Жаңалықтар

Жалғыз басты және жеке тұратын зейнеткерлер

Жалғыз басты және жеке тұратын зейнеткерлер қамқорлық пен күтімнен тыс қалып отырған жоқ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары 2659 адамды есепке қойды. Әйде әлеуметтік көмек көрсетудің 27 бөлімшесі облыстың 2657 жалғызбасты еңбекке қабілетсіз тұрғындарына қызмет етеді. Осы шығындарға жергілікті бюджеттен 2006 жылы 95,6 миллион теңге бөлінді. Облыс басшысының бастамасымен 2005 жылы медициналық қызметін 600-ге жуық адам пайдаланған мүгедектерді оңалту орталығы құрылды. Әнемі күтімді қажет ететін жалғыз басты 360 егде жанға қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов интернат-үйі бар, ал 2006 жылы Тайынша қаласында 120 орындық "Надежда" интернат-үйі ашылды. Петропавл қаласы ардагерлерінің 2005 жылғы қарашадағы есеп беру-сайлау конференциясында делегаттар дәрі-дәрмектер бағасының жоғары екенін айтқан болатын. Облыс басшылары бұл ескертулерге дереу құлақ асып, төрт ай өтпей-ақ, соғыс және еңбек ардагерлері, тұрмысы төмен зейнеткерлер үшін қалада "Ардагер" әлеуметтік дәріханасын ашты. Оның компьютерлік деректер қорына облыс орталығының 7085 тұрғынының аты-жөні түсіріліп, енді олар дәрі-дәрмекті 20 пайыздық жеңілдікпен ала алады. Осы мақтадан, дәке мен йодтан бастап, қымбат тұратын дәрі-дәрмектерге дейінгі 1700 атаулы фармацевтік тауарлар егде жастағы адамдарға қажет. Қалалық ардагерлер кеңесі жеңілдік алушылардың тізімін бекітеді және дәріхана қызметіне бақылау жасайды. "Ардагердің" ашылу салтанатында облыс әкімі Тайыр Мансұров, мұндай дәріханалар жүйесі Петропавлда кеңейтіледі, олар облыс аудандарында да ашылады деді. Петропавлда 2006 жылы тағы осындай бір дәріхана ашылды. Сонымен бірге, облыс әкімі әлеуметтік қорғау органдарына дәрі-дәрмектерді ардагерлердің үйіне жеткізіп беруді ұйымдастыру мүмкіндігін зерттеуге тапсырма берді. Солтүстік Қазақстанның 3000-ға жуық тұрғыны Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардабын жою жөніндегі жұмыстарға қатысты. Қазіргі уақытта облыста 500-ден астам апат зардабын жоюшылар бар, олардың жартысынан астамы – мүгедектер. Осы адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттың 20 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Петропавлда тұратын барлық чернобыльшыларды әлеуметтік дәріханаға бекітуге өкім берді. Ол сондай-ақ аудан басшылары мен тиісті департаменттер бастықтарының апатты жоюшылардын әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі көңіл бөлулері қажеттігіне назар аударды.
12.04.2013 04:21 3856

Жалғыз басты және жеке тұратын зейнеткерлер қамқорлық пен күтімнен тыс қалып отырған жоқ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары 2659 адамды есепке қойды. Әйде әлеуметтік көмек көрсетудің 27 бөлімшесі облыстың 2657 жалғызбасты еңбекке қабілетсіз тұрғындарына қызмет етеді. Осы шығындарға жергілікті бюджеттен 2006 жылы 95,6 миллион теңге бөлінді.

Облыс басшысының бастамасымен 2005 жылы медициналық қызметін 600-ге жуық адам пайдаланған мүгедектерді оңалту орталығы құрылды. Әнемі күтімді қажет ететін жалғыз басты 360 егде жанға қарттар мен мүгедектерге арналған Смирнов интернат-үйі бар, ал 2006 жылы Тайынша қаласында 120 орындық "Надежда" интернат-үйі ашылды.

Петропавл қаласы ардагерлерінің 2005 жылғы қарашадағы есеп беру-сайлау конференциясында делегаттар дәрі-дәрмектер бағасының жоғары екенін айтқан болатын. Облыс басшылары бұл ескертулерге дереу құлақ асып, төрт ай өтпей-ақ, соғыс және еңбек ардагерлері, тұрмысы төмен зейнеткерлер үшін қалада "Ардагер" әлеуметтік дәріханасын ашты. Оның компьютерлік деректер қорына облыс орталығының 7085 тұрғынының аты-жөні түсіріліп, енді олар дәрі-дәрмекті 20 пайыздық жеңілдікпен ала алады. Осы мақтадан, дәке мен йодтан бастап, қымбат тұратын дәрі-дәрмектерге дейінгі 1700 атаулы фармацевтік тауарлар егде жастағы адамдарға қажет. Қалалық ардагерлер кеңесі жеңілдік алушылардың тізімін бекітеді және дәріхана қызметіне бақылау жасайды. "Ардагердің" ашылу салтанатында облыс әкімі Тайыр Мансұров, мұндай дәріханалар жүйесі Петропавлда кеңейтіледі, олар облыс аудандарында да ашылады деді. Петропавлда 2006 жылы тағы осындай бір дәріхана ашылды. Сонымен бірге, облыс әкімі әлеуметтік қорғау органдарына дәрі-дәрмектерді ардагерлердің үйіне жеткізіп беруді ұйымдастыру мүмкіндігін зерттеуге тапсырма берді.

Солтүстік Қазақстанның 3000-ға жуық тұрғыны Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардабын жою жөніндегі жұмыстарға қатысты. Қазіргі уақытта облыста 500-ден астам апат зардабын жоюшылар бар, олардың жартысынан астамы – мүгедектер. Осы адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттың 20 жылдығы қарсаңында облыс әкімі Петропавлда тұратын барлық чернобыльшыларды әлеуметтік дәріханаға бекітуге өкім берді. Ол сондай-ақ аудан басшылары мен тиісті департаменттер бастықтарының апатты жоюшылардын әлеуметтік мәселелерін шешуге үнемі көңіл бөлулері қажеттігіне назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға