Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының тарихы (5-бөлім)

Соңғы редакциялау: 19 қазан, 2012   20 ғ-дың 70 – 80 жылдарында КСРО-да (соның ішінде Қазақстанда да) кеңестік жүйе дағдарысқа ұшырай бастады. Федерациялық мемлекет ретінде жобаланып, 1922 ж. құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналды. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі сөз жүзінде ғана айтылды. Бүкіл кеңестік тарихтың өне бойында, кеңестік федерализм жағдайында соц. ұлттардың федерациядан шығуына қажеттілік пайда болуы мүмкін емес деген тұжырым берік бекіді. 70 – 80 жылдары ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Ұлттық республикалардың қоғамдық-саяси өмірінде еуроцентризм басымдық алды. Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, еркін ой-пікірге тыйым салу интеллигенттердің наразылығын туғызды. Ол түрліше көрінді. Мыс., Мәскеуде оқитын қазақ жастары 1963 ж. “Жас тұлпар” атты тұңғыш бейресми бірлестік құрды. Кейін бұл қоғам өрісін едәуір кеңейтті. Семейде – “Тайшұбар”, Қарағандыда – “Жас қазақ” ұйымдары жұмыс істеді. Бірақ мұның бәрі бауырын жаза алмай, бесікте тұншықтырылды. Жүйе баспасөзде, әдебиет пен өнер шығармаларында қоғамның көлеңкелі теріс жақтарын көрсеткен интеллигенцияны қудалауға түсірді. Мыс., 60-жылдарда “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) мен “Қазақ әдебиеті” газеттерінің, 70 – 80-жылдары “Білім және еңбек” (қазіргі “Зерде”) журналының басшылары Қазақстанның шынайы тарихын қозғаған мақалалар жариялағаны үшін қызметтен қуылды. О.Сүлейменовтің “Аз и Я” атты кітабы ұлтшылдық көрінісі ретінде, орысқа қарсы деп бағаланды. Антрополог О.Смағұловтың “Қазақстанның этностық географиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. 1979 ж. орт. үкіметтің Қазақстанның Ақмола қ-нда неміс автономиясын құру жайындағы шешімі жергілікті халықтың мүддесін ескермеудің нақты көрінісі еді. Бірақ қазақ халқының батыл қарсылығы бұл жоспарды жүзеге асыртпай тастады. 60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі тұрғындардың тұрмыс дәрежесінің 40 – 50-жылдармен салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. Соған сәйкес бағаны халықтан ресми жасырын түрде көтеру жүріп отырды. Мұның өзі мұқтаждықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлардың жетпеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, дүкендерде сағаттап кезекте тұру т.т.) арттырды. 70 – 80-жылдары Батыс елдері кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемл., әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты қорытылған пікір еді. Әлеум. саладағы қиын мәселе – тұрғын үй тапшылығы болды. Қордаланған әлеум.-экон. қайшылықтар – еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, “қылмысты экономика” сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеум. саладағы дағдарыстың көріністері және әміршілдік жүйені күйретуге алып келген заңды себептер еді. 1985 жылғы наурызда өткен КОКП ОК-нің сәуір Пленумында қоғамның әлеум.-экон. дамуын жеделдету мәселесі қозғалып, одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол “төменнен” – автон. және одақтас республикалардан басталды. Қазақстанда республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасы жасалды. Онда Қазақстан аумағындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, елдің егемендігін саяси және экон. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімдеме жасалды. Бірақ мұның бәрін жүзеге асыруға мемл. басқару құрылымының, Коммунистік партияның қатаң билігі кедергі жасады. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК пленумы жедел шақырылып, ОК-тің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты қызметінен босатты да, орнына осыған дейін Ульяновск обл. партия к-тінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В. Колбин қойылды. Сөйтіп, Қазақстанды басқару мәселесі тағы да көне әдіс бойынша – Қазақстанның сыртынан шешілді. Бұл жайт жергілікті қазақ жастарының қарсылығын туғызды. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға студент және жұмысшы жастар жиналды. Демонстрация бірнеше күнге созылды, оны обл. орталықтарындағы жастар қолдады. Жастардың Алматыдағы ереуілін үкімет қарулы күшпен таратты. Ереуілге қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды, жүздеген адамға партиялық, комсомолдық жазалар берілді. 1987 ж. жазда КОКП ОК-нің “Қазақстан партия ұйымдарындағы интернационалдық тәрбиелік кемшіліктері жөніндегі” қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” ретінде бағаланды. 1986 ж. Желтоқсан ереуілі күллі Кеңес одағындағы халықтардың саяси өмірін жандандырудың басы болды, қасаң әміршілдікті тыю және елді демократияландыру жолындағы күреске жаңа серпін берді (қ. Желтоқсан көтерілісі). Республика жұртшылығының 1989 ж. ақпандағы митингісі Невада – Семей халықаралық қозғалысына жол ашты. Оны ақын О.Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзім ішінде бұл қозғалыс ең ықпалды қоғамдық қозғалысқа айналып, ядр. сынақты тоқтату үшін әскери өнеркәсіп кешенімен тегеурінді күрес жүргізді. “Невада–Семей” қозғалысының бастамасы мен әлемдегі барлық ядр. қаруға қарсы қозғалыстардың атом қаруын сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатымен 1990 ж. мамырда Алматыда “Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықар. конгресс өткізілді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 ж. 28 тамызда Семей полигонын жабу туралы өкімге қол қойды. Осы жылдары Кеңес одағында саяси-экон. жағдай қайта шиеленісті. 1991 ж. 19 тамызда Төтенше оқиғалар жөніндегі мемл. к-т (ГКЧП) құрылды. Олар КСРО президенті М.С. Горбачевті Фороста оқшау ұстады, бұл мемл. төңкеріс жасау әрекеті еді. Бірақ ГКЧП жеңіліске ұшырап, оны ұйымдастырушылар тұтқындалды (қ. Тамыз бүлігі). Оқиға КСРО-ның күйреуін тездетті. Бүліктің әшкереленуі компартияның таратылуына әкелді. 7 қыркүйекте Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезі болып, партияның таратылатындығы мәлімделді. Орнына соц. партия құрылды. 1991 ж. 1 желтоқсанда болған бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды (қ. Қазақстан Республикасының Президенті). 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемл. тәуелсіздігі жарияланды. 1991 ж. желтоқсанда Тәуелсіз мемлекеттер достастығын (ТМД) құру мәселесі қаралды. Алдымен 8 желтоқсанда Минскіде Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп (қ. Беловеж нуы), КСРО-ны құру туралы келісім (1922) жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 13 желтоқсанда Орт. Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта бас қосып, “Беловеж келісімін” қолдайтындықтарын мәлімдеді. 20 желтоқсанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда кездесіп, 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды (1991). Қазақстанда осыдан кейін егемен мемл. дамудың қарқынды жолына түсті. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экон. жүйе, қаржы-кредит, салық және кеден мәселелері, ҚР-ның мемл. рәміздері белгіленді. 1992 ж. 4 маусымда мемл. жалау, елтаңба (герб), 11 желтоқсанда елұран (гимн) мәтіні бекітілді. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Осы жылы 29 қыркүйекте Алматы қ-нда Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 жылғы наурызда егемендіктің тағы бір белесі басталды. Қоғамдық бірлестіктер көптеп құрылып, бірқатар маңызды заңдар қабылданды. 1997 ж. ел Президентінің Қазақстан халқына үндеуі – “Қазақстан–2030 стратегиясы” жарияланды. Онда барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, қауіпсіздігінің шарттары айтылды. Сондай-ақ, елді дамытудың болашаққа арналған жоспар-бағдарламасы көрсетіліп, оған жан-жақты талдаулар жасалды. 1995 ж. 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды; қ. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жаһандану бағытына байланысты әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. ҚР сырттан инвестиция тартып, ел экономикасын, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге ұмтылып отыр. Осы мақсатқа, ең алдымен, ТМД елдерімен байланыс күшейтілді. Қазақстан 1995 ж. 28 қаңтарда Ресей Федерациясы, Беларусь мемлекеттерімен бірлесіп Кеден одағына қол қойды. Кейін оған Қырғызия, Тәжікстан елдері қосылып, Еуразиялық экон. одаққа айналды. 1999 – 2000 ж. ҚР, Өзбекстан, Қырғызия, Тәжікстан елдері өзара экон. кеңістік құру мақсатында Орт. Азиялық экон. қауымдастыққа бірікті. Сондай-ақ, аталған одақтарға мүше емес басқа да ТМД елдерімен (Украина, Молдова, Әзербайжан, Армения, Грузия, Түрікменстан) тығыз саяси экон. байланыстар орнатылды. Ресей Федерациясында 2003 ж. Қазақстан жылы болып жарияланды. Өзінің геосаяси жағынан ҚР үш өркениеттің (Шығыс, Батыс, Қытай, т.б.) қиылысқан жерінде орналасқан. Осыған байланысты ол аталған үш бағытта да аса белсенді сыртқы саясат жүргізіп отыр. Қытаймен екі арада шекара мәселесі толық шешілді, сондай-ақ, сауда-экон. байланыстар жолға қойылған. ҚР шығыс бағытта Жапониямен, Оңт. Кореямен, Үндістан, Пәкстан, АСЕАН елдерімен тығыз байланыс орнатқан. Таяу Шығыс елдерінен Түркия мен ҚР-ның егемендігін тұңғыш мойындаған ел ретінде аса тығыз саяси, экон., мәдени байланыстар жасалуда. Бұған қоса Иран, Ауғанстан, Израиль және араб елдерімен экон. және мәдени қарым-қатынастар жақсы дамыған. 1995 ж. желтоқсанда Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына толық мүше болуы бұл қатынастарды әрі қарай ілгері дамытты. 1996 ж. Шанхай ынтымастығы (ҚР, Ресей Федерациясы, Қытай, Қырғызия, Тәжікстан, кейіннен Өзбекстан) ұйымы құрылды. Азияда бейбітшілік орнату мақсатында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 1999 ж. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақырылды. Аталған ұйымдардың барлығы да ТМД елдерінде және Азияда бейбітшілікті сақтау, экон. ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған. ҚР-на инвестиция тарату мақсатында 2000 ж. 26 – 28 сәуірде Алматыда “Еуразия-2000” экон. саммиті өтті. Оған Орт. Азия, Кавказ, Ресей Федерациясы, Таяу және Қиыр Шығыс, Оңт.-Шығыс Азия елдері, Қытай, Үндістан, Жапония елдерінің өкілдері, халықар. қаржы және экон. ұйымдар, БҰҰ құрылымдары қатынасты. 2001 ж. 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет Рим папасы Астана қ-на келіп қайтты. 2003 ж. қазанда Астанада әлемдегі ең негізгі діндердің форумы өтті. М.Қойгелдиев, Қ.Әлімғазинов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том  
09.11.2012 02:31 7309

Соңғы редакциялау:

19 қазан, 2012

 

20 ғ-дың 70 – 80 жылдарында КСРО-да (соның ішінде Қазақстанда да) кеңестік жүйе дағдарысқа ұшырай бастады. Федерациялық мемлекет ретінде жобаланып, 1922 ж. құрылған КСРО іс жүзінде унитарлық мемлекетке айналды. Оның құрамындағы Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі сөз жүзінде ғана айтылды. Бүкіл кеңестік тарихтың өне бойында, кеңестік федерализм жағдайында соц. ұлттардың федерациядан шығуына қажеттілік пайда болуы мүмкін емес деген тұжырым берік бекіді. 70 – 80 жылдары ұлттық салт-санадан гөрі кеңестік салт-сана көбірек дәріптелді. Ұлттық республикалардың қоғамдық-саяси өмірінде еуроцентризм басымдық алды. Ұлт саясатындағы бұрмалаулар, еркін ой-пікірге тыйым салу интеллигенттердің наразылығын туғызды. Ол түрліше көрінді. Мыс., Мәскеуде оқитын қазақ жастары 1963 ж. “Жас тұлпар” атты тұңғыш бейресми бірлестік құрды. Кейін бұл қоғам өрісін едәуір кеңейтті. Семейде – “Тайшұбар”, Қарағандыда – “Жас қазақ” ұйымдары жұмыс істеді. Бірақ мұның бәрі бауырын жаза алмай, бесікте тұншықтырылды. Жүйе баспасөзде, әдебиет пен өнер шығармаларында қоғамның көлеңкелі теріс жақтарын көрсеткен интеллигенцияны қудалауға түсірді. Мыс., 60-жылдарда “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) мен “Қазақ әдебиеті” газеттерінің, 70 – 80-жылдары “Білім және еңбек” (қазіргі “Зерде”) журналының басшылары Қазақстанның шынайы тарихын қозғаған мақалалар жариялағаны үшін қызметтен қуылды. О.Сүлейменовтің “Аз и Я” атты кітабы ұлтшылдық көрінісі ретінде, орысқа қарсы деп бағаланды. Антрополог О.Смағұловтың “Қазақстанның этностық географиясы” деген кітабы идеялық тұрғыдан зиянды деп табылды. 1979 ж. орт. үкіметтің Қазақстанның Ақмола қ-нда неміс автономиясын құру жайындағы шешімі жергілікті халықтың мүддесін ескермеудің нақты көрінісі еді. Бірақ қазақ халқының батыл қарсылығы бұл жоспарды жүзеге асыртпай тастады.

60-жылдардың ортасында-ақ ел басшылығы халықтың ақшалай табысын арттыру бағытын ұстанды, мұның өзі тұрғындардың тұрмыс дәрежесінің 40 – 50-жылдармен салыстырғанда біршама артуына жағдай туғызды. Халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның бір бөлігі жәрдем, зейнетақы, стипендия төлеуге, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалды. Соған сәйкес бағаны халықтан ресми жасырын түрде көтеру жүріп отырды. Мұның өзі мұқтаждықты (қарттарға, балаларға арналған тауарлардың жетпеуі, тамақ түрлерінің жетіспеуі, дүкендерде сағаттап кезекте тұру т.т.) арттырды. 70 – 80-жылдары Батыс елдері кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемл., әскери, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты қорытылған пікір еді. Әлеум. саладағы қиын мәселе – тұрғын үй тапшылығы болды. Қордаланған әлеум.-экон. қайшылықтар – еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, маскүнемдік, қылмыс жасау, еңбек тәртібінің құлдырауы, “қылмысты экономика” сияқты келеңсіз құбылыстарды туғызды. Мұның бәрі әлеум. саладағы дағдарыстың көріністері және әміршілдік жүйені күйретуге алып келген заңды себептер еді. 1985 жылғы наурызда өткен КОКП ОК-нің сәуір Пленумында қоғамның әлеум.-экон. дамуын жеделдету мәселесі қозғалып, одақты қайта құру идеясы пайда болды және ол “төменнен” – автон. және одақтас республикалардан басталды. Қазақстанда республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру тұжырымдамасы жасалды. Онда Қазақстан аумағындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, елдің егемендігін саяси және экон. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімдеме жасалды. Бірақ мұның бәрін жүзеге асыруға мемл. басқару құрылымының, Коммунистік партияның қатаң билігі кедергі жасады. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК пленумы жедел шақырылып, ОК-тің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевты қызметінен босатты да, орнына осыған дейін Ульяновск обл. партия к-тінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В. Колбин қойылды. Сөйтіп, Қазақстанды басқару мәселесі тағы да көне әдіс бойынша – Қазақстанның сыртынан шешілді. Бұл жайт жергілікті қазақ жастарының қарсылығын туғызды. 17 желтоқсанда ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға студент және жұмысшы жастар жиналды. Демонстрация бірнеше күнге созылды, оны обл. орталықтарындағы жастар қолдады. Жастардың Алматыдағы ереуілін үкімет қарулы күшпен таратты. Ереуілге қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды, жүздеген адамға партиялық, комсомолдық жазалар берілді. 1987 ж. жазда КОКП ОК-нің “Қазақстан партия ұйымдарындағы интернационалдық тәрбиелік кемшіліктері жөніндегі” қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” ретінде бағаланды. 1986 ж. Желтоқсан ереуілі күллі Кеңес одағындағы халықтардың саяси өмірін жандандырудың басы болды, қасаң әміршілдікті тыю және елді демократияландыру жолындағы күреске жаңа серпін берді (қ. Желтоқсан көтерілісі).

Республика жұртшылығының 1989 ж. ақпандағы митингісі Невада – Семей халықаралық қозғалысына жол ашты. Оны ақын О.Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзім ішінде бұл қозғалыс ең ықпалды қоғамдық қозғалысқа айналып, ядр. сынақты тоқтату үшін әскери өнеркәсіп кешенімен тегеурінді күрес жүргізді. “Невада–Семей” қозғалысының бастамасы мен әлемдегі барлық ядр. қаруға қарсы қозғалыстардың атом қаруын сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатымен 1990 ж. мамырда Алматыда “Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы” деген халықар. конгресс өткізілді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 1991 ж. 28 тамызда Семей полигонын жабу туралы өкімге қол қойды. Осы жылдары Кеңес одағында саяси-экон. жағдай қайта шиеленісті. 1991 ж. 19 тамызда Төтенше оқиғалар жөніндегі мемл. к-т (ГКЧП) құрылды. Олар КСРО президенті М.С. Горбачевті Фороста оқшау ұстады, бұл мемл. төңкеріс жасау әрекеті еді. Бірақ ГКЧП жеңіліске ұшырап, оны ұйымдастырушылар тұтқындалды (қ. Тамыз бүлігі). Оқиға КСРО-ның күйреуін тездетті. Бүліктің әшкереленуі компартияның таратылуына әкелді. 7 қыркүйекте Қазақстан компартиясының кезектен тыс съезі болып, партияның таратылатындығы мәлімделді. Орнына соц. партия құрылды. 1991 ж. 1 желтоқсанда болған бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды (қ. Қазақстан Республикасының Президенті). 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемл. тәуелсіздігі жарияланды. 1991 ж. желтоқсанда Тәуелсіз мемлекеттер достастығын (ТМД) құру мәселесі қаралды. Алдымен 8 желтоқсанда Минскіде Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп (қ. Беловеж нуы), КСРО-ны құру туралы келісім (1922) жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 13 желтоқсанда Орт. Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта бас қосып, “Беловеж келісімін” қолдайтындықтарын мәлімдеді. 20 желтоқсанда Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда кездесіп, 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды (1991). Қазақстанда осыдан кейін егемен мемл. дамудың қарқынды жолына түсті. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экон. жүйе, қаржы-кредит, салық және кеден мәселелері, ҚР-ның мемл. рәміздері белгіленді. 1992 ж. 4 маусымда мемл. жалау, елтаңба (герб), 11 желтоқсанда елұран (гимн) мәтіні бекітілді. 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Осы жылы 29 қыркүйекте Алматы қ-нда Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы ашылды.

1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 жылғы наурызда егемендіктің тағы бір белесі басталды. Қоғамдық бірлестіктер көптеп құрылып, бірқатар маңызды заңдар қабылданды. 1997 ж. ел Президентінің Қазақстан халқына үндеуі – “Қазақстан–2030 стратегиясы” жарияланды. Онда барлық қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, қауіпсіздігінің шарттары айтылды. Сондай-ақ, елді дамытудың болашаққа арналған жоспар-бағдарламасы көрсетіліп, оған жан-жақты талдаулар жасалды. 1995 ж. 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды; қ. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Жаһандану бағытына байланысты әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. ҚР сырттан инвестиция тартып, ел экономикасын, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге ұмтылып отыр. Осы мақсатқа, ең алдымен, ТМД елдерімен байланыс күшейтілді. Қазақстан 1995 ж. 28 қаңтарда Ресей Федерациясы, Беларусь мемлекеттерімен бірлесіп Кеден одағына қол қойды. Кейін оған Қырғызия, Тәжікстан елдері қосылып, Еуразиялық экон. одаққа айналды. 1999 – 2000 ж. ҚР, Өзбекстан, Қырғызия, Тәжікстан елдері өзара экон. кеңістік құру мақсатында Орт. Азиялық экон. қауымдастыққа бірікті. Сондай-ақ, аталған одақтарға мүше емес басқа да ТМД елдерімен (Украина, Молдова, Әзербайжан, Армения, Грузия, Түрікменстан) тығыз саяси экон. байланыстар орнатылды. Ресей Федерациясында 2003 ж. Қазақстан жылы болып жарияланды. Өзінің геосаяси жағынан ҚР үш өркениеттің (Шығыс, Батыс, Қытай, т.б.) қиылысқан жерінде орналасқан. Осыған байланысты ол аталған үш бағытта да аса белсенді сыртқы саясат жүргізіп отыр. Қытаймен екі арада шекара мәселесі толық шешілді, сондай-ақ, сауда-экон. байланыстар жолға қойылған. ҚР шығыс бағытта Жапониямен, Оңт. Кореямен, Үндістан, Пәкстан, АСЕАН елдерімен тығыз байланыс орнатқан. Таяу Шығыс елдерінен Түркия мен ҚР-ның егемендігін тұңғыш мойындаған ел ретінде аса тығыз саяси, экон., мәдени байланыстар жасалуда. Бұған қоса Иран, Ауғанстан, Израиль және араб елдерімен экон. және мәдени қарым-қатынастар жақсы дамыған. 1995 ж. желтоқсанда Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына толық мүше болуы бұл қатынастарды әрі қарай ілгері дамытты. 1996 ж. Шанхай ынтымастығы (ҚР, Ресей Федерациясы, Қытай, Қырғызия, Тәжікстан, кейіннен Өзбекстан) ұйымы құрылды. Азияда бейбітшілік орнату мақсатында Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен 1999 ж. Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес шақырылды. Аталған ұйымдардың барлығы да ТМД елдерінде және Азияда бейбітшілікті сақтау, экон. ынтымақтастықты дамыту мақсатында құрылған. ҚР-на инвестиция тарату мақсатында 2000 ж. 26 – 28 сәуірде Алматыда “Еуразия-2000” экон. саммиті өтті. Оған Орт. Азия, Кавказ, Ресей Федерациясы, Таяу және Қиыр Шығыс, Оңт.-Шығыс Азия елдері, Қытай, Үндістан, Жапония елдерінің өкілдері, халықар. қаржы және экон. ұйымдар, БҰҰ құрылымдары қатынасты. 2001 ж. 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет Рим папасы Астана қ-на келіп қайтты. 2003 ж. қазанда Астанада әлемдегі ең негізгі діндердің форумы өтті.

М.Қойгелдиев, Қ.Әлімғазинов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға