Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы: Халқы

Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   Халқы. Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген. 1897 ж. бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 – 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. – 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. – 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 – 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1937 ж. алғашқылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. Олар негізінен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшірілген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нің 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтің батыс облыстарынан поляктар көшіріліп әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына ірге тепті. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 – 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірілді. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңт. Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшірілді. Одақтық үкіметтің 1943 ж. күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелінді. Л.Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтерді тазарту туралы” 1944 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңт. аймақтарына қоныс тепті. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тінің қаулысымен Грузиядан көшірілетін арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкіметіне өкім берілді. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңт. Қазақстан обл-тарына месхеттік түріктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейін Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954 – 56 ж.) және өнеркәсіп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 – 65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төм. деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 – 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жетті (қ. 4-кесте). 1990 жылға дейін Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады. Төңкеріске дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай минералдық шикізат қорларын игеру, ірі т. ж. құрылыстарын салу, т.б. факторлар әсер етті. 1939 ж. қала халқы 3,3 есе өсіп, қалалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елді мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесі 1939 ж. 28,8%-дан, 1986 ж. 62,6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 ірі, 11 орта, 51 кіші), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды (қ. 3-кесте). Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км2) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км2-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер – Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қ-н қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км2-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар – Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы  1 км2-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км2-ге 3,3 адамнан келеді. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңт. Қазақстан аймағындағы Қызылорда обл. Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км2-ге келетін орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімш.-аум. бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елді мекен болады. Ресми статист. мәлімет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады. Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесі 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең ірі қалалары – Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде ірілері: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Теміртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екібастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте). Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы – Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары) (қ. 2-кесте). Әдетте қазақтар көбінесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесі 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жетті. Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша (2003) әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда – 1258500, Моңғолияда – 83000, Ауғанстанда – 28000, Түркияда – 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерінде – 2500, Германияда – 700, Жапонияда – 400, Австралияда – 400. Бельгияда – 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда – 20, Кубада – 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бірге Францияда – 172, Швецияда – 51, Пәкстанда – 36, АҚШ-та – 23; Австрияда – 18, Швейцарияда – 4, Данияда – 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның ішінде Өзбекстанда – 966000, Ресейде – 687800, Түрікменстанда – 87600, Қырғызияда – 42600, Украинада – 10500, Тәжікстанда – 10000, Әзербайжанда – 4000, Грузияда – 3000, Молдовада – 2000, Арменияда – 500, Беларусьте – 300 адам тұрады. Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен әйелдер саны 30 – 34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді. 60 – 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым. Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі 6,1%. Орташа арифмет. жас – небәрі 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлігі жастар мен балалар. Қазақстан халқының білімділік индексі мен сауаттылық көрсеткіші жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жетті. Соңғы он жылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерінің үлесі 67%. Экономика салаларында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және арнаулы орта білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта білімділер тиісінше 234 және 296 болды. Қазіргі кезде жалпы білім беретін мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазіргі кезде 3455 мектеп мемл. тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге сабақ орыс тілінде жүргізілетін 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тілінде – 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тілінде – 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжік тілінде – 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тілінде – 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар. Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады әрі қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкіл табиғи өсімінің 63,5%-ын құраған болса, бұл өсім 1991 ж. – 72,4%, 1993 ж. – 88,2%, 1995 ж. – 88,0% болды; қ. 4-кесте. Ә.Арғынбаев, С.Бизақов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том   cl�Lat��hb�'text-align:justify'>Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том    
09.11.2012 02:37 19563

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

Халқы. Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгеріс болды. Мыс., қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейіп, республика халқының жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген (23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өсті. Оның есесіне орыс ұлты өкілдерінің саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кеміді, немістер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың (22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кеміген.

1897 ж. бүкілресейлік халық санағының мәліметі бойынша, қазіргі Қазақстан аумағындағы халықтың 80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 – 1913 ж. аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар, ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебінен 1 264,0 мың адамға көбейген. Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткіші мынадай: 1897 ж. 4333 мың адам, 1913 ж. – 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970 ж. 13009 мың, 1979 ж. – 14684 мың. Кеңестік дәуірде, әсіресе, 1930 жылдан кейін Қазақстан жеріне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 – 44 ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшіру науқаны жүргізілді. 1937 ж. алғашқылардың бірі болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшірілді. Олар негізінен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзірбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшірілген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нің 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтің батыс облыстарынан поляктар көшіріліп әкелінді. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына ірге тепті. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Еділ бойынан неміс жұртшылығы, сонан соң 1944 – 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немістер көшірілді. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңт. Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшірілді. Одақтық үкіметтің 1943 ж. күзде қабылдаған шешімі бойынша келесі жылдың көктемі мен күзінде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшірілді. 1944 ж. ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелінді. Л.Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтерді тазарту туралы” 1944 ж. 13 сәуірдегі бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен гректерді көшіру науқаны жүргізілді. Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңт. аймақтарына қоныс тепті. 1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тінің қаулысымен Грузиядан көшірілетін арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан үкіметіне өкім берілді. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған, Оңт. Қазақстан обл-тарына месхеттік түріктер мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейін Қазақстанға басқа халықтардың көп мөлшерде көшіп келуі тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде (1954 – 56 ж.) және өнеркәсіп нысандарын қарқынды салу жылдары (1959 – 65) көбейді. Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергілікті халық саналатын қазақтардың үлесі ең төм. деңгейге жетті (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшіп келушілер мөлшері біршама азайып, жыл сайынғы мөлшері 60 – 70 мыңдай адам болды. 80-жылдардың екінші жартысынан, әсіресе, 1990 жылдан кейін Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшіп кетушілер саны өсе бастады. Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жетті (қ. 4-кесте).

1990 жылға дейін Қазақстан халқының демогр. жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты, сондай-ақ, нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсерімен қала тұрғындарының саны өсе бастады.

Төңкеріске дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-ы тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның бай минералдық шикізат қорларын игеру, ірі т. ж. құрылыстарын салу, т.б. факторлар әсер етті. 1939 ж. қала халқы 3,3 есе өсіп, қалалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Соғыс жылдарында жаңадан 28 қалалық елді мекен пайда болды. 100 мыңнан астам тұрғыны бар қалалар халқының үлесі 1939 ж. 28,8%-дан, 1986 ж. 62,6%-ға артты. 1986 ж. Қазақстанда 83 қала (21 ірі, 11 орта, 51 кіші), 204 кентте жалпы халықтың 58,0%-ы тұрды. 1985 жылдың басында Қазақстанда ауыл-село халқының саны 1970 жылға қарағанда 5,0%-ға артып, жалпы халықтың 42,9%-ын қамтыды (қ. 3-кесте).

Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км2) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км2-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер – Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қ-н қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км2-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар – Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км2-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы  1 км2-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км2-ге 3,3 адамнан келеді. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңт. Қазақстан аймағындағы Қызылорда обл. Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км2-ге келетін орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан.

1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімш.-аум. бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елді мекен болады. Ресми статист. мәлімет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады.

Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесі 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең ірі қалалары – Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде ірілері: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Теміртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екібастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте).

Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы – Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары) (қ. 2-кесте).

Әдетте қазақтар көбінесе ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы он жылдықта олардың қалаларға көшу қарқыны жоғары болды. 1989 ж. қалада тұратын қазақтардың үлесі 38,3% болса, 1999 ж. 45,3%-ға жетті.

Консулдық қызмет департаменті басқармасының соңғы мәліметі бойынша (2003) әрбір үшінші қазақ шет елдерде тұрады, олардың жалпы саны 3,5 млн. адам. Алыс шет елдерде: Қытайда – 1258500, Моңғолияда – 83000, Ауғанстанда – 28000, Түркияда – 20000, Иранда 3450; Балтық жағалауы елдерінде – 2500, Германияда – 700, Жапонияда – 400, Австралияда – 400. Бельгияда – 28, Сауд Аравиясында 28, Норвегияда – 20, Кубада – 2 адам тұрады. Барлығы 1397028 адам. Сонымен бірге Францияда – 172, Швецияда – 51, Пәкстанда – 36, АҚШ-та – 23; Австрияда – 18, Швейцарияда – 4, Данияда – 4 отбасы тұрады. Жақын шет елдерде 1814300 қазақ, оның ішінде Өзбекстанда – 966000, Ресейде – 687800, Түрікменстанда – 87600, Қырғызияда – 42600, Украинада – 10500, Тәжікстанда – 10000, Әзербайжанда – 4000, Грузияда – 3000, Молдовада – 2000, Арменияда – 500, Беларусьте – 300 адам тұрады.

Қазақстанда ер балалардың дүниеге келуі басым болғанымен әйелдер саны 30 – 34 жастан бастап айтарлықтай көбейеді. 60 – 69 жаста 1,5 есе, 70 жаста 3 есе артады. Тұтастай алғанда, республикада әйелдер саны ерлерден басым.

Қазақ халқы жас ұлтқа жатады. Оның жас айырмашылығы құрылымында 9 жасқа дейінгі балалар 22,0%. Ал тұтастай алғанда, 19 жасқа дейінгі жастар 43,9%; 60 және одан жоғары жастағы тұрғындар үлесі 6,1%. Орташа арифмет. жас – небәрі 25 жас. Яғни қазақ халқының басым бөлігі жастар мен балалар.

Қазақстан халқының білімділік индексі мен сауаттылық көрсеткіші жоғары деңгейде. 1990/91 оқу жылы Қазақстандағы 55 жоғары оқу орнында 287,4 мың студент оқыған болса, 1999/2000 оқу жылында жоғары оқу орындарының саны 163-ке, ал ондағы оқитындар саны 365,4 мыңға жетті. Соңғы он жылдықта жергілікті тұрғындардың білім алуында серпіліс пайда болды. Әрбір 1000 адамның 126-сы жоғары білімді. Әсіресе, студенттер санының қазақ жастары есебінен күрт өсуі 90-жылдардың басынан басталды. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы қазақ студенттерінің үлесі 67%. Экономика салаларында еңбек ететіндер арасындағы жоғары және арнаулы орта білімділер үлесі айтарлықтай өсті: егер 1989 ж. 1000 адамға шаққанда жоғары білімділер саны орта есеппен 130 адам болса, 1999 ж. 212; арнаулы орта білімділер тиісінше 234 және 296 болды.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін мемл. мектептерде 3101,4 мың оқушы оқиды, олардың 1661,3 мыңы ауылдық жерлерде білім алуда. 1997 ж. республикадағы жалпы білім беретін жеке меншік (беймемл.) мектеп саны 124 болды, онда 13,5 мың оқушы оқыды. Қазіргі кезде 3455 мектеп мемл. тілде жұмыс істейді. Онда 1530,1 мың оқушы оқиды. Сонымен бірге сабақ орыс тілінде жүргізілетін 2522 мектеп (1462,4 мың оқушы); өзбек тілінде – 78 мектеп (77,2 мың оқушы); ұйғыр тілінде – 14 мектеп (22,3 мың оқушы); тәжік тілінде – 3 мектеп (2,5 мың оқушы), украин тілінде – 1 мектеп (0,1 мың оқушы) және аралас тілде оқытатын 2112 мектеп бар.

Қазақстан үшін табиғи өсім тұрғындар саны өсуінің негізгі көзі болып табылады әрі қазақ халқы өсімінің басты факторы болып қала береді. Мыс., қазақтардың табиғи оң өсімі 1989 ж. Қазақстан тұрғындарының бүкіл табиғи өсімінің 63,5%-ын құраған болса, бұл өсім 1991 ж. – 72,4%, 1993 ж. – 88,2%, 1995 ж. – 88,0% болды; қ. 4-кесте.

Ә.Арғынбаев, С.Бизақов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

cl�Lat��hb�'text-align:justify'>Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға