Жаңалықтар

Малиде Француз президентінің түйесін жеп қойды

  Малиде Франция президенті Франсуа Олландаға сыйға тартқан түйені жергілікті тұрғындар жеп қойыпты, деп хабарлайды Mignews. Олландтың малын бағуды тапсырған отбасы түйені күтудің орнына "қуырдақ" қылып жіберген. Мали билігі оны елдің солтүстік аумағын және Тимбукт қаласын Аль-Каида содырларынан тазартқан әскери операциясы үшін Олландқа тарту еткен болатын. Бұл туралы Францияның Қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан түйе тарту етілгеннен кейін бірнеше күн өткеннен соң мәлім еткен. Ал Олланд болса, ол уақыт ішінде жұртқа түйеге мінемін деген қуанышын айтып үлгерген екен. Baq.kz .  
10.04.2013 05:30 3080

 

Малиде Франция президенті Франсуа Олландаға сыйға тартқан түйені жергілікті тұрғындар жеп қойыпты, деп хабарлайды Mignews.

Олландтың малын бағуды тапсырған отбасы түйені күтудің орнына "қуырдақ" қылып жіберген. Мали билігі оны елдің солтүстік аумағын және Тимбукт қаласын Аль-Каида содырларынан тазартқан әскери операциясы үшін Олландқа тарту еткен болатын.
Бұл туралы Францияның Қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан түйе тарту етілгеннен кейін бірнеше күн өткеннен соң мәлім еткен. Ал Олланд болса, ол уақыт ішінде жұртқа түйеге мінемін деген қуанышын айтып үлгерген екен.

Baq.kz

.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға