Үшаралдан Өскеменге
Үшаралдан Өскеменге аттануы.
Алакөл өңірінің балуандары белгілі бір межеге жеткенен кейін Өскеменге барып даярлануды сол жылдары дағдыға айналдырған еді. Шығыс Қазақстан облысының орталығына қоныс аударғанда мен де Жанәділ Атаевтың қол астында жаттықтым. Ол кісінің біліктілігі еш күмән туғызбайды. Атаевтің «шекпенінен» талай мықты балуандар шықты. Мен де Жанәділ ағадан көп нәрсе үйрендім. Ол кезде самбодан жеңіл салмақтағы жастар арасындағы әлемнің екі дүркін чемпионы Ержан Омарбаевтің даңқы дүркіреп тұрған. Рүстем оған үнемі сол жігітті үлгі ететін. Жаттығудан кейін ол: «Егер әлемдік деңгейдегі балуанға айналғың келсе, Омарбаевты ұтуға тиіссің. Оны жеңген күні ғана сол мақсатқа жете алатыныңа сенетін боламын», – деп мені қайрайтын. Ол кезде Ержанды ұту мүмкін емес еді. Десек те Омарбаевтің деңгейіне жету үшін Айдын көп тер төкті. Бірте-бірте иық тіресе бастады. Аздаған табыстарға қолы жетті. Айдын 1996 жылы самбодан жастар арасындағы ел біріншілігінде бас жүлдені олжалағанан кейін дзюдоға ауысты.
Дзюдоға ауысуы
Тоқсаныншы жылдардың бел ортасында көптеген белді самбошылар дзюдоға ауысып жатты. Өйткені, жапондар ойлап тапқан күрес түрі Олимпиада бағдарламасына енген. Ал барлық спортшының арманы – Олимпиада ойындарында бақ сынау. Сол арманның жетегімен Айдын дзюдо үйірмесінің табалдырығын аттады. Сөз орайы келгенде, оның мықты дзюдошы болып қалыптасуыма жоғарыда есімдері аталған азаматтардан бөлек, сол жылдары Өскеменде жаттыққан алдыңғы толқын ағалармыз көп үлес қосқанды. Атағы алысқа тараған Руслан Сейілханов, Ержан Омарбаев, Сержан Омаров сынды белді балуандардан көп нәрсе үйренді. Оның үстіне 60 келі салмақта елішілік жарыстардың өзінде бәсекелестік өте күшті болды. Сол жылдары Нұрбол Сүлейменов, Базарбек Доңбай, Қасым Табылдинов, Бақытжан Әбдікәрімов, Ержан Омарбаевтың тегеуіріне төтеп беру оңай іс емес еді. Кейіннен қатарымызға Берік Жетпісбаев пен Ерлан Сіләмбаев сынды сайдың тасындай жігіттер қосылды. Сондай мықтылармен бәсекелес болуға тура келді. Соның арқасында тәжірибе жинады, шеберлігін шыңдалды.
1996 жылы ересектер арасында ел чемпионы атанды. Сол жылы жастар арасындағы әлем біріншілігіне аттанып, жетінші орынды қанағат тұтты. 1997 жылы Қазақстан чемпионатының ақтық сынана дейін алқынбай жеткеніммен, шешуші тұста Нұрбол Сүлейменовтен ұтылып, күміс жүлдегер атанды. 1998 жылы Мәскеуде өткен аса ірі халықаралық турнирде қола медальді еншіледі. Сол маусымда Канадада жалауы желбіреген студенттердің әлем біріншілігінде бесінші орынға табан тіреді. Басқа да ірілі-ұсақты жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүрді.
Дереккөзі: "Аламан" ұлттық спорт порталы