Жаңалықтар

Ақпараттық-білім беру жүйесі

Ақпараттық-білім беру жүйесінің арқасында 2006 жылы мамырда білім беру департаменті тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Жолдауына арналған дистанциялық полилингвалдық олимпиада өткізді. Алматыда 2006 жылы қазанда өткен "Қазақстанның және ТМД елдерінің білім беруін ақпараттандыру" IV Халықаралық форумының қорытындысы бойынша білім беру департаменті мектептерге арналған үздік ақпараттық-білім беру жүйесі үшін дипломдармен марапатталды. Жетім балалар өздеріне ерекше көңіл аударуды талап етеді. 2004 жылы балалар үйлерінің 117 түлегіне 1 миллион 275 мың теңге материалдық көмек көрсетілді, яғни олардың әрқайсысы 10 мың теңге көлемінде бір мезгілгі жәрдемақы алды. 2005 жылы бұл көмек 1 миллион 350 мынға дейін өсіп, 90 түлектің әрқайсысына 15 мың теңгеден берілді. 2006 жылы мектеп бітірген ата-анасыз жетім 77 баланың әрқайсысына облыс әкімі 25 мың теңгеден жалпы сомасы 1 миллион 925 мың теңгенің материалдық көмегін көрсетті. Олардың көпшілігі басқару органдарының қолдауымен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсті, қалғандарының барлығы өз тілектері бойынша жұмысқа орналастырылды. Бүгінде облыстың экономикалық даму табыстарының арқасында ата-анасыз жетім балалардың бірде-біреуі мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайды. Ата-анасыз 13 жетім бала М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-інде оқу үшін облыс әкімінің грантын алды. Қазақстан-Ресей университетінің ректорымен тұрмысы төмен отбасылары мен оралмандар отбасыларынан шыққан дарынды балаларды одан әрі оқыту үшін жетпістен астам жеңілдетілген орын бөлу туралы келісім жасалды. 2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров ҚР ІІМ Ішкі әскерінің Петропавл жоғары әскери училищесінің оқуда озат, жоғары әскери тәртіп үлгісін көрсетіп жүрген курсанттары үшін Шоқан Уәлиханов атындағы стипендия тағайындады. Атаулы стипендиялар тағайындау туралы сертификаттар олардың иелеріне болашақ офицерлерге белгіленген ақшалай қамсызданудың үстіне қосымша үстеме алуға құқық береді. Марапаттау кезінде өңір басшысы стипендиаттарға — республиканың үздік әскери оқу орындарының бірі болып табылатын училище тәрбиеленушілеріне ағартушы және әскери офицер Шоқан Уәлихановтың өмірімен және ғылыми қызметімен тереңірек танысуға кеңес берді. "Тамаша оқуларыңмен және жауынгерлік дайындықтарыңмен сендер өз жолдастарыңа үлгі көрсетулерің керек", — деді ол.
12.04.2013 03:57 3735

Ақпараттық-білім беру жүйесінің арқасында 2006 жылы мамырда білім беру департаменті тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы" Жолдауына арналған дистанциялық полилингвалдық олимпиада өткізді.

Алматыда 2006 жылы қазанда өткен "Қазақстанның және ТМД елдерінің білім беруін ақпараттандыру" IV Халықаралық форумының қорытындысы бойынша білім беру департаменті мектептерге арналған үздік ақпараттық-білім беру жүйесі үшін дипломдармен марапатталды.

Жетім балалар өздеріне ерекше көңіл аударуды талап етеді. 2004 жылы балалар үйлерінің 117 түлегіне 1 миллион 275 мың теңге материалдық көмек көрсетілді, яғни олардың әрқайсысы 10 мың теңге көлемінде бір мезгілгі жәрдемақы алды. 2005 жылы бұл көмек 1 миллион 350 мынға дейін өсіп, 90 түлектің әрқайсысына 15 мың теңгеден берілді. 2006 жылы мектеп бітірген ата-анасыз жетім 77 баланың әрқайсысына облыс әкімі 25 мың теңгеден жалпы сомасы 1 миллион 925 мың теңгенің материалдық көмегін көрсетті. Олардың көпшілігі басқару органдарының қолдауымен жоғары оқу орындары мен колледждерге түсті, қалғандарының барлығы өз тілектері бойынша жұмысқа орналастырылды.

Бүгінде облыстың экономикалық даму табыстарының арқасында ата-анасыз жетім балалардың бірде-біреуі мемлекет қамқорлығынан тыс қалмайды. Ата-анасыз 13 жетім бала М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-інде оқу үшін облыс әкімінің грантын алды. Қазақстан-Ресей университетінің ректорымен тұрмысы төмен отбасылары мен оралмандар отбасыларынан шыққан дарынды балаларды одан әрі оқыту үшін жетпістен астам жеңілдетілген орын бөлу туралы келісім жасалды.

2004 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров ҚР ІІМ Ішкі әскерінің Петропавл жоғары әскери училищесінің оқуда озат, жоғары әскери тәртіп үлгісін көрсетіп жүрген курсанттары үшін Шоқан Уәлиханов атындағы стипендия тағайындады. Атаулы стипендиялар тағайындау туралы сертификаттар олардың иелеріне болашақ офицерлерге белгіленген ақшалай қамсызданудың үстіне қосымша үстеме алуға құқық береді. Марапаттау кезінде өңір басшысы стипендиаттарға — республиканың үздік әскери оқу орындарының бірі болып табылатын училище тәрбиеленушілеріне ағартушы және әскери офицер Шоқан Уәлихановтың өмірімен және ғылыми қызметімен тереңірек танысуға кеңес берді. "Тамаша оқуларыңмен және жауынгерлік дайындықтарыңмен сендер өз жолдастарыңа үлгі көрсетулерің керек", — деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға