Жаңалықтар

Тараз

    Жалпы, 50 жылдан астам тарихы бар «Тараз» футбол клубы – Қазақстан Премьер-Лигасында ойнайтын команда. Cонау алпысыншы жылдардың басында «Металлист», одан кейін «Восход», «Энергетик», «Алатау», «Химик» (1975-1991 жылдары), «Фосфор» (1991-1993 жылдары) деген атпен белгілі болған. Клуб қазіргі атауын 1993 жылдың шілдесінен бастап иеленген-ді.  Кезінде жеті бірдей КССР кубогына қатысып, 1/16 финалға жеткен. Ол кездегі бәсекені ересек қауым біле жатар. Команда тарихындағы ең үлкен жеңіс ақтаулық «Мұнайшымен» өткен кездесу болып есептеледі («Мұнайшы» – «Тараз» 0-9). Ең сорақы деген матчтардың ішіндегі шоқтығы биігі Астананың «Жеңісінен» тапқан жеңіліс («Жеңіс» – «Тараз» 8-0). Ал өз тәуелсіздігімізді алып, ұлттық лигамыз дүниеге келген уақыт 1992 жыл болып есептелсе, содан бері 2002, 2008 жылдары біріншіліктен шет қалған екен. Біріншіліктің біссімілләсін алғашқы жылы бесінші орынмен тәмамдаған «Тараз» футбол клубы 1995-1996 жылдары екінші және бірінші сатыларда болғандығын атап өтуіміз керек. Жергілікті аяқдоп шеберлерінің республика көлемінде кеңінен танымал екендігі де рас. Оған басты себеп, футбол мектептерінің мықтылығын, яғни білікті бапкерлердің барын білдіреді. Мысалы, 1995 жылы алтын жүлдеге алып келген Воит Абдулхамидұлы Талғаев, Анатолий Белский, Юрий Коньков, Сергей Тагиев, Вахид Масудов, Дмитрий Огай сынды ойын тактикасын дұрыс ұстанып, асу асырып, белес бағындырмаса да, талай дарын түлеткендігі рас. Олардың да атын атап, түр-түсін түгендеуге  болады. Мәселен, Жамбыл жерінен шыққан қазақстандық футбол жұлдыздары Ғани Қайназаров, Сейілда Байшақов, Олег Литвененко, Нұркен Мазбаев, Ерлан Елеусізов, Нұрмат Мырзабаев, Азамат Ниязымбетов, қазіргі уақытта атой салып жүрген Мұрат Тілешов, Нұртас Кургулин, Олег Недашковский, Әзиз Анарметов сынды сайыпқырандарды тізе беруге әбден болады. Олардың ізін ала Қайрат Сүлей, Ерзат Кенбаев, Ұлан Қонысбаев, аяқдоптың Отаны болып есептелетін Англияның азулы командасы «МЮ» клубының даярлық мектебіне шақырту алған сақа ойыншы Бауыржан Байтаналарды айтпай кетпеуге тағы болмас.   Жетістіктері мен жеңілістері Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:   Ең үлкен жеңісі Қазақстан чемпионаты 1993 — 9:0 («Мұнайшы», Ақтау)   Ең үлкен жеңілістері Қазақстан чемпионаты 1999 — 0:7 («Жеңіс», Астана)   Тараз футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Тараз қаласының орталық стадионы клубтың базасы болып табылады.
10.04.2013 04:10 3132

 

 

Жалпы, 50 жылдан астам тарихы бар «Тараз» футбол клубы – Қазақстан Премьер-Лигасында ойнайтын команда. Cонау алпысыншы жылдардың басында «Металлист», одан кейін «Восход», «Энергетик», «Алатау», «Химик» (1975-1991 жылдары), «Фосфор» (1991-1993 жылдары) деген атпен белгілі болған. Клуб қазіргі атауын 1993 жылдың шілдесінен бастап иеленген-ді. 

Кезінде жеті бірдей КССР кубогына қатысып, 1/16 финалға жеткен. Ол кездегі бәсекені ересек қауым біле жатар. Команда тарихындағы ең үлкен жеңіс ақтаулық «Мұнайшымен» өткен кездесу болып есептеледі («Мұнайшы» – «Тараз» 0-9). Ең сорақы деген матчтардың ішіндегі шоқтығы биігі Астананың «Жеңісінен» тапқан жеңіліс («Жеңіс» – «Тараз» 8-0). Ал өз тәуелсіздігімізді алып, ұлттық лигамыз дүниеге келген уақыт 1992 жыл болып есептелсе, содан бері 2002, 2008 жылдары біріншіліктен шет қалған екен. Біріншіліктің біссімілләсін алғашқы жылы бесінші орынмен тәмамдаған «Тараз» футбол клубы 1995-1996 жылдары екінші және бірінші сатыларда болғандығын атап өтуіміз керек. Жергілікті аяқдоп шеберлерінің республика көлемінде кеңінен танымал екендігі де рас. Оған басты себеп, футбол мектептерінің мықтылығын, яғни білікті бапкерлердің барын білдіреді. Мысалы, 1995 жылы алтын жүлдеге алып келген Воит Абдулхамидұлы Талғаев, Анатолий Белский, Юрий Коньков, Сергей Тагиев, Вахид Масудов, Дмитрий Огай сынды ойын тактикасын дұрыс ұстанып, асу асырып, белес бағындырмаса да, талай дарын түлеткендігі рас. Олардың да атын атап, түр-түсін түгендеуге  болады. Мәселен, Жамбыл жерінен шыққан қазақстандық футбол жұлдыздары Ғани Қайназаров, Сейілда Байшақов, Олег Литвененко, Нұркен Мазбаев, Ерлан Елеусізов, Нұрмат Мырзабаев, Азамат Ниязымбетов, қазіргі уақытта атой салып жүрген Мұрат Тілешов, Нұртас Кургулин, Олег Недашковский, Әзиз Анарметов сынды сайыпқырандарды тізе беруге әбден болады. Олардың ізін ала Қайрат Сүлей, Ерзат Кенбаев, Ұлан Қонысбаев, аяқдоптың Отаны болып есептелетін Англияның азулы командасы «МЮ» клубының даярлық мектебіне шақырту алған сақа ойыншы Бауыржан Байтаналарды айтпай кетпеуге тағы болмас.

 

Жетістіктері мен жеңілістері

Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері:

 

Ең үлкен жеңісі

Қазақстан чемпионаты

1993 — 9:0 («Мұнайшы»Ақтау)

 

Ең үлкен жеңілістері

Қазақстан чемпионаты

1999 — 0:7 («Жеңіс»Астана)

 

Тараз футбол клубы —Қазақстан Премьер Лигасында, ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Тараз қаласының орталық стадионы клубтың базасы болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға