Жаңалықтар

Түркияда ерлер де декретке шығатын болды

Түркияда әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында ата-аналардың декреттік демалысы ұзартылатын болды. Осыған байланысты әйелдермен қатар ерлерге де декреттік демалыс алуға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл жайында haber7.com хабар таратты. Түрік әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыру науқаны аясында әрі әр үйде бала санын кем дегенде үш балаға дейін көбейту мақсатында осы елдің отбасы істері және әйелдер саясаты жөніндегі министрлігі аяқ-қолын бауырына енді алған аналардың өмірін едәуір жеңілдететін жаңа заң жобасын әзірледі. muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш нормативтік-құқықтық актінің артықшылығы сонда, босанғанына екі айдан төрт ай өткенге дейін әйелдердің бала күтіміне қатысты ақы төленетін демалысы ұзартылатын болады. Ең бастысы, емшектегі сәбиді қарау үшін ерлерге де демалыс алу құқығы берілмек. Бұл заң жобасы бойынша ер-азаматтарға әйелдерімен бірге бір мезгілде демалыс алуына да немесе оны кейінге қалдыруына да жағдай жасалған. Емшектегі сәбиі бар әйелдер жұмысқа шыққаннан кейін белгілі бір уақыт аралығында жұмыстан кешігуіне де, сондай-ақ, жұмыстан ерте кетуіне де рұқсат берілген. Сонымен қатар, егер жұмысына залал келмейтін болса, олардың үйінде отырып, жарты ставкамен жұмыс істеуіне де жағдай қарастырылған. Жаңа заң жобасындағы кейбір өзгерістер жұмыс берушілерге қатысты енгізіледі. 100-150 әйел жұмыс істейтін кәсіпорындарда міндетті түрде балалар бақшасы ашылатын болады. Muslim.kz
08.04.2013 12:06 3262

Түркияда әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында ата-аналардың декреттік демалысы ұзартылатын болды. Осыған байланысты әйелдермен қатар ерлерге де декреттік демалыс алуға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл жайында haber7.com хабар таратты.

Түрік әйелдердің әлеуметтік белсенділігін арттыру науқаны аясында әрі әр үйде бала санын кем дегенде үш балаға дейін көбейту мақсатында осы елдің отбасы істері және әйелдер саясаты жөніндегі министрлігі аяқ-қолын бауырына енді алған аналардың өмірін едәуір жеңілдететін жаңа заң жобасын әзірледі.

muslim.kz сайтының жазуынша, аталмыш нормативтік-құқықтық актінің артықшылығы сонда, босанғанына екі айдан төрт ай өткенге дейін әйелдердің бала күтіміне қатысты ақы төленетін демалысы ұзартылатын болады. Ең бастысы, емшектегі сәбиді қарау үшін ерлерге де демалыс алу құқығы берілмек. Бұл заң жобасы бойынша ер-азаматтарға әйелдерімен бірге бір мезгілде демалыс алуына да немесе оны кейінге қалдыруына да жағдай жасалған.

Емшектегі сәбиі бар әйелдер жұмысқа шыққаннан кейін белгілі бір уақыт аралығында жұмыстан кешігуіне де, сондай-ақ, жұмыстан ерте кетуіне де рұқсат берілген. Сонымен қатар, егер жұмысына залал келмейтін болса, олардың үйінде отырып, жарты ставкамен жұмыс істеуіне де жағдай қарастырылған. Жаңа заң жобасындағы кейбір өзгерістер жұмыс берушілерге қатысты енгізіледі. 100-150 әйел жұмыс істейтін кәсіпорындарда міндетті түрде балалар бақшасы ашылатын болады.

Muslim.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға