Жаңалықтар

Білім беру процесінің сапасы артуда

Білім беру процесінің сапасы да артуда, Қазақстан Республикасындағы білім беруді мемлекеттік дамыту бағдарламасының бетке ұстар ережесінің маңызды шарттарының бірі пән кабинеттерінің оқыту базасын нығайтуға тиісті 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу болып табылады. Осы мақсатта жалпы білім беретін мектептерді жарақтандыру жүріп жатыр. 2005 жылы 28 мультимедиялық және 30 химия кабинеттері орнатылды. 2006 жылы 62 физика кабинеті, 24 мультимедиялық кабинет, 17 биология кабинеттері жабдықталды. 2004 жылы тұңғыш рет электрондық оқулықтар сатып алуға 13,5 миллион теңге бюджеттік қаржы бөлінді және көркем басылымдарды, әсіресе қазақ және орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын сатып алуға 10 миллион теңге бөлінді. Қазір мұндай шығындар жыл сайын қаржыландырылады. Осының арқасында оқушылар мен студенттер өздерінің ұлы жерлестерінің әдеби мұраларымен неғұрлым толық көлемде     танысудың мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, сталинизм кезінде саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармасы жаңа, толықтырылған басылымдарда замандастарымызға оралды. Соңғы үш жылда облыстың кітап қоры, мектеп және жоғары оқу орындары кітапханалары облыс әкімі сыйлаған қазақ және орыс тілдеріндегі Мағжанның тамаша өлеңдері мен поэмалары жинақтарымен толықты. Оқырмандар Абайдың жақсы полиграфиялық негізде орындалған сапалы жаңа аудармадағы өлеңдері мен қара сөздерін бағалай алды. Облыста осы заманғы ақпараттық оқыту технологияларын енгізу жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Президенттің селолық және қалалық оқушыларды оқыту үшін тең жағдай жасау туралы тапсырмасын орындай отырып, мамандар жалпы білім беретін мектептерді 100 пайыз интернетке қосты, олардың барлығы телефондандырылған. Облыс әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасы бойынша 94 білім беру ұйымы қатысатын "Okynet.kz" ақпараттық-білім берудің осы заманғы жүйесін құру инновациялық жобасы жүзеге асырылды. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 82 миллион теңге жұмсалды. Тағы да 14 жалпы білім беретін мектепті интернетке қосу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Ұстаздар мен оқушыларды оқу-әдістемелік, ғылыми-танымдық, 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің мәселесін шешуді көрсететін дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында "Okynet.kz" Білім Порталы құрылды. Оның көмегімен мұғалімдер мен оқушыларға оку процесінде қажетті оқу-әдістемелік және ғылыми-танымдық материалдардың мол көлеміне қол жеткізу жеңілдеді. Жүйе алыс елді мекендерде тұратын оқушылармен оқу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Оны облыстың білім беру жүйесіне енгізу — ол білім берудің жаңарған мазмұнынан оң көрініс табатыны сияқты, оқыту технологиясынан да байқалатын әлемдік білім беру кеңістігіне құлаш ұрған серпіліс.
12.04.2013 03:55 3193

Білім беру процесінің сапасы да артуда, Қазақстан Республикасындағы білім беруді мемлекеттік дамыту бағдарламасының бетке ұстар ережесінің маңызды шарттарының бірі пән кабинеттерінің оқыту базасын нығайтуға тиісті 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу болып табылады. Осы мақсатта жалпы білім беретін мектептерді жарақтандыру жүріп жатыр. 2005 жылы 28 мультимедиялық және 30 химия кабинеттері орнатылды. 2006 жылы 62 физика кабинеті, 24 мультимедиялық кабинет, 17 биология кабинеттері жабдықталды. 2004 жылы тұңғыш рет электрондық оқулықтар сатып алуға 13,5 миллион теңге бюджеттік қаржы бөлінді және көркем басылымдарды, әсіресе қазақ және орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларын сатып алуға 10 миллион теңге бөлінді. Қазір мұндай шығындар жыл сайын қаржыландырылады. Осының арқасында оқушылар мен студенттер өздерінің ұлы жерлестерінің әдеби мұраларымен неғұрлым толық көлемде     танысудың мүмкіндігіне ие болды. Сөйтіп, сталинизм кезінде саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармасы жаңа, толықтырылған басылымдарда замандастарымызға оралды. Соңғы үш жылда облыстың кітап қоры, мектеп және жоғары оқу орындары кітапханалары облыс әкімі сыйлаған қазақ және орыс тілдеріндегі Мағжанның тамаша өлеңдері мен поэмалары жинақтарымен толықты. Оқырмандар Абайдың жақсы полиграфиялық негізде орындалған сапалы жаңа аудармадағы өлеңдері мен қара сөздерін бағалай алды.

Облыста осы заманғы ақпараттық оқыту технологияларын енгізу жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Президенттің селолық және қалалық оқушыларды оқыту үшін тең жағдай жасау туралы тапсырмасын орындай отырып, мамандар жалпы білім беретін мектептерді 100 пайыз интернетке қосты, олардың барлығы телефондандырылған. Облыс әкімі Т.А. Мансұровтың бастамасы бойынша 94 білім беру ұйымы қатысатын "Okynet.kz" ақпараттық-білім берудің осы заманғы жүйесін құру инновациялық жобасы жүзеге асырылды. Осы бағдарламаны жүзеге асыруға барлығы 82 миллион теңге жұмсалды. Тағы да 14 жалпы білім беретін мектепті интернетке қосу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Ұстаздар мен оқушыларды оқу-әдістемелік, ғылыми-танымдық, 12 жылдық жалпы білім беретін мектептің мәселесін шешуді көрсететін дидактикалық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында "Okynet.kz" Білім Порталы құрылды. Оның көмегімен мұғалімдер мен оқушыларға оку процесінде қажетті оқу-әдістемелік және ғылыми-танымдық материалдардың мол көлеміне қол жеткізу жеңілдеді. Жүйе алыс елді мекендерде тұратын оқушылармен оқу жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Оны облыстың білім беру жүйесіне енгізу — ол білім берудің жаңарған мазмұнынан оң көрініс табатыны сияқты, оқыту технологиясынан да байқалатын әлемдік білім беру кеңістігіне құлаш ұрған серпіліс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға