кейбір старшындарды ханмен мәмілеге келтіру үшін өткізілген Ұялы съезінде Жәңгірге адалдыққа ант етті. Генс оған Бөкей ордасына сіңірген еңбегі үшін Орынбор шекара комиссиясының мадақ грамотасын табыс етті. 1933 ж. Жәңгір хан Каспий жағалауындағы руларды екіге бөліп, бір жағын қайын атасы, ірі жер иеленуші әрі саудагер Қарауылқожа Бабажановқа басқартып қойғаны халықты ашындыра түсті. И. Т. бастаған 8 старшын басқарушының жолсыздықтарын жіпке тізіп, ханға арыз жолдайды. Бірақ оған еш тыйым салынбайды. 1934 жылдың маусымында Жәңгірдің хандық құрғанына 10 жыл толып, той жасалады. Той соңы “би сайлау съезіне” ұласады. Осы жиында Жәңгір мен И. Т. арасына сызат түсіп, алшақтайды. Би сайлауында қарсы шығып, қатты-қатты сөз айтқан батырға Жәңгір хан 60 атан айып тарттырып, әрі біржола ықтыру үшін оны ата қонысынан да айырады. Сонда да И. Т. Қарауылқожаның озбыр билігіне тыйым салуды ханнан батыл талап етіп, хат жазады. Бірақ ханнан ешбір дұрыс жауап болмайды. Керісінше, И. Т-ның өзін кінәлағандай болады. Бұған қасарысқан И. Т. және оны қолдаған кейбір ру старшындары Қарауылқожаға бағынудан бас тартып, ешбір жылу жинап бермейді. Ақыры И. Т. басшылығымен бұқара халық қолына қару алып, ханға қарсы көтеріліске шығады (қ. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс (1836 – 1838)). И. Т. 1878 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ өз-нің бойында болған шайқаста қаза табады. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том
09.11.2012 02:41 4572

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ (1791 – 12.7.1838) – Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған азаттық көтерілістің (1836 – 37) басшысы. Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасының беріш руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы. Бөкей хан И. Т-на ықыласты болып, оны 21 жасында Жайықтағы беріш руына старшын етіп тағайындайды. 1814 ж. 25 қарашада Орынбор губернаторы Р.С. Волконский осы ұсынысты және Бөкей қағазға түсірген қонысын (Кокарев пен Кулпин қорғандарының аралығы) бекітіп береді. Бөкей қайтыс болып, ел билігі оның інісі Сығай Нұралыұлына тигенде И. Т-мен жеке бас араздығы туып, екі арада барымта, ауылды шауып кету оқиғалары орын алады. 1817 ж. Орынбор шекара комиссиясы, старшын Өтеміс Құлманизұлын шаптың деп И. Т-н Сарайшық қамалының түрмесіне жапты. Ел-жұрты 20 мың сом ақша жинап беріп, И. Т-н босатып алды. 1823 ж. Сығай сұлтан тама руының 2 адамын өлтірдің деген желеумен екінші рет түрмеге қаматтырды. Бірақ бұл істе айғақ-дәлелдері жоқ болып, И. Т-н босатуға мәжбүр болады. Жәңгір хан таққа отырған соң И. Т-ның жағдайы жақсарды. 1826 ж. Жәңгір хан И. Т-ның бұрынғы қонысында қала беретінін мақұлдап, қуаттау қағазын береді. Жәңгір ханның тапсыруымен 1826 ж. 29 қарашасында Санкт-Петербургтен қайтып келе жатқан Бұхар елшісін Сарайшық бекінісінде қарсы алып, Астраханға жеткізіп салады. 1927 – 29 жылдар аралығында И. Т. Бөкей ордасы өмірінде айрықша белсенділік көрсетеді. Ол Жәңгір ханның беделін асырып, билігін нығайтуға көп күш салды. Жәңгір ханға қарсы Қайыпқали Есімов сұлтан көтерілісті бастап, Бөкей ордасын дүрліктіргенде, И. Т. хан жасағында жүреді. Көтерілісті басу үшін қырға шыққан Орынбор шекара комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генстің қауіпсіздігін сақтап, жолбасшы болды. Кейбір старшындарды ханмен мәмілеге келтіру үшін өткізілген Ұялы съезінде Жәңгірге адалдыққа ант етті. Генс оған Бөкей ордасына сіңірген еңбегі үшін Орынбор шекара комиссиясының мадақ грамотасын табыс етті.

1933 ж. Жәңгір хан Каспий жағалауындағы руларды екіге бөліп, бір жағын қайын атасы, ірі жер иеленуші әрі саудагер Қарауылқожа Бабажановқа басқартып қойғаны халықты ашындыра түсті. И. Т. бастаған 8 старшын басқарушының жолсыздықтарын жіпке тізіп, ханға арыз жолдайды. Бірақ оған еш тыйым салынбайды. 1934 жылдың маусымында Жәңгірдің хандық құрғанына 10 жыл толып, той жасалады. Той соңы “би сайлау съезіне” ұласады. Осы жиында Жәңгір мен И. Т. арасына сызат түсіп, алшақтайды. Би сайлауында қарсы шығып, қатты-қатты сөз айтқан батырға Жәңгір хан 60 атан айып тарттырып, әрі біржола ықтыру үшін оны ата қонысынан да айырады. Сонда да И. Т. Қарауылқожаның озбыр билігіне тыйым салуды ханнан батыл талап етіп, хат жазады. Бірақ ханнан ешбір дұрыс жауап болмайды. Керісінше, И. Т-ның өзін кінәлағандай болады. Бұған қасарысқан И. Т. және оны қолдаған кейбір ру старшындары Қарауылқожаға бағынудан бас тартып, ешбір жылу жинап бермейді.

Ақыры И. Т. басшылығымен бұқара халық қолына қару алып, ханға қарсы көтеріліске шығады (қ. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс (1836 – 1838)). И. Т. 1878 ж. 12 шілдеде Ақбұлақ өз-нің бойында болған шайқаста қаза табады.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға