Жаңалықтар

Панфиловшылар саябағы

  Жеңіл атлетика тұрғысындағы қай спорттың түрінен де жаман емес еді. Жүгіруге де, жүзуге де. Мек­тептегі денешынықтыру мұға­лі­мі Сыздықов икемін көріп гим­настикаға тартты. Кейін гимнастикадан КСРО спорт шебері, Қазақ­стан­ның бірнеше дүркін чемпионы болған досы Олег Тен де мұның балғын денесіндегі табиғи талант­қа тәнтілікпен таң қалып, гимнастикамен айналысуын соншалықты қалап еді. Тимур болса, бала кезінде геолог болуды армандады. Айт­қандай, сол жылдарда бұлар тұр­ған үйге 8-март пен Комсомол кө­шелерінің қиылысындағы «Қазақ­фильм» киностудиясы да тиіп тұрған-ды. Соның себебімен қазақ киносының негізін қалаушы біртуар Шәкен Айманов ағаның көзіне бір, қолына екі түсіп, кездейсоқта актер де болып кете жаздағаны бар. Кейінірек Тимурдың атағы шыққан кезде Шәкен аға да: «Сонда футболды таңдағаның дұрыс болды. Құдайға шүкір, актерлеріміз баршылық. Сондықтан, қазір қазаққа өзің сияқты жақсы футбол­шылар көбірек керек», деп рия­сыз қуанышын жасырмап еді. Иә, қазақ футболының бағына қарай елуінші жылдардың елең-алаң ортасында жасөспірім Тимур халықтық ойын футболды қалады. Оның спорттық өмірінің өрелі жо­лы, қанат қаққан қия шыңдары, ойын өрнегі, шеберлік деңгейі фу­т­бол қазақтың қанына дарымаған деп әлі күнге көкитіндердің сөзін осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ жоқ­қа шығарып қойған-ды. Отан­дық футболдың бүгінгі жай-күйі мүшкіл болса, ұлттық құрама ха­лық­аралық жарыстарда құлап-сү­рінуден жазбаса, оған кінәлі қазақ­тың қаны мен жаны емес. Оған кінәлі осынау бар халыққа сүйікті спорт түрін дамыта алмай, қаулап өскен қаншама жас түлектердің ара­сынан кезіндегі Тимурдай та­ланттарды таба алмай, соларды дұ­рыс баули алмай отырған футбол төңірегіндегі дарынсыз функционерлер деп білеміз. Әйтпесе, қазақ футболды ешқашан жатырқап, жат­сынбаған. Көкпары, жамбы атуы, жаяу бәйгесі, арқан тартыспағы, асық атыспағы, ат үстінен күміс ілуі, аударыспағы, басқа да қызу­қанды спорттық ойындарының неше атасы болған халқымыздың футболды да әу бастан-ақ жанын­дай сүйгендігіне дәлелдер көп. Таратып айтар болсақ, әңгіме ұзап кетпек. Ал, дәлелдің ең үлкені сол, футбол қазақ өрені Тимур Сегіз­баевтың бүкіл тағдырына, ал Сегізбаев қазақ футболының басты тұлға­сына айналғандығы. Жаңағы айтқан Панфилов­шы­лар саябағы футбол десе ішкен асын жерге қоятын оқушы бала­лар­дың сүйікті мекені болды. Ал­ма­ты төңірегінде, Алатау бау­ра­йында не көп? Пионер лагері көп. Соның бәрінде балалардың жеңсік ойыны – ең бірінші, футбол. Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»
12.04.2013 06:29 3236

 

Жеңіл атлетика тұрғысындағы қай спорттың түрінен де жаман емес еді. Жүгіруге де, жүзуге де. Мек­тептегі денешынықтыру мұға­лі­мі Сыздықов икемін көріп гим­настикаға тартты. Кейін гимнастикадан КСРО спорт шебері, Қазақ­стан­ның бірнеше дүркін чемпионы болған досы Олег Тен де мұның балғын денесіндегі табиғи талант­қа тәнтілікпен таң қалып, гимнастикамен айналысуын соншалықты қалап еді. Тимур болса, бала кезінде геолог болуды армандады. Айт­қандай, сол жылдарда бұлар тұр­ған үйге 8-март пен Комсомол кө­шелерінің қиылысындағы «Қазақ­фильм» киностудиясы да тиіп тұрған-ды. Соның себебімен қазақ киносының негізін қалаушы біртуар Шәкен Айманов ағаның көзіне бір, қолына екі түсіп, кездейсоқта актер де болып кете жаздағаны бар. Кейінірек Тимурдың атағы шыққан кезде Шәкен аға да: «Сонда футболды таңдағаның дұрыс болды. Құдайға шүкір, актерлеріміз баршылық. Сондықтан, қазір қазаққа өзің сияқты жақсы футбол­шылар көбірек керек», деп рия­сыз қуанышын жасырмап еді.

Иә, қазақ футболының бағына қарай елуінші жылдардың елең-алаң ортасында жасөспірім Тимур халықтық ойын футболды қалады. Оның спорттық өмірінің өрелі жо­лы, қанат қаққан қия шыңдары, ойын өрнегі, шеберлік деңгейі фу­т­бол қазақтың қанына дарымаған деп әлі күнге көкитіндердің сөзін осыдан жарты ғасыр бұрын-ақ жоқ­қа шығарып қойған-ды. Отан­дық футболдың бүгінгі жай-күйі мүшкіл болса, ұлттық құрама ха­лық­аралық жарыстарда құлап-сү­рінуден жазбаса, оған кінәлі қазақ­тың қаны мен жаны емес. Оған кінәлі осынау бар халыққа сүйікті спорт түрін дамыта алмай, қаулап өскен қаншама жас түлектердің ара­сынан кезіндегі Тимурдай та­ланттарды таба алмай, соларды дұ­рыс баули алмай отырған футбол төңірегіндегі дарынсыз функционерлер деп білеміз. Әйтпесе, қазақ футболды ешқашан жатырқап, жат­сынбаған. Көкпары, жамбы атуы, жаяу бәйгесі, арқан тартыспағы, асық атыспағы, ат үстінен күміс ілуі, аударыспағы, басқа да қызу­қанды спорттық ойындарының неше атасы болған халқымыздың футболды да әу бастан-ақ жанын­дай сүйгендігіне дәлелдер көп. Таратып айтар болсақ, әңгіме ұзап кетпек. Ал, дәлелдің ең үлкені сол, футбол қазақ өрені Тимур Сегіз­баевтың бүкіл тағдырына, ал Сегізбаев қазақ футболының басты тұлға­сына айналғандығы.

Жаңағы айтқан Панфилов­шы­лар саябағы футбол десе ішкен асын жерге қоятын оқушы бала­лар­дың сүйікті мекені болды. Ал­ма­ты төңірегінде, Алатау бау­ра­йында не көп? Пионер лагері көп. Соның бәрінде балалардың жеңсік ойыны – ең бірінші, футбол.

Дереккөзі: Қоғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға