Жаңалықтар

Мектепке дейінгі балалар мекемелері жүйесі көбейді

Сол сияқты 2006 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үздік студентіне және үздік тарихшы-студентіне Манаш Қозыбаев атындағы екі сыйлық тағайындады. Мектепке дейінгі балалар мекемелері жүйесі көбейді. 50 балалар бақшасынан және 32 мектепке дейінгі шағын орталықтардан 2006 жылы алты балалар бақшасы мен үш шағын орталық пайдалануға берілді. Ақжар ауданының Ленинград селосында 2006 жылы бұрыннан бар ғимаратты 120 орындық балалар бақшасы етіп қайта жаңарту жұмысы басталды, облыс орталығында 320 орындық балалар бақшасы құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге көптеген мектепке дейінгі мекемелердің базалық негізі нығайып, жетіле түсті. Бұған айқын мысал — оқыту жүйесі қазақ және орыс тілдеріндегі "Айгөлек" балалар бақшасы. Оны тапсырған кезде облыс әкімі Тайыр Мансұров балалар бақшасын бассейнмен жарақтандыруға уәде еткен болатын. Айтылды — орындалды: жарты жыл өтпей-ақ аумағы 11x3,8 метр, таза мөлдір суға толған бассейн жас сәбилердің игілігіне айналды. Ол негізгі жылы қоныспен қосылған, тамаша өткермесі бар жеке ғимаратта орналасқан. Мұнда душ пен барлық қажетті қызметтік және қосалқы бөлмелер бар. Бұл құны 31,5 миллион теңгелік балдырғандарға жасалған сыйлық, оның 10 миллионы — Халық банкінің демеушілік көмегі, оны "КЭК Рустем" ЖШС құрылысшылары жылдам әрі сапалы тұрғызды. Ғимараттың ашылуына жиналғандармен сөйлескен Тайыр Мансұров, мүндай жағдайда тіпті болашақ олимпиадашыларды даярлауға болады деген олардың айтқан пікірлерімен келіседі. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру — Солтүстік Қазақстан білім беру ұйымдары қызметінің басым бағыты. Үш жылдан бері орта мектеп оқушыларын оқытуда үздік нәтижелерге қол жеткізген 750 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері облыс әкімінің грантын алуда. Осы мақсаттарға аталған кезеңде 162 миллион теңге бөлінді. Жаз айларында ұстаздар өз шеберліктерін барлық сауықтыру лагерінің жанында жұмыс істейтін жазғы қазақ тілі мектептерінде шыңдауда. Облыста барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қостілдік жүйесі енгізілуде. Қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа білім беру және тәрбие жүйесі бүгінде жоғары білімді мұғалімдермен және қажетті әдістемелік оқулықтармен толық қамтылған облыстың барлық 82 мектепке дейінгі мекемелерінде енгізілген. Мектепке дейінгі мекемелердің 20 үздік қазақ және орыс тілдері мұғалімдері 2006 жылы қол жеткізген жетістіктері үшін сомасы бір миллион теңгенің ақшалай сыйлықтарымен ынталандырылды. Ұстаздар арасында қазақ және орыс тілдерін үйренуге көмектесетін үздік оқыту-әдістемелік құралдарына облыстық байқау өткізу дәстүрге айналды, өткен екі жылда 45 ұстаз оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. 2004 жылы облыс әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетінің негізінде білікті ұстаздар, бәрінен бұрын қазақ тілінің, сол сияқты орыс және ағылшын тілдерінің ұстаздарын даярлайтын Тіл және әдебиет институты ашылды.
12.04.2013 03:57 3705

Сол сияқты 2006 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үздік студентіне және үздік тарихшы-студентіне Манаш Қозыбаев атындағы екі сыйлық тағайындады.

Мектепке дейінгі балалар мекемелері жүйесі көбейді. 50 балалар бақшасынан және 32 мектепке дейінгі шағын орталықтардан 2006 жылы алты балалар бақшасы мен үш шағын орталық пайдалануға берілді. Ақжар ауданының Ленинград селосында 2006 жылы бұрыннан бар ғимаратты 120 орындық балалар бақшасы етіп қайта жаңарту жұмысы басталды, облыс орталығында 320 орындық балалар бақшасы құрылысы жүргізілуде.

Сонымен бірге көптеген мектепке дейінгі мекемелердің базалық негізі нығайып, жетіле түсті. Бұған айқын мысал — оқыту жүйесі қазақ және орыс тілдеріндегі "Айгөлек" балалар бақшасы. Оны тапсырған кезде облыс әкімі Тайыр Мансұров балалар бақшасын бассейнмен жарақтандыруға уәде еткен болатын. Айтылды — орындалды: жарты жыл өтпей-ақ аумағы 11x3,8 метр, таза мөлдір суға толған бассейн жас сәбилердің игілігіне айналды. Ол негізгі жылы қоныспен қосылған, тамаша өткермесі бар жеке ғимаратта орналасқан. Мұнда душ пен барлық қажетті қызметтік және қосалқы бөлмелер бар. Бұл құны 31,5 миллион теңгелік балдырғандарға жасалған сыйлық, оның 10 миллионы — Халық банкінің демеушілік көмегі, оны "КЭК Рустем" ЖШС құрылысшылары жылдам әрі сапалы тұрғызды. Ғимараттың ашылуына жиналғандармен сөйлескен Тайыр Мансұров, мүндай жағдайда тіпті болашақ олимпиадашыларды даярлауға болады деген олардың айтқан пікірлерімен келіседі.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру — Солтүстік Қазақстан білім беру ұйымдары қызметінің басым бағыты.

Үш жылдан бері орта мектеп оқушыларын оқытуда үздік нәтижелерге қол жеткізген 750 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері облыс әкімінің грантын алуда. Осы мақсаттарға аталған кезеңде 162 миллион теңге бөлінді. Жаз айларында ұстаздар өз шеберліктерін барлық сауықтыру лагерінің жанында жұмыс істейтін жазғы қазақ тілі мектептерінде шыңдауда.

Облыста барлық мектепке дейінгі ұйымдарда қостілдік жүйесі енгізілуде.

Қазақ және орыс тілдеріндегі жаңа білім беру және тәрбие жүйесі бүгінде жоғары білімді мұғалімдермен және қажетті әдістемелік оқулықтармен толық қамтылған облыстың барлық 82 мектепке дейінгі мекемелерінде енгізілген.

Мектепке дейінгі мекемелердің 20 үздік қазақ және орыс тілдері мұғалімдері 2006 жылы қол жеткізген жетістіктері үшін сомасы бір миллион теңгенің ақшалай сыйлықтарымен ынталандырылды.

Ұстаздар арасында қазақ және орыс тілдерін үйренуге көмектесетін үздік оқыту-әдістемелік құралдарына облыстық байқау өткізу дәстүрге айналды, өткен екі жылда 45 ұстаз оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

2004 жылы облыс әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетінің негізінде білікті ұстаздар, бәрінен бұрын қазақ тілінің, сол сияқты орыс және ағылшын тілдерінің ұстаздарын даярлайтын Тіл және әдебиет институты ашылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға