Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру

Әлеуметтік саясат — еңбекпен қамтуға, тұрғындардың кірісін және тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған шаралар жүйесі. Ол білім беру мен денсаулық сақтауды қолдау, ана мен баланы қорғау, тұрғын үй құрылысын дамыту, қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен тобына күнделікті көмек көрсету жөніндегі тиімді және үйлестіру шаралары кешенін жүзеге асыруды көздейді. Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының дамуы барған сайын тұрақты сипат алуда. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының табысты жұмыс істеуі бюджетке салық түсімдерін анағұрлым арттырды, оның өзі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қосымша қаржылар бағыттауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік саланың айрықша тарамы денсаулық сақтау болып табылатыны жасырын сыр емес. Өйткені бәрі мемлекеттегі ұлт денсаулығына байланысты. "Қазақстан — 2030" стратегиясында ұлт денсаулығының ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы тегін емес, ол елдің әрбір азаматының денсаулығы деген сөз. Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай артты. Оның дамуына 2005 жылы 7,3 миллиард теңге жұмсалды, ол оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда бір жарым есе көп. 2006 жылы бұл цифра 9,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Жаңа денсаулық сақтау нысандары құрылысы әдеттегідей, республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жүргізілуде. Алайда 2005 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен құны 30-дан 50 миллион теңге тұратын бес селолық дәрігерлік амбулатория салуға, 98 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жүргізуге қол жетті. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің емдеу корпусы мен Мағжан Жұмабаев ауданындағы туберкулезге карсы диспансер пайдалануға берілді, Ақжар ауданындағы орталық аудандық аурухана құрылысы жүргізілуде. Бес отбасылық дәрігерлік амбулатория, төрт ФАП пайдаланылуға берілді. Емханалардың, ауруханалардың және амбулаториялардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, осы заманғы медициналық құрал-жабдықтарды және санитарлық көлікті сатып алуға, оларға телефон орнатуға көп қаржы бөлінді. Республикалық трансферттер есебінен әйелдер мен балаларды алдын ала тексерістен өткізу жүргізілуде. Мемлекеттік денсаулық сақтауды реформалау және дамыту бағдарламасы аясында 2006 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен облыс орталығының барлық зертханаларын жаңарту және зертханалық құрал жабдықтарын қайта жарақтандыру жүргізілді, соның нәтижесінде әлемдік стандарттарға жауап беретін жоғары деңгейде зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар сомасы 121 миллион теңгеден астам осы заманғы құрал-жабдық сатып алынды. Тұрғындарға, соның ішінде селолықтарға медициналық қызметтің қол жетімділігін арттыруға көп көңіл бөлінуде. Бүгінде іс жүзінде облыстың әрбір елді мекенінде толық көлемді дәрі-дәрмекпен қамтылған дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету нысаны бар. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынуға көбірек қаржы бөліне бастады. Бұл қаржы тұрғындардың әлеуметтік әлсіз және аз қамтылған топтарына тегін дәрі-дәрмектік қызмет көрсетуге және дәрігерлік бақылаудан өткізуге жұмсалады. Осы заманғы емдеу әдістері мен диагностикасы жүйелі енгізілуде. Атап айтқанда, туберкулез, диабет, жүрек-қан тамырлары және басқа да әлеуметтік қауіпті аурулардың деңгейіне әсер ететін себептерді ашу мен зерттеу жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан үшін оның ерекше маңызы бар, өйткені мұндай аурулар тұрғындардың үлкен алаңдаушылығын туғызуда. Орын алып отырған бұл мәселені 2004 жылы облыс басшылығы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қарады. Облысқа үш жылдық мерзімге қатерлі ісік ауруы деңгейінің артуы себебін зерттеуге арналған мақсатты қаржы бөлінді. Бұл жұмысты Республикалық қатерлі ісік және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жүргізуде. Соңғы үш жылда облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарындағы ауруханалық төсектердің жалпы саны 3,4 пайызға өсіп, қазір 5,5 мыңға жуық бірлікті құрайды.
12.04.2013 03:50 17278

Әлеуметтік саясат — еңбекпен қамтуға, тұрғындардың кірісін және тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған шаралар жүйесі. Ол білім беру мен денсаулық сақтауды қолдау, ана мен баланы қорғау, тұрғын үй құрылысын дамыту, қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен тобына күнделікті көмек көрсету жөніндегі тиімді және үйлестіру шаралары кешенін жүзеге асыруды көздейді. Солтүстік Қазақстан облысы экономикасының дамуы барған сайын тұрақты сипат алуда. Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының табысты жұмыс істеуі бюджетке салық түсімдерін анағұрлым арттырды, оның өзі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қосымша қаржылар бағыттауға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік саланың айрықша тарамы денсаулық сақтау болып табылатыны жасырын сыр емес. Өйткені бәрі мемлекеттегі ұлт денсаулығына байланысты. "Қазақстан — 2030" стратегиясында ұлт денсаулығының ұлттық басымдықтардың бірі ретінде айқындалуы тегін емес, ол елдің әрбір азаматының денсаулығы деген сөз.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру айтарлықтай артты. Оның дамуына 2005 жылы 7,3 миллиард теңге жұмсалды, ол оның алдындағы кезеңмен салыстырғанда бір жарым есе көп. 2006 жылы бұл цифра 9,3 миллиард теңгеге дейін өсті. Жаңа денсаулық сақтау нысандары құрылысы әдеттегідей, республикалық бюджеттің трансферттері есебінен жүргізілуде. Алайда 2005 жылы облыстық бюджеттің қаржысы есебінен құны 30-дан 50 миллион теңге тұратын бес селолық дәрігерлік амбулатория салуға, 98 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жүргізуге қол жетті. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің емдеу корпусы мен Мағжан Жұмабаев ауданындағы туберкулезге карсы диспансер пайдалануға берілді, Ақжар ауданындағы орталық аудандық аурухана құрылысы жүргізілуде. Бес отбасылық дәрігерлік амбулатория, төрт ФАП пайдаланылуға берілді. Емханалардың, ауруханалардың және амбулаториялардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, осы заманғы медициналық құрал-жабдықтарды және санитарлық көлікті сатып алуға, оларға телефон орнатуға көп қаржы бөлінді. Республикалық трансферттер есебінен әйелдер мен балаларды алдын ала тексерістен өткізу жүргізілуде. Мемлекеттік денсаулық сақтауды реформалау және дамыту бағдарламасы аясында 2006 жылы республикалық бюджет қаржысы есебінен облыс орталығының барлық зертханаларын жаңарту және зертханалық құрал жабдықтарын қайта жарақтандыру жүргізілді, соның нәтижесінде әлемдік стандарттарға жауап беретін жоғары деңгейде зерттеулер жүргізу мүмкіндігі бар сомасы 121 миллион теңгеден астам осы заманғы құрал-жабдық сатып алынды.

Тұрғындарға, соның ішінде селолықтарға медициналық қызметтің қол жетімділігін арттыруға көп көңіл бөлінуде. Бүгінде іс жүзінде облыстың әрбір елді мекенінде толық көлемді дәрі-дәрмекпен қамтылған дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету нысаны бар. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынуға көбірек қаржы бөліне бастады. Бұл қаржы тұрғындардың әлеуметтік әлсіз және аз қамтылған топтарына тегін дәрі-дәрмектік қызмет көрсетуге және дәрігерлік бақылаудан өткізуге жұмсалады.

Осы заманғы емдеу әдістері мен диагностикасы жүйелі енгізілуде. Атап айтқанда, туберкулез, диабет, жүрек-қан тамырлары және басқа да әлеуметтік қауіпті аурулардың деңгейіне әсер ететін себептерді ашу мен зерттеу жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан үшін оның ерекше маңызы бар, өйткені мұндай аурулар тұрғындардың үлкен алаңдаушылығын туғызуда. Орын алып отырған бұл мәселені 2004 жылы облыс басшылығы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қарады. Облысқа үш жылдық мерзімге қатерлі ісік ауруы деңгейінің артуы себебін зерттеуге арналған мақсатты қаржы бөлінді. Бұл жұмысты Республикалық қатерлі ісік және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жүргізуде.

Соңғы үш жылда облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарындағы ауруханалық төсектердің жалпы саны 3,4 пайызға өсіп, қазір 5,5 мыңға жуық бірлікті құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға