Жаңалықтар

Пенальти қайтарудың шебері

  Құралбек Ордабаевпен бірге ойнаған футболшылар да оның пенальтиден бөлек, ойын кезінде «тоғыздыққа» көзделген допты қалай қағып жіберетінін тамсана айтады. Бір кездері «Қайратта» Құралбекпен бірге доп тепкен, қазіргі таңда еліміздің футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов мынадай қызықты оқиғаны еске түсіреді: «Одақ біріншілігінде тең түскен екі команда жеңімпазды пенальтиден анықтайтыны жанкүйерлердің есінде болар. Сондай сәттерде Ордабаев өз шеберлігінің арқасында көбіне командасына жеңіс сыйлайтын. Тіпті, қарсыластарымызбен тең түскенде, Құралбекке сеніп, алдын ала жеңіске жететінімізді біліп отыратынбыз. КСРО-ның маңдайалды шабуылшылары ойыннан кейін таңданысын жасыра алмай кеткенін талай рет көрдік». Бүгінде Алматыдағы №4 олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры, бапкер Ордабаев қақпашы Ордабаевтың рекордына өзгеріс енгізетін оғыландарды тәрбиелеп жүр. Алайда, қазақ футболының қазіргі деңгейіне байланысты әйгілі қақпашының өз көзқарасы бар. «Төл чемпионатымыздың деңгейі өспеуіне ел біріншілігіне жылда эксперимент жасап отырғанымыз кері әсерін тигізуде. Бір жобаны таңдап алып, бір жүйені қолданып, соны жетілдіре түскен абзал. Бір жыл премьер-лигада 16 команда ойнаса, келесі жылы 14 команда алаңға шығады. Өткен жылы 12 команда өнер көрсетті. Биыл қайта 14 команда. Бұлай жасауға болмайды ғой». Теңбіл доптың сиқырын бүге-шігесіне дейін білетін қақпашының «тоғыздыққа» дәл тигізіп отырғанына күмәніміз жоқ. Ордабаев біліп айтады. Дегенмен алдағы уақытта қазақ футболы өз биігін алатынына сенім мықты. Өйткені, кейінгі ұрпаққа өнеге болар атақты Құралбек Ордабаевтай қақпашысы бар халықтың өрендері осал болмауы тиіс! Алматылық «Қайраттың» «ақжолтай» қақпашысы Құралбек Ордабаевтың осындай абыройға кездейсоқ ие болмағандығы енді баршаға белгілі болды. Өйткені, ол биылғы көктемнің өзінде командасын пенальтиден төрт рет жеңіске жеткізді: екі мәрте шешуші ойындарда көзге түсті («Пахтакор» және тбилисилік «Динамомен» кездесулерде) және біріншіліктің ресми ойындарында екі рет үздік шықты. Мәскеулік «торпедошылармен» болған ойында  екі 11 метрлік соққыны қақпасына дарытпады, алдыңғы күні ленинградтық «Зенит» командасының шабуылшысымен  жекпе-жек қалған кезде тасқамал шеберлік көрсетті. Құралбек Ордабаев 1949 жылы Шымкент қаласында туған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. КСРО «спорт» шебері». Халықаралық теміржолшылар одағы кубогының иегері. ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының  жетекшісі (1982-1988), «Қайрат» спорт мектебінің директоры (1989-1991), Қазақстан футбол ассоциациясының вице-президенті (1991-1993), президенті (1994-2000), бас хатшы (2001). Туризм және спорт агенттігі төрағасының кеңесшісі (2001-2002), «Қайрат» футбол клубының президенті (2003-2008). Қазіргі таңда Алматыдағы №4 олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры. Дереккөзі: Алмас МАНАП, «Нұр Астана» газеті
10.04.2013 04:36 2960

 

Құралбек Ордабаевпен бірге ойнаған футболшылар да оның пенальтиден бөлек, ойын кезінде «тоғыздыққа» көзделген допты қалай қағып жіберетінін тамсана айтады. Бір кездері «Қайратта» Құралбекпен бірге доп тепкен, қазіргі таңда еліміздің футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов мынадай қызықты оқиғаны еске түсіреді: «Одақ біріншілігінде тең түскен екі команда жеңімпазды пенальтиден анықтайтыны жанкүйерлердің есінде болар. Сондай сәттерде Ордабаев өз шеберлігінің арқасында көбіне командасына жеңіс сыйлайтын. Тіпті, қарсыластарымызбен тең түскенде, Құралбекке сеніп, алдын ала жеңіске жететінімізді біліп отыратынбыз. КСРО-ның маңдайалды шабуылшылары ойыннан кейін таңданысын жасыра алмай кеткенін талай рет көрдік».

Бүгінде Алматыдағы №4 олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры, бапкер Ордабаев қақпашы Ордабаевтың рекордына өзгеріс енгізетін оғыландарды тәрбиелеп жүр. Алайда, қазақ футболының қазіргі деңгейіне байланысты әйгілі қақпашының өз көзқарасы бар. «Төл чемпионатымыздың деңгейі өспеуіне ел біріншілігіне жылда эксперимент жасап отырғанымыз кері әсерін тигізуде. Бір жобаны таңдап алып, бір жүйені қолданып, соны жетілдіре түскен абзал. Бір жыл премьер-лигада 16 команда ойнаса, келесі жылы 14 команда алаңға шығады. Өткен жылы 12 команда өнер көрсетті. Биыл қайта 14 команда. Бұлай жасауға болмайды ғой». Теңбіл доптың сиқырын бүге-шігесіне дейін білетін қақпашының «тоғыздыққа» дәл тигізіп отырғанына күмәніміз жоқ. Ордабаев біліп айтады. Дегенмен алдағы уақытта қазақ футболы өз биігін алатынына сенім мықты. Өйткені, кейінгі ұрпаққа өнеге болар атақты Құралбек Ордабаевтай қақпашысы бар халықтың өрендері осал болмауы тиіс!

Алматылық «Қайраттың» «ақжолтай» қақпашысы Құралбек Ордабаевтың осындай абыройға кездейсоқ ие болмағандығы енді баршаға белгілі болды. Өйткені, ол биылғы көктемнің өзінде командасын пенальтиден төрт рет жеңіске жеткізді: екі мәрте шешуші ойындарда көзге түсті («Пахтакор» және тбилисилік «Динамомен» кездесулерде) және біріншіліктің ресми ойындарында екі рет үздік шықты. Мәскеулік «торпедошылармен» болған ойында  екі 11 метрлік соққыны қақпасына дарытпады, алдыңғы күні ленинградтық «Зенит» командасының шабуылшысымен  жекпе-жек қалған кезде тасқамал шеберлік көрсетті.

Құралбек Ордабаев 1949 жылы Шымкент қаласында туған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы. КСРО «спорт» шебері». Халықаралық теміржолшылар одағы кубогының иегері. ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының  жетекшісі (1982-1988), «Қайрат» спорт мектебінің директоры (1989-1991), Қазақстан футбол ассоциациясының вице-президенті (1991-1993), президенті (1994-2000), бас хатшы (2001). Туризм және спорт агенттігі төрағасының кеңесшісі (2001-2002), «Қайрат» футбол клубының президенті (2003-2008). Қазіргі таңда Алматыдағы №4 олимпиадалық резерв спорт мектебінің директоры.

Дереккөзі: Алмас МАНАП, «Нұр Астана» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға