Жаңалықтар

Әбдісалан

  Бокстан КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (1957, 1962 ж.ж.), КСРО халықтары спартакиадасының екі мәрте қола жүлдегері (1959, 1967), Азия-Африка ойындарының жеңімпазы (1963), қазақтың әлемге әйгілі бокс маманы Әбдісалан Нұрмаханов туралы естелік. Әбдісалан Нұрмахановты қазақ халқы құрмет тұтады. Оның шаршы алаңдағы тамаша жеңістері өткен ғасырдың еншісінде қалса да, жанкүйер қауым Әбдісаланды ұлттық батыр деп әспеттейді. Нұрмахановтың құрметіне Түркістанда дәстүрлі бокс бәсекесінің ұйымдастырылуы да заңды. Себебі ол кісінің ұлтына сіңірген еңбегі көп. Әбекең боксшы ретінде ғана туған халқының намысын көтеріп қойған жоқ, ғалым ретінде де осы саланың дамуына үлес қосты. Ал бапкерлік қызметте Нұрмахановтың спорттағы екінші дәурені басталды десек, артық айтқандық емес. Біз даңқты батыр туралы әңгімені оның ұлттық құраманың бас бапкері болған күндерінен бастағанды жөн көріп отырмыз. Әбдісалан Нұрмаханов қазақ құрамасының тізгінін 1993 жылы ұстады. Табиғатынан табанды, намысқой азамат ең әуелі құрамадағы тәртіпке баса назар аударды. Ол кісі шәкірттеріне тек спортшы деп қана қарамай, боксшылардың ішкі жандүниесіне үңіле білді. Нұрмахановтың бас бапкер болуымен қазақ құрамасы бұрынғыдан да күшейе түсті. 1993 жылы Иранның астанасы Теһранда өткен Азия чемпионатында қазақ құрамасы командалық есепте жеке-дара шықты. Осы жылы Таиландта болған әлем кубогы жарысында Азия, Еуропа, Америка құрлықтарының ең күшті құрамалары күш сынасты. Осы бәсекеде Әбдісалан баптаған қазақ боксшылары командалық үшінші орынға табан тіреді. Сол тұста экономикасы әлсіз, тарихтың өтпелі сатысында тұрған елдің еңсесін көтеруде Нұрмаханов баптаған жігіттердің еңбегі зор. Етек-жеңін енді-енді жинай бастаған ел боксшылардың дүркін-дүркін жеңістерімен рухтанып, болашаққа сеніммен қарады. 1995 жылы біздің жігіттер Ташкенттің төрінде Азия чемпионатының алты алтын жүлдесін жеңіп алды. Сыралғы қарсыластарымыз – өзбек ағайындар мен Азияның небір мықты спортшылары қазақ боксшыларының жұдырығына төтеп бере алмай, бармақ шайнады. Атланта олимпиадасының қарсаңындағы бұл жеңіс Нұрмахановтың бас бапкер ретіндегі бағытының дұрыс әрі құрама тізгіні сенімді қолда екенін көрсетіп берді. 1995 жылғы әлем чемпионатында Болат Жұмаділов күміс, Василий Жиров қола жүлдеге ие болды. Бұл жүлделер іргетасы әуелден берік қаланған қазақ боксының тәуелсіздік тұсындағы үлкен жеңістерінің басы еді. Авторы: Темірхан Досмұхамбетов.
11.04.2013 04:50 3769

 

Бокстан КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (1957, 1962 ж.ж.), КСРО халықтары спартакиадасының екі мәрте қола жүлдегері (1959, 1967), Азия-Африка ойындарының жеңімпазы (1963), қазақтың әлемге әйгілі бокс маманы Әбдісалан Нұрмаханов туралы естелік.

Әбдісалан Нұрмахановты қазақ халқы құрмет тұтады. Оның шаршы алаңдағы тамаша жеңістері өткен ғасырдың еншісінде қалса да, жанкүйер қауым Әбдісаланды ұлттық батыр деп әспеттейді. Нұрмахановтың құрметіне Түркістанда дәстүрлі бокс бәсекесінің ұйымдастырылуы да заңды. Себебі ол кісінің ұлтына сіңірген еңбегі көп. Әбекең боксшы ретінде ғана туған халқының намысын көтеріп қойған жоқ, ғалым ретінде де осы саланың дамуына үлес қосты. Ал бапкерлік қызметте Нұрмахановтың спорттағы екінші дәурені басталды десек, артық айтқандық емес. Біз даңқты батыр туралы әңгімені оның ұлттық құраманың бас бапкері болған күндерінен бастағанды жөн көріп отырмыз.
Әбдісалан Нұрмаханов қазақ құрамасының тізгінін 1993 жылы ұстады. Табиғатынан табанды, намысқой азамат ең әуелі құрамадағы тәртіпке баса назар аударды. Ол кісі шәкірттеріне тек спортшы деп қана қарамай, боксшылардың ішкі жандүниесіне үңіле білді. Нұрмахановтың бас бапкер болуымен қазақ құрамасы бұрынғыдан да күшейе түсті. 1993 жылы Иранның астанасы Теһранда өткен Азия чемпионатында қазақ құрамасы командалық есепте жеке-дара шықты. Осы жылы Таиландта болған әлем кубогы жарысында Азия, Еуропа, Америка құрлықтарының ең күшті құрамалары күш сынасты. Осы бәсекеде Әбдісалан баптаған қазақ боксшылары командалық үшінші орынға табан тіреді.
Сол тұста экономикасы әлсіз, тарихтың өтпелі сатысында тұрған елдің еңсесін көтеруде Нұрмаханов баптаған жігіттердің еңбегі зор. Етек-жеңін енді-енді жинай бастаған ел боксшылардың дүркін-дүркін жеңістерімен рухтанып, болашаққа сеніммен қарады. 1995 жылы біздің жігіттер Ташкенттің төрінде Азия чемпионатының алты алтын жүлдесін жеңіп алды. Сыралғы қарсыластарымыз – өзбек ағайындар мен Азияның небір мықты спортшылары қазақ боксшыларының жұдырығына төтеп бере алмай, бармақ шайнады. Атланта олимпиадасының қарсаңындағы бұл жеңіс Нұрмахановтың бас бапкер ретіндегі бағытының дұрыс әрі құрама тізгіні сенімді қолда екенін көрсетіп берді.
1995 жылғы әлем чемпионатында Болат Жұмаділов күміс, Василий Жиров қола жүлдеге ие болды. Бұл жүлделер іргетасы әуелден берік қаланған қазақ боксының тәуелсіздік тұсындағы үлкен жеңістерінің басы еді.

Авторы: Темірхан Досмұхамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға