Жаңалықтар

ҚР 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы

Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының осы кезеңге арналған аймақтық тұрғын үй құрылыс жинағының несиелік жүйесін жетілдіру міндеті көзделді. Құжат қабылданғаннан бергі уақыт ішінде осы әлеуметтік саланың маңызды секторында айтарлықтай өзгерістер болды: іске қосылған тұрғын үйлер көлемі күрт өсуде. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, 2004 жылдың өзінде 64,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ол 2003 жылға қарағанда 25 мыңға көп. 2004 жылдың шілдесінен бастап 2005 жылы пайдаланылуға берілуге тиісті көппәтерлі үйлер құрылысы басталды. Республикалық бюджеттен коммуналдық тұрғын үй салуға 493,8 миллион теңге бөлінді, соның арқасында Петропавлда 60 және 41 пәтерлі үйлердің құрылысын аяқтау және 100 пәтерлік үй салу қолға алынды. Ипотекалық құрылысқа арналған 318 миллион теңге үш тұрғын үй (220 пәтер) тұрғызуды бастауға және облыс орталығындағы 86 пәтерлік үйдің бірінші кезегін бастауға мүмкіндік берді. Облыстық бюджеттен бөлінген 99 миллион теңге көлеміндегі қаржы есебінен бір мезгілде сыртқы инженерлік жүйелер құрылысы қамтамасыз етілді. 2005 жыл ішінде тапсырмадағы 98,4 мыңның орнына, облыста 120,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 1266 пәтер пандалануға берілді. 4300-ден астам адам өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Жалпы аумағы 15,3 мың шаршы метр үш коммуналдық үй немесе 201 пәтер тапсырылды. Ол тапсырмадан 1,5 есе көп. Ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша трансферттер есебінен жалпы аумағы 26,6 мың шаршы метр 263 пәтер тапсырылды, ол жоспардағыдан 1,2 есе артық. Заңды және жеке тұлғалардың қаржысына жалпы аумағы 78,5 мың шаршы метр 802 пәтер тұрғызылды. Соның ішінде селолық жерлерде 56,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, ол да берілген тапсырмадан асып түседі. Облыс орталығында 64,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни 2004 жылға қарағанда 1,8 есе артық. Пәтерлердің жайлылық деңгейі де анағұрлым арта түсті. Бағдарламада көзделген 2005 жылдың нормативтері 118,9 пайызға орындалды. 2006 жылы 127,5 мың шаршы метр, соның ішінде Петропавлда — 62,2, ал аудандарда 65,3 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген болатын. Олардың 8,1 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйі – республикалық бюджеттің ресми трансферттері есебінен, 21,9 мыңы — ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша, 97,5 мың шаршы метрі — заңды және жеке тұлғалардың қаржысы есебінен жүргізілді. Қойылған міндеттер табысты орындалды: барлық қар жыландыру көздерінен түскен қаржылар есебінен тұрғызылған 150,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.
12.04.2013 04:14 4015

Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының осы кезеңге арналған аймақтық тұрғын үй құрылыс жинағының несиелік жүйесін жетілдіру міндеті көзделді. Құжат қабылданғаннан бергі уақыт ішінде осы әлеуметтік саланың маңызды секторында айтарлықтай өзгерістер болды: іске қосылған тұрғын үйлер көлемі күрт өсуде. Қолданылған шаралардың нәтижесінде, 2004 жылдың өзінде 64,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ол 2003 жылға қарағанда 25 мыңға көп. 2004 жылдың шілдесінен бастап 2005 жылы пайдаланылуға берілуге тиісті көппәтерлі үйлер құрылысы басталды. Республикалық бюджеттен коммуналдық тұрғын үй салуға 493,8 миллион теңге бөлінді, соның арқасында Петропавлда 60 және 41 пәтерлі үйлердің құрылысын аяқтау және 100 пәтерлік үй салу қолға алынды. Ипотекалық құрылысқа арналған 318 миллион теңге үш тұрғын үй (220 пәтер) тұрғызуды бастауға және облыс орталығындағы 86 пәтерлік үйдің бірінші кезегін бастауға мүмкіндік берді. Облыстық бюджеттен бөлінген 99 миллион теңге көлеміндегі қаржы есебінен бір мезгілде сыртқы инженерлік жүйелер құрылысы қамтамасыз етілді.

2005 жыл ішінде тапсырмадағы 98,4 мыңның орнына, облыста 120,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 1266 пәтер пандалануға берілді. 4300-ден астам адам өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты. Жалпы аумағы 15,3 мың шаршы метр үш коммуналдық үй немесе 201 пәтер тапсырылды. Ол тапсырмадан 1,5 есе көп. Ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша трансферттер есебінен жалпы аумағы 26,6 мың шаршы метр 263 пәтер тапсырылды, ол жоспардағыдан 1,2 есе артық. Заңды және жеке тұлғалардың қаржысына жалпы аумағы 78,5 мың шаршы метр 802 пәтер тұрғызылды. Соның ішінде селолық жерлерде 56,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, ол да берілген тапсырмадан асып түседі. Облыс орталығында 64,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни 2004 жылға қарағанда 1,8 есе артық. Пәтерлердің жайлылық деңгейі де анағұрлым арта түсті. Бағдарламада көзделген 2005 жылдың нормативтері 118,9 пайызға орындалды.

2006 жылы 127,5 мың шаршы метр, соның ішінде Петропавлда — 62,2, ал аудандарда 65,3 мың шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген болатын. Олардың 8,1 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үйі – республикалық бюджеттің ресми трансферттері есебінен, 21,9 мыңы — ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша, 97,5 мың шаршы метрі — заңды және жеке тұлғалардың қаржысы есебінен жүргізілді.

Қойылған міндеттер табысты орындалды: барлық қар жыландыру көздерінен түскен қаржылар есебінен тұрғызылған 150,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға