Жаңалықтар

Тарихта қалатын тұлға

  Елiмiз тәуелсiздiк алған жиырма жыл iшiнде қазақ волейболшылары екi рет әлем бiрiншiлiгiне қатысыпты. Ең үлкен жетiстiгi — 19-орын. Азияда топ жару түгiлi жүлдеге iлiгудiң өзi мұңға айналды. ҚР Президентiнiң кубогiнде Ресейдiң клубтарын ұту тым қиынға соғып жүр. Ал, кезiнде орыстарды былай қойғанда, әлемдiк волейболдың көшбасшысы саналатын Еуропаның мықты ұжымдарының бәрiн ұтқан «Буревестник» (кейiнiрек «Дорожник») командасының жетiстiгiн қайталау мүмкiн еместей көрiнедi. Тағы бiр айта кетерлiгi, қазiргi таңда ел бiрiншiлiгiнде өнер көрсететiн командалардың құрамында жергiлiктi ұлт өкiлдерi аз. Сарапшылар «Дәл Октябрь бапкер болған жылдардағыдай волейбол командасына қазақ жастары көп тартылмаған» дейдi. Рас сөз. Бұл 1990 жылдан бастап волейболдағы жетекшi орнымыздан төмен сырғығанымызды аңғартады. Өз iсiн шексiз сүйетiн бiлiмдi, тәжiрибелi бапкерлердiң аздығын көрсетедi. Бапкерге тән биiк атақ-дәрежелердiң бәрiн алған Октябрьдей саңлақтың қиыншылықта өмiр сүргенiн, ақша мен марапатқа қызықпағанын, қарапайым болғанын айттық. Ал, қазiр бiр облыс чемпионы немесе республика бiрiншiлiгiнiң жүлдегерiн дайындаған бапкерлерiмiз өзiн биiк ұстайды. Жалғыз шәкiртiн жетектеп 2-3 олимпиадаға апарып, бiр талантты спортшысымен ғана шектелiп қалатындарды да бiлемiз. Октябрь спорт саласында басшылық қызметте жүргенде де қарапайымдылығынан танған жоқ. Қазiргi әрiптестерiндей қымбат көлiк мiнбедi. Қымбат зәулiм үй салмады. Ел қатарлы қоңырқай күн кештi. Бүгiнде мемлекетiмiз спорт саласына қыруар қаржы бөлуде. Азия, әлем бiрiншiлiктерi мен олимпиада ойындарында жүлдегер атанғандар қаржылай марапатқа ие болуда. Ол дұрыс. Айтпағымыз, чемпиондар шығару тек ақшаға байланысты емес. Спортшыға ең алдымен, елге деген сүйiспеншiлiк керек. Отаншыл, жiгерлi азаматтар ғана Олимп биiгiне шығады. Iсiне адал, шәкiрттерiн баласындай тәрбиелейтiн бапкер ғана спорттағы биiк белестердi бағындыра алады. Өз еңбегiмен 2 олимпиада, бiрнеше Еуропа және әлем чемпиондары мен жүлдегерлерiн дайындаған қазақтың атпал азаматы Октябрь Жарылғапов осы сөзiмiзге дәлел. Бүгiнде Алматыдағы Қазақ аграрлық университетiнде спорт залы мен Түркiстандағы стадионға Октябрь Жарылғаповтың есiмi берiлген. Жыл сайын волейболдан осы саңлақ атындағы халықаралық жарыс өтiп тұрады. Қазан айында Түркiстан қаласында О.Жарылғаповтың туылғанына 80 жыл толу құрметiне ескерткiш ашылды.  
11.04.2013 04:30 2664

 

Елiмiз тәуелсiздiк алған жиырма жыл iшiнде қазақ волейболшылары екi рет әлем бiрiншiлiгiне қатысыпты. Ең үлкен жетiстiгi — 19-орын. Азияда топ жару түгiлi жүлдеге iлiгудiң өзi мұңға айналды. ҚР Президентiнiң кубогiнде Ресейдiң клубтарын ұту тым қиынға соғып жүр. Ал, кезiнде орыстарды былай қойғанда, әлемдiк волейболдың көшбасшысы саналатын Еуропаның мықты ұжымдарының бәрiн ұтқан «Буревестник» (кейiнiрек «Дорожник») командасының жетiстiгiн қайталау мүмкiн еместей көрiнедi. Тағы бiр айта кетерлiгi, қазiргi таңда ел бiрiншiлiгiнде өнер көрсететiн командалардың құрамында жергiлiктi ұлт өкiлдерi аз. Сарапшылар «Дәл Октябрь бапкер болған жылдардағыдай волейбол командасына қазақ жастары көп тартылмаған» дейдi. Рас сөз. Бұл 1990 жылдан бастап волейболдағы жетекшi орнымыздан төмен сырғығанымызды аңғартады.

Өз iсiн шексiз сүйетiн бiлiмдi, тәжiрибелi бапкерлердiң аздығын көрсетедi. Бапкерге тән биiк атақ-дәрежелердiң бәрiн алған Октябрьдей саңлақтың қиыншылықта өмiр сүргенiн, ақша мен марапатқа қызықпағанын, қарапайым болғанын айттық. Ал, қазiр бiр облыс чемпионы немесе республика бiрiншiлiгiнiң жүлдегерiн дайындаған бапкерлерiмiз өзiн биiк ұстайды. Жалғыз шәкiртiн жетектеп 2-3 олимпиадаға апарып, бiр талантты спортшысымен ғана шектелiп қалатындарды да бiлемiз.

Октябрь спорт саласында басшылық қызметте жүргенде де қарапайымдылығынан танған жоқ. Қазiргi әрiптестерiндей қымбат көлiк мiнбедi. Қымбат зәулiм үй салмады. Ел қатарлы қоңырқай күн кештi. Бүгiнде мемлекетiмiз спорт саласына қыруар қаржы бөлуде. Азия, әлем бiрiншiлiктерi мен олимпиада ойындарында жүлдегер атанғандар қаржылай марапатқа ие болуда. Ол дұрыс. Айтпағымыз, чемпиондар шығару тек ақшаға байланысты емес. Спортшыға ең алдымен, елге деген сүйiспеншiлiк керек. Отаншыл, жiгерлi азаматтар ғана Олимп биiгiне шығады. Iсiне адал, шәкiрттерiн баласындай тәрбиелейтiн бапкер ғана спорттағы биiк белестердi бағындыра алады. Өз еңбегiмен 2 олимпиада, бiрнеше Еуропа және әлем чемпиондары мен жүлдегерлерiн дайындаған қазақтың атпал азаматы Октябрь Жарылғапов осы сөзiмiзге дәлел.

Бүгiнде Алматыдағы Қазақ аграрлық университетiнде спорт залы мен Түркiстандағы стадионға Октябрь Жарылғаповтың есiмi берiлген. Жыл сайын волейболдан осы саңлақ атындағы халықаралық жарыс өтiп тұрады. Қазан айында Түркiстан қаласында О.Жарылғаповтың туылғанына 80 жыл толу құрметiне ескерткiш ашылды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға