Жаңалықтар

Мұстафа Өзтүрік

  Мұстафа Өзтүріктің есімі ел спортының тарихында ерекше құрметтелетіні хаһ. Өйткені, Алаш топырағына таэквондо спортын қастерлеп әкелген қазақтың қаһарман ұлының спорттағы ерлігі еліміздегі осы спорт түрінің қарқынды дамуына зор ықпал етті. Қазақ таэквондошысы 1954 жылдың 23 қарашасында Түркияның Қайсері қаласының маңындағы Мұсахожалы ауылында дүниеге келген. Түркиядағы орта мектепті аяқтаған соң, әкесі Қабеннің нұсқауымен (әкесі Қабен зор кеуделі бал-уан болған) Тайвандағы Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетіне оқуға қабылданады. Бұл білім шаңырағының бір ерекшелігі, әрбір шәкірт дәріспен қатар, қосымша бір кәсіппен айналысуы міндетті екен. Мұрты енді ғана тебіндей бастаған Мұстафа осы уақыттан бастап таэквондоға қызығушылық танытқан көрінеді. Бір қызығы, 1975-80 жылдар аралығында Тайвандағы ең беделді оқу орнының журналистика фа-культетін үздік тәмамдаған қазақ ұланы дипломмен бірге таэквондодан 6-шы данның сертификатына да қол жеткізеді. Мұстафа Өзтүрік Тайванда жүріп жер-жерлерде ұйымдастырылған бәсірелі бәсекелерде топ жарып, өзінің мықтылығына жұртты тәнті ете бастайды. Тіпті аты әлемге әйгілі Брюс Лимен бірге шеберлігін шыңдап, көп ұзамай таэквондодан өткен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Қазақтың батыр ұлының бұл жеңісі тек қазақ елінің ғана емес, күллі мұсылман жұртының абыройын асырғанын ерекше айтып өткеніміз жөн. Өкінішке қарай, сол кездегі халықаралық ережеге сәйкес, таэквондо спорты бойынша алтыншы дан иеленген спортшыға жекпе-жекке шығуға тыйым салынған болатын. Сол себептен, қазақ таэквондошысы бапкер болып бағын сынауға бекінді. Таэквондоның тарланы жаттықтырушы ретінде Еуропа елдерінде, атап айтқанда Түркия мен Германияда әскери мамандарға дәріс үйретеді. Өзтүріктің Мюнхен, Кельн (Германия) және Ыстамбұл (Түркия) қалаларындағы өз есімімен аталатын «Мұстафа» атты жеке мектебі талай шәкірттің қанатын қатайтып, үлкен спортшы болып қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірді. Тағдыр-тәңірінің жазуымен шетелде туып, шетелде өссе де,  қазақы намысы мен қазақы болмысына кір жұқтырмаған ардақты бауырымыз өз атажұртына 1990 жылы оралды. Жай оралған жоқ, барымды да, нарымды да іні-бауырларыма үйретсем деп аңсап-сағынып жетті. Ұлтын ерекше сүйетін ұлтжанды азамат елге келген соң өзі бас болып, таэквондодан республикалық федерация құрды, жеке мектебін ашты, шәкірт тәрбиеледі. Жүрегі «елім» деп соққан ақберен ұл тарихи Отанында ел таэквондосының негізін қалап, Бексейіт Түлкиев, Қабибек Мұхитов, Қайрат Қырғызбаев сынды талантты шәкірттердің томағасын сыпырды. Күллі Алаштың мерейін тасытқан қазақтың атпал азаматы 1995 жылы Алматы қаласында дүниеден озды. Өз ұлтын әлемге танытып, беделін биіктетуге атсалысқан Мұстафа Өзтүрік Түркияның Ыстамбұл шаһарына жерленді. Дереккөзі: «Sport»газеті  
11.04.2013 04:23 5467

 

Мұстафа Өзтүріктің есімі ел спортының тарихында ерекше құрметтелетіні хаһ. Өйткені, Алаш топырағына таэквондо спортын қастерлеп әкелген қазақтың қаһарман ұлының спорттағы ерлігі еліміздегі осы спорт түрінің қарқынды дамуына зор ықпал етті.

Қазақ таэквондошысы 1954 жылдың 23 қарашасында Түркияның Қайсері қаласының маңындағы Мұсахожалы ауылында дүниеге келген. Түркиядағы орта мектепті аяқтаған соң, әкесі Қабеннің нұсқауымен (әкесі Қабен зор кеуделі бал-уан болған) Тайвандағы Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетіне оқуға қабылданады. Бұл білім шаңырағының бір ерекшелігі, әрбір шәкірт дәріспен қатар, қосымша бір кәсіппен айналысуы міндетті екен. Мұрты енді ғана тебіндей бастаған Мұстафа осы уақыттан бастап таэквондоға қызығушылық танытқан көрінеді. Бір қызығы, 1975-80 жылдар аралығында Тайвандағы ең беделді оқу орнының журналистика фа-культетін үздік тәмамдаған қазақ ұланы дипломмен бірге таэквондодан 6-шы данның сертификатына да қол жеткізеді.

Мұстафа Өзтүрік Тайванда жүріп жер-жерлерде ұйымдастырылған бәсірелі бәсекелерде топ жарып, өзінің мықтылығына жұртты тәнті ете бастайды. Тіпті аты әлемге әйгілі Брюс Лимен бірге шеберлігін шыңдап, көп ұзамай таэквондодан өткен әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Қазақтың батыр ұлының бұл жеңісі тек қазақ елінің ғана емес, күллі мұсылман жұртының абыройын асырғанын ерекше айтып өткеніміз жөн. Өкінішке қарай, сол кездегі халықаралық ережеге сәйкес, таэквондо спорты бойынша алтыншы дан иеленген спортшыға жекпе-жекке шығуға тыйым салынған болатын. Сол себептен, қазақ таэквондошысы бапкер болып бағын сынауға бекінді. Таэквондоның тарланы жаттықтырушы ретінде Еуропа елдерінде, атап айтқанда Түркия мен Германияда әскери мамандарға дәріс үйретеді. Өзтүріктің Мюнхен, Кельн (Германия) және Ыстамбұл (Түркия) қалаларындағы өз есімімен аталатын «Мұстафа» атты жеке мектебі талай шәкірттің қанатын қатайтып, үлкен спортшы болып қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірді.

Тағдыр-тәңірінің жазуымен шетелде туып, шетелде өссе де,  қазақы намысы мен қазақы болмысына кір жұқтырмаған ардақты бауырымыз өз атажұртына 1990 жылы оралды. Жай оралған жоқ, барымды да, нарымды да іні-бауырларыма үйретсем деп аңсап-сағынып жетті. Ұлтын ерекше сүйетін ұлтжанды азамат елге келген соң өзі бас болып, таэквондодан республикалық федерация құрды, жеке мектебін ашты, шәкірт тәрбиеледі. Жүрегі «елім» деп соққан ақберен ұл тарихи Отанында ел таэквондосының негізін қалап, Бексейіт Түлкиев, Қабибек Мұхитов, Қайрат Қырғызбаев сынды талантты шәкірттердің томағасын сыпырды.

Күллі Алаштың мерейін тасытқан қазақтың атпал азаматы 1995 жылы Алматы қаласында дүниеден озды. Өз ұлтын әлемге танытып, беделін биіктетуге атсалысқан Мұстафа Өзтүрік Түркияның Ыстамбұл шаһарына жерленді.

Дереккөзі: «Sport»газеті

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға