Жаңалықтар

Алғашқы жетістіктері

  Кезінде Пеледен журналистер «арманыңыз бар ма?» деп сұрағанда, ол: «Лев Яшинге гол соқсам – бүкіл арманымның орындалғаны» деген екен. Тіпті, өткен ғасырдың 60-жылдары Еуропа футболшылары арасында «Яшин қорғаған қақпаның кілтін тапқан шабуылшының еш уайымсыз «зейнеткерлікке» шыға беруіне болады» деген әзіл де шығыпты. Иә, футбол королі Пеленің арманын жүзеге асырмаған Лев Яшин орыстардың маңдайына біткен қақпашы  екені сөзсіз. Ал қазақтың Құралбегі де әлемді демесек те, Одақ жанкүйерлерін мойындатқан-ды. «Қайрат» қақпасын 12 жыл(1971-1982) бойы қорғаған Ордабаев Одақ көлеміндегі талай «менмін» деген мергендердің мысын басқан. Әсіресе, 11 метрлік айып добын қақпаға дарытпаудан одан асқан қақпашы жоқ-ты. Бір футбол маусымында (1973 жылы) 16 пенальтиді (!) қайтарған да сол Құралбек болатын. Осыдан кейін оны КСРО чемпионатында «пенальти қайтарудың хас шебері» деп атап кеткен-ді. Кезінде «Қайраттың» мәскеулік «Спартак» пен киевтік «Динамо» клубтарын тәубесіне түсіргенін ағаларымыз аңыз қылып айтады әлі күнге шейін. Қазақ футболының шежіресін парақтасақ, Құралбек Ордабаев «Қайрат» қақпасын 185 рет қорғаған екен. Ол 1971 жылы – «Қайратқа» алғаш келген жылы-ақ Халықаралық теміржолшылар одағының кубогын жеңіп алған. Сол бір қайта оралмас кезең туралы Құралбек Ордабаев төмендегіше сыр шертеді:«Алғашқы ойында Чехословакияның «Локомотив» командасын өз алаңымызда 4:1, сыртта 1:0 есебімен жеңдік. Екі ойында да менің әріптесім Виктор Шведков қақпада тамаша тұрды. Келесі айналымда Болгарияның «Славия» командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін, бапкерлер қарымта кездесуде қақпаға мені қоюды шешіпті. Менің үлкен футболдағы карьерам осыдан басталды. Қарымта кездесуде біз қарсыласымызды 3:0 есебімен жеңдік. Қателеспесем, Евгений Пиуновский, Юрий Севидов, Владислав Маркин бір-бір голдан соқты. Келесі финалдық кездесу тіпті қиынға түсті. Қарсыласымыз анау-мынау емес, Румынияның азулы «Рапид» командасы еді. Кездесу басталмай жатып, көптеген футбол мамандары жеңісті алдын ала румындықтардың қолына ұстатып қойған-ды. Өйтпегенде ше, «Қайрат» ол кезде ешкімге беймәлім команда-тұғын. Алайда, біз намысқа тырысып, сыртта 1:1 есебімен тең ойнап, Алматыда 1:0 есебімен басым түстік. Осы тарихи жеңістен кейін, жанкүйерлердің қуанышында шек болған жоқ». Қазақ тарихындағы үздік қақпашылардың көшін бастап тұрған Құралбек Ордабаевтың өткен тарихқа осылай көз жүгіртеді.   Дереккөзі: Алмас МАНАП, «Нұр Астана» газеті
10.04.2013 04:29 3029

 

Кезінде Пеледен журналистер «арманыңыз бар ма?» деп сұрағанда, ол: «Лев Яшинге гол соқсам – бүкіл арманымның орындалғаны» деген екен. Тіпті, өткен ғасырдың 60-жылдары Еуропа футболшылары арасында «Яшин қорғаған қақпаның кілтін тапқан шабуылшының еш уайымсыз «зейнеткерлікке» шыға беруіне болады» деген әзіл де шығыпты. Иә, футбол королі Пеленің арманын жүзеге асырмаған Лев Яшин орыстардың маңдайына біткен қақпашы  екені сөзсіз.

Ал қазақтың Құралбегі де әлемді демесек те, Одақ жанкүйерлерін мойындатқан-ды. «Қайрат» қақпасын 12 жыл(1971-1982) бойы қорғаған Ордабаев Одақ көлеміндегі талай «менмін» деген мергендердің мысын басқан. Әсіресе, 11 метрлік айып добын қақпаға дарытпаудан одан асқан қақпашы жоқ-ты. Бір футбол маусымында (1973 жылы) 16 пенальтиді (!) қайтарған да сол Құралбек болатын. Осыдан кейін оны КСРО чемпионатында «пенальти қайтарудың хас шебері» деп атап кеткен-ді.

Кезінде «Қайраттың» мәскеулік «Спартак» пен киевтік «Динамо» клубтарын тәубесіне түсіргенін ағаларымыз аңыз қылып айтады әлі күнге шейін. Қазақ футболының шежіресін парақтасақ, Құралбек Ордабаев «Қайрат» қақпасын 185 рет қорғаған екен. Ол 1971 жылы – «Қайратқа» алғаш келген жылы-ақ Халықаралық теміржолшылар одағының кубогын жеңіп алған.

Сол бір қайта оралмас кезең туралы Құралбек Ордабаев төмендегіше сыр шертеді:«Алғашқы ойында Чехословакияның «Локомотив» командасын өз алаңымызда 4:1, сыртта 1:0 есебімен жеңдік. Екі ойында да менің әріптесім Виктор Шведков қақпада тамаша тұрды. Келесі айналымда Болгарияның «Славия» командасынан 1:3 есебімен жеңіліс тапқаннан кейін, бапкерлер қарымта кездесуде қақпаға мені қоюды шешіпті. Менің үлкен футболдағы карьерам осыдан басталды. Қарымта кездесуде біз қарсыласымызды 3:0 есебімен жеңдік. Қателеспесем, Евгений Пиуновский, Юрий Севидов, Владислав Маркин бір-бір голдан соқты. Келесі финалдық кездесу тіпті қиынға түсті. Қарсыласымыз анау-мынау емес, Румынияның азулы «Рапид» командасы еді. Кездесу басталмай жатып, көптеген футбол мамандары жеңісті алдын ала румындықтардың қолына ұстатып қойған-ды. Өйтпегенде ше, «Қайрат» ол кезде ешкімге беймәлім команда-тұғын. Алайда, біз намысқа тырысып, сыртта 1:1 есебімен тең ойнап, Алматыда 1:0 есебімен басым түстік. Осы тарихи жеңістен кейін, жанкүйерлердің қуанышында шек болған жоқ».

Қазақ тарихындағы үздік қақпашылардың көшін бастап тұрған Құралбек Ордабаевтың өткен тарихқа осылай көз жүгіртеді.

 

Дереккөзі: Алмас МАНАП, «Нұр Астана» газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға